"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АНАҒА ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.03.2017
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Көктемнің алғашқы шұғылалы күндерімен қатар келетін 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, аудан әкімі Нұрлан Сыдықов нәзік жандыларға құрмет көрсетті. Бұл мереке биыл да жоғары дәрежеде өтті. Мерекелік шараға өңірдегі батыр аналар, еселі еңбегімен елге таныған жандар, іскер әйелдер қатысты.

Мәні мен мағынасы терең айтулы күнге орайластырылған мерекелік шарада ең алдымен еселі еңбегімен танылған түрлі сала иелеріне аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Құрметке ие болғандардың қатарында «Айсұлу» сауда кешенінің директоры Майра Ибиятова, Шалабай ауылдық округінің әкімі Жанар Есембаева, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Сәния Уахитова, Жаңғызтөбе кенті әкімі аппаратының бас маманы Гүлсім Бисатова Құрмет грамоталарымен марапатталды. Ал аудан әкімінің алғыс хаттарына түрлі саладағы нағыз еңбек адамдары — өз істерімен ерекшеленген нәзік жандылар ие болды. Олардың ішінде өмірге деген құлшынысымен көпке үлгі болып келе жатқан қол күресінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен республикалық жарыстың жеңімпазы Зарина Примак та бар.

Құттықтау сөзімен жиынды ашқан аудан әкімі Нұрлан Сыдықов киелі өңірдің өткен тарихына көз жүгіртіп, ондағы әйелдер қауымының еселі еңбектерін еске түсірді.

— Тарихқа зер салсақ, қазақ әйелі — тек қана ошақ басының иесі емес, бүкіл өмірін ұрпағын сақтауға арнаған, ерліктің үлгісін көрсеткен жан. Қолдарына найза ұстаған аруларымыз ерлермен тізе қосып жауға шапқан, бірі би, бірі шешен, бірі ел басқарған көсем болған. Зере сынды асыл аналар терең ақыл-парасатымен тұтастай бір қауымға қамқор, кеңесші, ел анасы бола білген. Зере әжеге туған өлкесінің бел ортасынан ескерткіш орнатылуын бүкіл ұлт аналарына деген құрметіміз деп білеміз. Жарма жерінде әйелдер арасынан шыққан танымал тұлғалар аз емес. Әйелдер қауымы қандай қызмет атқарса да ел игілігі мен отбасының қамын ұштастыра отырып, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетеді,- деді аудан әкімі өз сөзінде.

Мерекелік салтанатта Сұлусары ауылының тумасы, еркін күрестен Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы, қазіргі уақытта еркін күрестен еліміздің бас бапкері Алтай Танабаевтың анасы, бүгінде Алматы қаласында тұратын Гүлбаршын Танабаева, Шар локомотив депосының директоры, 2010 жылғы «Қамқор Менеджмент» ЖШС үздік басшысы атанған көптеген марапат иегері Жұмабек Бесенбаевтың анасы Нұркаш Бейсенова Жарманың «Асыл ана» төсбелгісінің иегерлері атанды. Сонымен қатар Шар қаласының тұрғыны Индира Иманғалиева, Әсел Омарова және Қапанбұлақ ауылының тұрғыны Балшекер Баймұханбетова «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды. Ұлағатты ұстаз, өз ісімен көпке үлгі бола білген аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Рәзия Серсенбаеваға Жарма ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

7 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

7 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

7 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

7 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

9 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

9 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС