"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРІН ҰЛЫҚТАЙ БІЛГЕН ҰЛТ

16.03.2017
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында, 14 наурыз күні, Семей қалалық Достық үйінде дәстүрлі «Татар қызы-2017» және «Татар тағамдары» байқаулары өтті. Шараның мақсаты — аталған ұлттың мәдениеті мен дәстүрін жан-жақты таныту.

«Татар» қоғамдық бірлестігінің президиум мүшесі Райхангүл Закирқызы шараны ұйымдастыру арқылы ұрпақ сабақтастығын сақтаймыз дейді.

— Аталған шара биыл сегізінші жыл  ұйымдастырылып отыр. Біздің ұлттық киім үлгілеріміз, тағамдарымыз, салт-дәстүріміздің барлығы жастарға берілетін қазынамыз. Мүмкіндікті жіберіп алмас үшін, жасөспірімдерді шақырып, үлкендердің басын қосып, ұрпақ сабақтастығын орнатамыз. Бүгін дастарқан 40-қа жуық тағаммен көмкерілген. Аға буын осындай жүздесулерде жастарға бұл тағамдар қандай мерекеге орай, қалай дайындалатынынан ақпарат бере алады. Сондықтан шараның  маңызы зор,- дейді Райхангүл Закирқызы.

Байқауға 9 жастан асқан қыздардан бастап жоғары сынып оқушылары, колледждер мен университет студенттері, жалпы, барлық жастар  қатыса алады. Қатысушыларға қойылатын басты талап – ұлттық құндылықтарды ұлықтау. Яғни ұлттық киім үлгісін көрсету, татар тілін және ұлттық өнерін дәріптеу, сондай-ақ тағамдарын дайындау арқылы өз ұлттарына деген сүйіспеншіліктерін білдіру.

Үздік татар қызын анықтауға арналған байқауларға 6 жыл қатарынан қатысып жүрген 16 жасар Елена Балтачева жеңімпаз атану үшін емес, татар мәдениетін жаңғырту үшін сынға түседі екен.

— Байқауға ұзақ жылдар бойы қатысу арқылы мен татар халқының ұлттық құндылықтарын, өнері мен мәдениетін, тілін бұрынғыдан да жақсырақ меңгердім. Сонымен қоса бәліш, чак-чак, кабак бәліші және басқа да татар тағамдарын әзірлеуді үйрендім. Сынға түсудің арқасында осы уақыт аралығында сахна мәдениетін де меңгердім. Татар орталығында ұйымдастырылатын барлық байқаулар мен шаралардың маған берері мол болды. Менің ойымша, әрбір ұлт өкілі өзінің туған тілі мен өнерін, мәдениетін, дәстүрін, құндылықтарын білуі керек және оны көзінің қарашығындай сақтауы керек. Байқауға «Су буйлап» атты халық әнін дайындадым. Соңғы кездері халық әндері ұмыт болып бара жатыр. Бұл әнді орындау арқылы өзге қандастарыма, өзімнен кішілерге мұндай әннің бар екендігін паш етіп, оның атадан балаға мұра болып жалғасуына атсалысқым келеді. «Су буйлап» — әжелеріміздің жастық шағындағы сүйікті әндерінің бірі, ұлттық құндылық. Бұл ән ұмыт болмауы керек,- деді Елена Балтачева.

Ал татар асханасын таныстыратын дастарқанда қырыққа жуық тағам дайындалды.

Тарихына көз жүгірсек, татар асханасы тұзсыз, ашытқымен, май мен сүтке иленген, қышқыл, тәтті қамырлардан пісірілген тоқаштарымен аты шыққан екен. Татарларда игілік пен молшылықтың белгісі ретінде «икмэк» атты нан аталады. Ол нан да ақ дастарқаннан табылды.

Шара соңында  «Татар қызы — 2017» анықталып, үздіктер марапатталды. Сондай-ақ татар тағамдары бойынша үздік аруға «Татар асханасының жұлдызы» ауыспалы тәжі табыс етілді. Белсенді аспаздарға дипломдар берілді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

4 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

5 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

5 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

5 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС