"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА БЮДЖЕТІНДЕ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

24.02.2017
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

21 ақпан күні Семей қалалық мәслихатының кезектен тыс он бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Мұхамедқали Сатов, қала әкімі Ермак Сәлімов, қалалық прокуратура өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық әкімдіктің дербес салалық бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сессия жұмысы басталмас бұрын, жиынға арнайы қатысқан Мұхамедқали Сатов бүгінгі Қазақстанның дамуы, Мемлекет басшысының салиқалы саясаты жайында пікір білдірді.

— Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында дамудың даңғыл жолына түстік. «Қазақстан-2050» Страгегиялық бағдарламасын кешенді түрде жүзеге асырып жатырмыз. Бұл тұрғыда семейліктердің де еңбегі еселі,- деді Мұхамедқали Құсайынұлы.

Ел дамуына Ертіс жағалауындағы халықтың да сүбелі үлес қосып отырғандығын айтқан Мұхамедқали Сатов жергілікті Ұлттық ұлан әскеріне қолдау танытып, бірлесе жұмыс атқарғаны үшін, қала әкімі Ермак Сәлімовке, қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковқа ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен «Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл» төсбелгісін табыс етті. Содан кейін жуырда Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы болып тағайындалған Бақтияр Сәлімовті халық қалаулыларына таныстырды.

Сессия жұмысында екі мәселе қаралды.

Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Семей қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу жайлы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова баяндама жасады.

2017 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша, қала бюджетінің көлемі кәсіпкерліктің кең қанат жаюының арқасында 370 млн. 572 мың теңгеге артқандығын атап өткен Гүлжан Қайырханқызы дербес салалар бойынша бюджетке енгізілетін өзгерістерге тоқталды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының мәліметіне сүйенсек,  Мелькомбинат алаңындағы тұрғын үйдің инженерлік желілер құрылысына,  Қарағайлы ауданына жоғары вольтты желі тартуға, қала көшелерін жарықтандыруға, №1 ЖЭО-ны қайта жаңғыртуға, Восход кентіне су құбырларын тартуға, қала көшелеріне дренажды суағарлар жүргізуге қаржы қарастырылған.

Сонымен қоса Гүлжан Алтынбекова қала көшелерін қардан тазарту мақсатында 89 миллион теңге қаржы бөлінетіндігін атап өтті. Сессияға қатысқан халық қалаулылары бюджетке енгізілген өзгерістерді бір аузыдан қолдады.

Сондай-ақ сессия отырысында Семей қаласының сәулет-қала құрылысы кеңесінің дербес құрамы бекітілді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

57 минут бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 час бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

5 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС