"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АНАЛАР — АСЫЛ ЖАНДАР

09.03.2017
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев көктемнің алғашқы айының мерейлі мерекесі 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні мейрамына байланысты Ақжар және Ақсуат ауылдарында салтанатты жиын өткізді. Аудан басшысы мерекелік жиында еліміздің егемендік алғаннан бергі жылдары жеткен жетістіктеріне отбасындағы алтын құрсақты аналардың, қыз-келіншектердің қосқан еңбек үлесі өлшеусіз мол екенін айтты.

Ел демографиясының дамуына елеулі үлес қосқан аналарға «Батыр ана», «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері тапсырылып, құрмет көрсетілді. Аудан әкімі қазіргі уақытта болашақ ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарап, аянбай еңбек етіп, отбасының ұйытқысы болған аналардың есімдірін атап, олар қандай құрметке болсын лайық екенін айтты.

— Әйелдер қауымының қоғамда алатын орны ерекше. Бұл біздің халқымыздың ананы ардақтайтын және аялайтын, қыздар мен қарындастарын айрықша құрметтейтін бұрыннан келе жатқан дәстүрі. Әйел — ошағымыздың ұйытқысы, Отанымыздың  сақтаушысы, береке-бірлігіміздің алтын діңгегі, ұлттық мәдениетіміздің  мәйегі,- деді аудан әкімі өз құттықтауында.

Бүгінде қай салада болмасын әйелдердің рөлі артып келеді. Себебі әйелдер мәселесінің гендерлік саясатпен үндесуі демократиялық дамудың ең басты алғышарттарының бірі екендігі басты назарда. Әйелдер саясатта немесе бизнесте болсын, экономиканың барлық секторында, шаруашылықтың әртүрлі салаларында ер-азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып өздерінің біліктіліктері мен іскерліктерін танытып келеді. Бүгінде ауданда екі  ауылдық округтің әкімі әйел болса, аудандық мәслихаттың 3 депутаты — әйел адам. Бізде 50 мектеп болса, соның 22-сінің директоры — әйел адамдар. Сонымен қатар 6 ірі мекеме, бірқатар кәсіпорындарды әйелдер басқарып отыр.

Ауданда, 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне байланысты, жыл сайын 259 «Батыр ана», 523 «Алтын алқа» иегерлеріне, 917 «Күміс алқа» иегерлеріне, 336 «Ана даңқы» иегерлеріне төрт бала және одан да көп баласы бар 1002 анаға — жиыны 2973 анаға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 28 млн. теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек беріліп отыр.

— Қымбатты аналар, апа-қарындастар! Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі»,- деп атап өтуі біздің қоғамдағы әйел-аналардың орнының биіктігін көрсетеді. Қазіргі кезде қоғамның кез келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Сіздер адал жар, қамқор ана, сенімді дос қана емес, сонымен бірге жақсы басшы, білікті маман, іскер ұйымдастырушы болып, заман талабына сай қызмет атқарып жүрсіздер. Бүгін біз сіздерге шын жүректен шыққан лебізімізді, ыстық ықыласымызды арнаймыз. Айтар әніміз де, сыйлар гүліміз де, шұғылалы тілегіміз де сіздерге арналады,-деді Ділдабек Оразбаев.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

19 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

19 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

23 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС