"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЛАКӨЛДЕ ДЕМАЛУҒА КЕДЕРГІ ЖОҚ

28.02.2017
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Айдынды Алакөлде демалыс аумағын абаттандырып, туризмді дамыту бүгінде басты назарға алынған. ШҚО әкімі Даниал Ахметов 22 ақпан күнгі халық алдындағы есептік кездесуінде Алакөлдің жағалауында туризмді дамытуды ерекше бақылауға алатынына тағы да тоқталып өтті. Есептік жиында аймақ басшысы демалыс аумағына өзінің екі мәрте барғанын, арнайы құрылған жұмыс тобы санитарлық, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілерін көптеп анықтағанын атап өтті. Сонымен қатар Даниал Кенжетайұлы тексерістің қорытындылары бойынша атқарушы орган әр кәсіпкермен анықталған кемшіліктерді келесі демалыс маусымы басталғанға дейін жою туралы меморандум бекіткенін айтты. Аймақ басшысы өз сөзінде кәсіпкерлер, қызметтерін заң талаптарына сәйкестендірумен қатар, иеліктеріндегі нысандарды абаттандырып, демалушыларға қолайлы жағдай жасауға тиіс екендігін баса айтты.

Аталған мәселе бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің Алакөлдің маңында орналасқан көптеген демалыс базаларына жаңа маусымда келушілерді қабылдауға тыйым салғаны туралы хабарланды. Ал ШҚО туризм басқармасы мен ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің түсіндіруінше, кәсіпкерлердің жұмысын тоқтатып, ешкімге де көлге баруға шектеу қойылмаған. Оның үстіне шипажайда демалу мерзімі маусым айының ортасынан басталады. Мәселе демалыс аймағындағы нысан иелері мен жергілікті атқарушы билік өкілдерінің ортақ меморандумға келуіне қатысты болып отыр. Меморандумға сәйкес, кәсіпкерлер құжаттарын, санитарлық талаптарды белгілі бір мерзімде ретке келтіріп, демалушыларға жағдай жасаулары қажет.

Аталған заң бұзушылықтар 2016 жылы демалушылардан түскен шағымдар негізінде анықталған. Ортақ келісімге сай, кемшіліктер алдағы маусымға дейін жойылған жағдайда, кәсіпкерлерге шектеу қойылмайды.

Осы ретте  біз Үржар ауданы әкімінің орынбасары Құсайын Сейітқановқа  жолығып, мәселенің мәнісін түсіндіруін сұраған едік. Құсайын Бейсенұлының айтуынша, жағалаудағы кәсіпкерлік нысандардың  санитарлық, өрт қауіпсіздігі және құрылыс жұмыстарының талаптарына сай болуы және кәсіпкерлік нысандардың маңайын заман талабына сай абаттандыру шараларын жүргізу туралы жеке кәсіпкерлермен кездесу жиындар  өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

— ҚР заңнамасына сәйкес, әр кәсіпкерлік нысанның талапқа сай құжатының болуы, санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауы, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге қатысты 160 кәсіпкерлік нысан иелерімен меморандумға қол қойылды. Меморандум шарттарына сәйкес, жеке кәсіпкерлер жазғы маусымның ашылуына дейін жоғарыда аталған талаптарды орындауға келісімдерін  берді,- дейді Құсайын Сейітқанов.

— Азаматтардың демалыс орындарын да абаттандыруды жалғастыратын боламыз. Сондықтан да Алакөл мен Сібені абаттандыруға 700 млн. теңге бөлінді. Сіздер алдағы уақытта жүргізілген жұмыстардың куәсі боласыздар. Жұмыстар тиісті деңгейде атқарылады деп ойлаймын. Алакөл көлін абаттандыруға тек биылғы жылы 550 млн. теңге бөлінеді. Жағдай жасайтын уақыт жетті. Сәйкесінше, кәсіпкерлер де талапқа сай жұмыс істеуге тиіс,- деп атап өткен болатын облыс әкімі Даниал Ахметов есептік кездесу барысында.

Асан МЫРЗАХАН,

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

6 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

6 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

10 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС