"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗЕЙНЕТАҚЫҢЫЗ ӨЗІҢІЗГЕ ЖЕТЕ МЕ?

16.03.2017
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алдағы шілде айынан бастап зейнетақыңызға 13 пайыз қосылады. Осы ретте апта басында Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде зейнетақы төлеуді түсіндіру мақсатында арнайы жиын өтті. Оған еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Жанна Самұратова, ШҚО бойынша әлеуметтік төлем бөлімінің басшысы Райхан Барлықова, Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Азамат Құрманғалиев және зейнеткерлер қатысты.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап зейнетақы мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 9 пайызға көтерілсе, шілде айынан бастап зейнетақы мөлшері тағы 11 пайызға көтерілетін болады. Сондай-ақ базалық зейнетақы мөлшері де 20 пайызға артпақ. Өткен жылы 11 965 теңгені құраған базалық зейнетақы мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарында 7 пайызға өсіп, қазіргі уақытта 12 802 теңгені құрап отыр. Ал шілде айынан бастап базалық зейнетақы мөлшеріне тағы 13 пайыз қосылып, 14 466 теңге болмақ.

— Еліміз бойынша 2 миллионнан астам зейнеткер зейнетақыны өсіммен алатын болады. Қазіргі күні ШҚО бойынша 223 000-ға жуық зейнеткер болса, базалық зейнетақы алатын зейнеткерлер саны 224 000. Ал Семей қаласы бойынша зейнеткерлердің саны 50 мыңға жетіп жығылады. Зейнеткерлерге зейнетақыны жаңа жүйемен алу үшін ешқандай қосымша құжат әзірлеудің қажеті жоқ,- дейді еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті ШҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Жанна Самұратова.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгертілетін болады. Осы уақытқа дейін базалық зейнетақы, зейнеткерлердің еңбек өтілі мен еңбек табысына қарамастан, барлығына бірдей беріліп келсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы зейнеткерлердің еңбек өтіліне байланысты тағайындалатын болады. Еңбек өтілі 10 жылдан кем немесе еңбек өтілі жоқ адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы көлемінде базалық зейнетақы тағайындалады. Еңбек өтілі 10 жылдан асқан соң, әрбір жыл үшін базалық зейнетақыға 2 пайыз қосылып отырады. Еңбек өтілі 33 жылға жеткен кезде, ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең болып есептеледі. Осылайша, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі көп болса – базалық зейнетақы мөлшері көп, қатысу өтілі аз болса – базалық зейнетақы мөлшері аз, ал егер еңбек өтілі болмаса – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызына тең болатын әлеуметтік зейнетақы тағайындалады.

Сондай-ақ базалық зейнетақыны тағайындау кезінде 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі және 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезең есепке алынады. Бұл орайда аналардың 3 жасқа дейінгі балаларға, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға  күтім жасаған уақыты ескеріліп, сот шешімімен және куәлікпен расталады.

— Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға берілетін әлеуметтік жәрдемақы бүгінгі күні 9940 теңгені құрап отыр. Яғни төрт балалы отбасы мүшелерінің әрқайсысына бұл жәрдемақы мың теңгенің көлемінде айналады. Келесі жәрдемақының түрі — 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға, яғни тек балаларға берілетін жәрдемақы. Ол  1,05 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни 2316 теңге. Ал атаулы әлеуметтік көмек 2016 жылы орта есеппен 3113 теңгені құрады. Жәрдемақының үш түрі де әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға беріледі. Үшеуінің басын біріктірсек, әлеуметтік жағынан аз қамтылған бір отбасының алатын жәрдемақысы он сегіз мыңның айналасына жуықтайды. Балаларға берілетін жәрдемақы мен арнаулы әлеуметтік көмек жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беріледі,- деп атап өтті ШҚО бойынша әлеуметтік төлем бөлімінің басшысы Райхан Барлықова.

Райхан Барлықованың айтуынша, балаларға берілетін жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан кем (12 280 теңге), ал арнаулы әлеуметтік көмек ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызынан кем (8880 теңге) кіріс көретін отбасыларға беріледі.

— Бұл жәрдемақылардың мөлшері тым аз болғандықтан, отбасын кедейліктен алып шығуға қауқары жетпейді. Сондықтан 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда айтылған жәрдемақының үш түрі біріктіріліп, «арнаулы әлеуметтік көмек» деп аталатын болады. Арнаулы әлеуметтік көмек енді бұрынғыдай ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 немесе 60 пайызы арқылы өлшенбей, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан кем кіріс көретін отбасыларға берілетін болады. Төрт және одан да көп баласы бар отбасылар да бұл көмекті пайдалана алады,- деді ол өз сөзінде.

Жиында айтылғандай, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар алдағы уақытта жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы міндетті түрде қоғамдық жұмыстарға тартылып, оқу курстарын оқиды. Сондай-ақ оларға әлеуметтік көмек көрсететін арнаулы көмекшілер тағайындалатын болады. Олар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға құқыққа қатысты ақыл-кеңестер беріп, әлеуметтік көмек алуына жәрдемдеспек.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 час бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 час бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС