"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

07.02.2017
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Ғұмырдария» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін  ІХ Республикалық Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан және өлеңіне жазылған әндерден балалар арасындағы байқаудың өту ережесін Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы алған сәттен бастап белгіленген номинациялар бойынша мектеп мұғалімдері оқушылармен қызу дайындық бастап кетті. Ережеге сәйкес дайындалған топ Семейден Алматы шаһарына жол тартты.

Жүрек дірілінде құлын жырларын кісінеткен ұландардың Алатаудың мұзбалағына деген сағынышы байқалып, аққудың қанатына жыр жазған Мұқағалиға құрметі ерекше көрінді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылардың байқауға өте мықты дайындықпен келгендіктері білініп-ақ тұрды. ҚР-ның кино қайраткері, ҚР кинематографиясының үздігі Шаяхмет Имашұлы төрағалық еткен қазылар алқасының құрамында Мұқағалидың келіні Бақытгүл Айдарова, ақын Бақыт Дәлденбаев, балалар байқауының авторы Айман Тоқтарбекқызы мен продюсер Болат Есіркепов болды.

«Көркемсөз» номинациясы бойынша қатысушы ақынның екі бірдей өлеңін нақышына келтіріп айтуға тиіс болатын-ды. Әртүрлі тақырыптағы өлеңдерін бірінен кейін бірі оқыған жүйріктердің барлығы да «сен тұр, мен атайын» дегендер. Болмысты да, болмасты да армандау керектігін ел ойына салып, бұлқынып жатқан сәбидің пішінін суреттеп берген Алуа Алпанованы қазылар алқасы жоғары бағаласа, бақыттың не екенін түсіндіріп, «Махамбет, Абайлар» деп жар салған Әмина Ермекова көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Дараланған қос қатысушының әрқайсысы Семейдің қанжығасын бас жүлдемен толықтырды. Ақынның қайсар рухты жырларын халыққа жеткізе білген Бекнұр Сарқытқанұлы мен Қасымды жырлаған Алина Мұратқан І орынды еншілесе, Мақатаевтың поэзиясымен сусындаған Дана Мүкпенова ІІ орынға ие болды. Ал «Шұбат пен ботаны» оқыған  Ақбота Амангельдинова ІІІ орынмен марапатталды. Аталған оқушылар кіші және орта топ бойынша жүлдеге ие болса, жасөспірім топ қатысушысы Еркежан Тұрсынғалиева анасының бақытты екендігін жүректен жүрекке жеткізіп, бас жүлдеге ие болды.

Тұрсынғазы Рахимовтың әніне жазылған ақынның «Қазағым-ай» әнін Эльдана Таурбаева орындап, І орынды, «Бақыт деген…» әнін Әмина Ермекова шырқап, ІІІ орынды жеңіп алды. Қос жұлдыздың екінші қосымша әндері балалар композиторы Алтын Маханбетованың қорынан болғандығын ескерте кетуді жөн санаймын. Жанар Ашманқызы Айтбаеваның жетекшілігімен дайындалған «Тұяқ» биі мен ақынның «Туған өлке» әніне қойылған композиция жоғары көрсеткішке ие болып, бас жүлдемен марапатталды.

Ұйымдастырушы топтар, қазылар алқасы марапаттау барысында Семей ұландарының өте жоғары деңгейдегі дайындықпен келгендіктерін атап өтіп, өзгелерге үлгі етіп, Абай, Мұхтар, Шәкәрім туған жерге ыстық сәлемдерін жолдады. Өз ісінің мамандарынан мақтау естіген Аманов мектебінің оқушылары қуанып, жетекшілері де еңбектерінің жемісін көрді. Оқушыны басынан аяғына дейін дайындап, әрбір сөзін нық айтқызып, киім киісіне, тұрысына, сахна мәдениетіне ерекше көңіл бөлген ұстаздардың қатарында Ж.Дүсебаева, М.Ажгожина, К.Қағазбаева, Б.Нұрғалиев, Ж.Айтбаева, Д.Байболова бар. Балаларын шыңдап, аталмыш байқауға қатыстырып отырған мұғалімдерге және үнемі қолдау көрсетіп отыратын мектеп директоры Б.Құрманғалиеваға ата-аналардың алғысы шексіз. Бір аптаға созылған сапарда оқушылар Алматы қаласында, байқаудан тыс, өмірлеріне азық болатын кітапханалар мен мұражайларға барып, түрлі көрмелермен танысты. Мұқағали Мақатаев туралы білімдерін толықтырып, ой-өрістерін кеңейтіп қайтты.

Д.ОРАЛБАЙ,

Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

13 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

13 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

17 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС