"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ

13.03.2017

Өткен аптаның жұмасы күні Болат Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде грек-рим күресінен 2002-2004 және 2005-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында Жарма ауданының біріншілігі басталды. Балғын боз кілем шеберлерінің жарысына Жарма ауданына сапарлай келген Жақсылық Үшкемпіров қатысып, жастармен емен – жарқын жүздесу ұйымдастырылды. Қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы, аты аңыз, есімі мәшһүр спорт саңлағы жеңіске жету жолы турасында сөз қозғап, қызықты оқиғалары жайлы әңгімеледі.

— Бүгінгі байрағын көтеріп отырған жарыстың сендер үшін мәні мен маңызы зор. Бұл жарыс спорт шыңын бағындырудағы негізгі қадамдарың деп білемін. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі болған жасампаз елімізде талаптанған әрбір жасқа жол ашық. Бүгінде халық игілігіне жұмыс істеп тұрған спорт кешені талай спортшылардың томағасын шешеріне сенімім зор. Бұл да еліміздің қол жеткен жетістігі. Дәулет Тұрлыханов тарту еткен бұл орын — сендер үшін таптырмас олжа. Осы орынды игілікке жаратып, спорттың шыңын бағындырып, қазақ елінің туын байрақты бәсекелерде көтерулеріңе тілектеспін,- деді Жақсылық Үшкемпіров.

Боз кілем үстінде әлемге алаш баласын мойындатқан Дәулет Болатұлының ізін қуған өрендердің талабы таудай екендігіне көз жеткізген Жақсылық Үшкемпіров жас спортшылармен жақын тілдесіп, өз ақыл-кеңесімен бөлісті. Бүгінгі таңда Жарма ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалдары алты бірдей ауылдық, аумақтық бірліктерде табысты жұмыс істеп отыр. Әрбір мектептің намысын арқалаған өрендер боз кілем үстінде барын салып, жеңіске қол жеткізу үшін жинаған тәжірибелерін көрсетті.

Спорт кешенінің жалпы мүмкіндігімен танысқан даңқты спортшы, тиісті материалдық-техникалық базасы қалыптасқан кешенде тәрбие көріп жүрген балғындардың талай биіктерді бағындырарына сенім білдірді.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

18.11.2026
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кірістерді төмендету және жасыру фактілерін анықтау, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламаларды орындау...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

18.11.2026
Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

Қазақстанда ғылыми әлеуетті нығайтуға, зерттеу инфрақұрылымын дамытуға және отандық ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізуге бағытталған ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

18.11.2026
«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындардың өндірісі мен сатылымына толық тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.  Энергетикалық сусындар бүгінде көптеген қазақстандықтың күнделікті...

Толығырақ...Details

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

18.11.2026
Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді.  Жиында Almaty SuperSki жобасын жүзеге асыру барысы...

Толығырақ...Details

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

18.11.2026
Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

Қазақстан Республикасының Құрылтайында онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Түзетулер азаматтардың құқықтарын қорғауға, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

5 часов бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

6 часов бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

6 часов бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

7 часов бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

10 часов бұрын

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

10 часов бұрын

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

10 часов бұрын

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

10 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

10 часов бұрын

Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

11 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС