"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

13.02.2017
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Айтпай келген апатқа ұшырап, баспаналары түгелдей отқа оранған Х.Дүйсенов көшесіндегі №57 үй тұрғындарына аудан халқы тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Арнайы комиссия құрылды, төрағасы — аудандық мәслихаттың хатшысы Сейілбек Ысқақов. Жұмысшы тобы да құрылып, тазалау жұмыстары басталып та кетті.

Жайсыз жағдай орын алған соң, аудан әкімі Бақытжан Байахметов қыстың көзі қырауда баспанасыз қалған азаматтарға көмек көрсету мақсатында бірнеше қабылдаулар мен жиындар өткізген еді. Ақпанның 9-ы күні қызмет бабымен Аягөзге келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов үйсіз қалған тұрғындармен кездесті.

— Қайырымдылық көрсету — әркімнің азаматтық парызы. Мен өз тарапымнан арнайы ашылған есепшотқа қайырымдылық мақсатында 500 мың теңге қаржы аударамын. Үйсіз қалған тұрғындардың баспанасын қалпына келтіру, салу үшін барлық аудан тұрғындары да өз мүмкіндігінше атсалысады деген ойдамын. Қорға жиналған қаржыға қатаң бақылау болсын. Қамкөңіл ағайынды демеу мақсатында жиналған ақшаның ешқандай талан-таражға түспеуін бақылаңыздар. Астанаға барғанда Үкіметке және облыс әкімдігіне өз тарапымнан хат жолдайтын боламын. Әрине, олар да заң талаптарына сәйкес қолдайтын болады. Салынатын үйдің сапалы болуын қадағалап,  тұрғындарды алаламай, барлығына бірдей көңіл бөлуді назарда ұстаңыздар. Ешкім де мұндай жағдайды қалаған жоқ. Ең бастысы, адам шығыны жоқ, соған қуанамын. Алаңдамаңыздар, бұл мәселені мен назарымнан тыс қалдырмайтын боламын. Барлықтарыңыз шыдамдылық танытып, береке-бірлікте жұмыс істеңіздер, — деді халық қалаулысы Нұртай Салихұлы.

Тұрғындар да өз тарапынан баспаналары өртенгеннен бастап мүмкіндігінше қолдау танытып, демеу көрсетіп жүрген аудан әкімі Б.Байахметовке, аудандық мәслихат хатшысы С.Ысқақовқа және жұмысшы тобына, сонымен бірге арнайы кездесіп, ашылған есепшотқа алғашқы болып көлемді ақша аударған Нұртай Салихұлына да шексіз алғыстарын айтты.

Осы орайда айта кеткен жөн, бірер күн бұрын Үржар ауданында да осындай қайғылы оқиға орын алып, көп пәтерлі тұрғын үй толығымен жанып кетті. Оған да Нұртай Салихұлы 500 мың теңге ақшалай қолдау көрсеткен екен.

Е.ДАЙЫРБАЕВ,

Аягөз ауданы.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

5 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

5 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

5 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

5 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС