"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Даниал АХМЕТОВ: Мемлекеттік тілдің өркендеуі өз қолымызда

10.02.2017
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 8 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапарымен келді. Даниал Кенжетайұлы бұл жолғы сапарында шаһардың сол жағалауындағы Мелькомбинат алаңында өткен жылдың соңында пайдалануға  берілген көп қабатты екі тұрғын үймен танысты.

Тұрғын үй құрылысы Шығыс Қазақстан облысының өңірлік бағдарламасы аясында бой көтерген.

— 2015-2016 жылдары Семейде құрылыс қарқынды түрде жүргізілді. Осы уақыт  аралығында «Ертіс» әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және ШҚО әкімдігінің бірлескен жобасы арқылы 5 көп қабатты тұрғын үй бой көтерді. Соның ішінде Мелькомбинат ауданындағы 54 және 81 пәтерлі екі тұрғын үй де бар. Пәтерлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы салымшыларға беріліп жатыр. Алғашқы қоныстанушылар қоныс тойын да тойлап үлгерді. Тұрғындар құрылыс сапасына ризашылықтарын білдіруде. Жалпы, қаладағы соңғы жылы салынған 5 үйді тұрғызған «Азия» фирмасы мен «Сәт Транс» ЖШС құрылысты монолит және кірпішті пайдалану арқылы жүргізіп, жұмыстарын  уақтылы әрі сапалы түрде  абыроймен атқаруда,- деген «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ төрағасы міндетін атқарушы Болат Акужанов ағымдағы жылы Қарағайлы ықшам ауданында 10 көп қабатты үй тұрғызу көзделіп отырғанын, ол үйлер де ШҚО әкімдігі, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның үш жақты келісімі аясында берілетінін айтты.

— Жаңа үйлер тұрғындардың да талабынан шығып, сұраныстарын қанағаттандырып отыр,- дейді «Сәт Транс» ЖШС қызметкері Әділет Бордатқанов. — Мелькомбинат алаңы, 1 мекенжайындағы 9 қабатты үйде екі және үш бөлмелі 54 пәтер бар. Сол пәтерлердің бірі біздің отбасымызға бұйырыпты. Мен құрылыспен айналысқан мердігер мекеменің қызметкерімін. Құрылысты бастан-аяқ бақылағандықтан және сапасы көңілімнен шыққандықтан, өзім де осы үйден «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы пәтер алуға бел байладым. Ең бастысы, 72 шаршы метрлі 3 бөлмелі пәтеріміз жылы, кең әрі жарық, өзіміз қалағандай.

Облыс әкімі де жаңадан қоныстанған тұрғындардың пікірін тыңдап, тұрғын үй құрылысына жоғары баға берді.

— Семей қаласы тұрғындарының «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы белсенді түрде баспаналы болуға талпынатындарына біз қуаныштымыз. Алдағы он жылда әр жыл сайын Семей қаласында 1 200 және мейлінше одан да көп пәтер тұрғызу көзделіп отыр. Яғни халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін әр жыл сайын Семей қаласында біз 10 млрд. теңгенің қаржысына үй тұрғызатын боламыз. Сондықтан бұл жобалар мені қуантады.

Ағымдағы жылы Қарағайлы ықшам ауданында белсенді түрде тұрғын үйлердің құрылысын бастамақпыз. Баспана ғана емес, ол аумақта өзге де бірнеше нысан бой көтереді. Келешекте Қарағайлы Семей қаласындағы ең келбетті, ең көрікті аудан болатынына сенімдімін. Уақыт өте келе Семейдің ғана емес, аймақтың мақтанышына айналады деген ойдамын,- деді Даниал Кенжетайұлы.

Сонымен қоса аймақ басшысы қаладағы мәселелердің басым көпшілігі алдағы екі жылда шешімін тауып қалады деген пікірін білдіріп, Семей шаһарын қаржыландыру көлемі артатындығын айтты. Десе де әкімдік пен кәсіпкерлер де тыңғылықты жұмыс істеуге тиіс екендігін ескертуді ұмытпады.

Тәуліктің екінші жартысында Даниал Ахметов қала әкімі Ермак Сәлімовтің халық алдындағы есеп беру кездесуіне қатысты.

Қала басшысы өз есебінде барлық салаларға тоқталып, Семей Мешін жылында мейлінше жағымды көрсеткіштерге қол жеткізгенін атап өтті. Өткен жылды қорытындылаған әкім ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Ермак Бидахметұлының есебінен соң семейлік тұрғындар көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдады.

«Алтай» футбол клубының жанкүйері Серікбай Әлібекұлы «Спартак» және «Восток» футбол клубтарының орнына құрылған жаңа клубтың Премьер — лигадан аластатылғаны көпшіліктің көңіліне қаяу салғанын жеткізді:

— Аяқдоп жанкүйері ретінде өзіңізге сауал жолдамақпын. «Алтай» командасы тараздықтарды ойсырата жеңгенде, бөркімізді көкке атып, қуанған едік. Біз, жанкүйерлер, команданы үнемі қолдап, өзге қалалардағы жарыстарына барып, шашбауларын көтердік, алдағы уақытта да жанкүйерлік етуге дайынбыз. Алайда қуанышымыз ұзаққа созылмады. Құрметті Даниал Кенжетайұлы! Өзіңіз негізін қалаған «Алтай» футбол клубы ел  чемпионатының Премьер — лигасынан аластатылды. Осы жағдайға байланысты, мәселені қолға алып, оң шешімін қарастыруыңызды сұраймыз,- деді.

— Футболды барлығымыз жақсы көреміз. Десе де осы салада бірсыпыра мәселелер бар. Өткен жылы біз екі клубты қосып, отандық футболдың өркендеуіне жағдай жасадық. Қаржыландыру қарқынын арттырып, білікті жаттықтырушы шақырттық. Қаржы мәселесін қарастырғанымызда түсініксіз жайттар орын алғандығын байқадық. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттің қаржысы оңды-солды жұмсалған. Біздің тағар мініміз бар. Клуб басшысы кім екендігі белгісіз, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының келісімінсіз команданың жаттықтырушысы ауыстырылған, осы тектес мәселелер бар. Сондықтан, құрметті жанкүйерлер, өз клубтарыңыздың басшысымен мәселенің мән-жайын анықтаңыздар,-  деген Даниал Кенжетайұлы облыс басшылығы да бұл мәселеге бейжай қарап отырмағандығын жеткізді.

Жиында зейнеткерлер атынан сөз алған Бақыт Оразаева «Солтүстік» сауда – логистикалық орталығындағы жәрмеңкеге халық барғанымен, дорбаларын арқалап қоғамдық көлікке дейін біршама жолды жаяу еңсеретіндігін атап өтіп, Энергетикке қатынайтын қоғамдық көліктер орталықты жанай өтетіндей өзгеріс жасалса деген  тілектерін айтты.

Қар тазалау мәселесі де есептік кездесуде айтылмай қалмады. Оксана Шишкина есімді қала тұрғыны:

— Айтыңыздаршы, жеке сектордағы үйлердің тұрғындары қарды қалай шығаруы керек? Инспекторлар үй аралап, қар шығарылмаса,  22 мың теңге айыппұл салынатынын ескертуде. Ал қарды шығару үшін көлік 10 мың, ал тиеуші 8 мың теңге сұрайды. Халықтың қалтасы бұл қаржыны көтермейді. Сонда қайтпек керек?- деген сауал қойды, бұл сауалға орай Ермак Бидахметұлы 80 мың шаршы метр қарды шығару үшін қала қазынасынан 90 млн. теңге бөлінгендігін атап өтіп, жеке секторлар мәселесі де қарастырылатындығын мәлімдеді.

Сондай-ақ  әкімнің есептік кездесуінде мән-мағынасы жоқ көше атауларын Алаш арыстарының және елге еңбегі сіңген қайраткер азаматтардың есімдерімен қайта атау, Восход кентіндегі және басқа да бірқатар көшелерді жарықтандыру мен жолын жөндеу, асфальт төсеу мәселелері көтерілді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Даниал Ахметов Мемлекет басшысының Үндеуі мен Жолдауына тоқталды.

— Мемлекет басшысының Үндеуі және кезекті Жолдауы демократиялық даму жолын таңдаған Қазақстанның жаңа дәуірінің басталғанын көрсетеді. Жолдау Қазақстан халқының алдына жуық арада орындалуы қажет негізгі басымдықтар мен кешенді міндеттерді айқындап берді. Жаңа технологияның негізгі кілті – адами капитал, яғни сіз бен біз. Денсаулық, білім —  капитал көзі. Негізгісі – білім. Елбасы айтқандай, әлемде жаңа ақпарат, жаңа технология қай тілде болса, сол тілді меңгергендер көш басында. Ресей елі де алға басып жүр. Олармен қай тілде сөйлесеміз? Яғни бізге үш тіл керек. Болашақ үштілділікте. Осы бағытта жұмыс істеуіміз қажет. 25 жылдың ішінде бірде-бір орыс баласы толыққанды қазақ тілін меңгермеді. Неге? Бізде білікті мамандар бар ғой… Бірақ біздің әдістемеміз дұрыс емес. Қазақ тілін оқыту әдістемесі дұрыс болса, мыңдаған бала қазақ тілін білуші еді,  қазір біз оны өзгерттік.Мемлекеттік тілдің өркендеуі өз қолымызда, — деді Даниал Ахметов.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

58 минут бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

8 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

8 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

9 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

9 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

24 часа бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 день бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 день бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 день бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС