"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШАРТАРАПТАН ШАЛҚАР ТІЛЕК АҒЫЛЫП, ШАТ — ШАДЫМAН НАУРЫЗ КЕЛДІ ДЕСЕЙШІ!..

23.03.2017
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін Семей жұртшылығы да ерекше ықыласпен қарсы алды. Әсіресе қаланың Орталық алаңындағы мерекелік салтанат айрықша сипатта болды. Халықтар бірлігін, табиғат пен адамның жаңаруын білдіретін әз Наурыз шаһардың өзге де алаңдарында мерекеленді. Мерекеге орай қазақ киіз үйлері тігіліп, онда халқымыздың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарынан сыр шертетін көріністер мен жабдықтар көпшілік назарына ұсынылды.

Орталық алаңдағы салтанатты мерекені Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов құттықтау сөзімен ашты. Көпшілік алдына шыққан шаһар басшысы барша семейліктер мен қала қонақтарын осынау ұлық мерекемен құттықтап, Наурыз мейрамына ізгі тілегін білдірді.

— Ардақты ағайын, қымбатты жерлестер! Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз — жаңару мен жасампаздықтың бастауы. Семей өңірі бұл мерекені, жылдағы дәстүр бойынша, сән – салтанатымен, думанды тойымен, ән-жырымен қарсы алады. Ұлыстың Ұлы күнінде ел бірлігі, ұлттар достығы, қайырымдылық барынша насихатталып, дәстүрге құрмет көрсетілуі тиіс. Биылғы жыл үлкен саяси шараның өтуімен ерекше. Барша қазақстандықтар конституциялық реформаны қолдап, Жолдауға сенім білдірді. Себебі баянды болашақ бүгіннен басталады. Наурыз мерекесі Отанымызда өмір сүріп, еңбек етіп жатқан жұрттың ынтымағын нығайта берсін. Осы бір шуақты күні баршаңызға мықты денсаулық, молшылық тілеймін. Әр отбасында шат көңіл, бақыт, береке салтанат құрсын, — деді қала әкімі Ермак Бидахметұлы.

Құттықтаудан кейін қала басшысы жерлесіміз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Алматы қаласында өткен Универсиаданың жеңімпазы, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Галина Вишневскаяға «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медалін табыс етті. Көпшілік алдына шыққан семейлік спортшы Ұлыстың Ұлы күнімен қала тұрғындарын және қонақтарын құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

Осыдан соң Наурыз мерекесінің салтанатты ашылу рәсімі басталды. Қаланың үздік әртістері, шығармашылық ұжымдарының қатысуымен театрландырылған мерекелік қойылым ұйымдастырылды. Қазақтың этнографиялық тұрмыс-тіршілігінен мол мағлұмат беретін көріністер көпшіліктің көңілінен шықты. Батырлар көшін бастап келген Қызыр баба үлкен-кішіге батасын беріп, Самарқанның көк тасы еріп, көктемнің жылы шуағымен туған жер төсінде әуелеп ұшқан құстар әуені Ұлыстың Ұлы күнін паш етіп, жер-дүниеге бейбітшілік дарытып, құт-береке әкелсін деген тілегін жеткізді. Ал ұлттық киімдер киген мектеп оқушылары, колледждер мен қаламыздағы жоғары оқу орындарының студенттері зор даярлықпен келгендіктерін көрсетті.

Бұл күні ән де әуеледі, күй де күмбірледі. Жергілікті өнерпаз ұжымдар ұлттық және эстрадалық әндер орындап, мерекені тамашалаушы көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Баршамызға белгілі, Наурыз «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Наурыз айында күн мен түн теңеліп, табиғат түрленіп, жасарып, жайнайды. Наурыздың келуімен ел елжірей қуанып, дастарқан жайып, бірін-бірі құшақтап, құттықтайды. Ұлыстың Ұлы күні жаңа күн болғандықтан, көп жаңалық, қуаныш, игілік осы күннен басталуы тиіс. Наурыз тойында ән шырқалып, күй тартылады, жыр айтылады. Сөйтіп, жұрттың көңілі көтеріледі. Ондайда ұжымдасып, ұйымдасып өнер көрсетудің мәні зор. Ұлыстың Ұлы күні әрбір адам, бұрынғы реніш, өкпе-наразылығы болса, бәрін кешіп, бірін-бірі мейман етеді. Сый-сияпат жасалады. Қазақ халқының бірлігін насихаттайтын мерекеде осы дәстүрден семейліктер де жаңылған жоқ. Айта кетер бір жайт, Наурыз мейрамына орай, Орталық алаңда мерекені тамашалауға келген халық жағалай орналасқан қазақ үйлерден наурыз көже, қымыз, палау және басқа да қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Биылғы жылы Семей қаласы бойынша 40-қа жуық киіз үй тігілген болатын. Сонымен қатар қалалықтар мен қала қонақтарына балаларды атпен серуендету, жастарға арналған көңіл көтеру бағдарламасы, қаланың жетекші әртістері мен шығармашылық  ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік концерт, мерекелік сауда ұйымдастырылып, ұлттық тағамдардан дәм тату ұсынылды.

Айта кету керек, осы күні қаланың алаңдарында тігілген киіз үйлердің үздіктерін арнайы құрылған қазылар алқасы анықтаған болатын.Ұлттық үрдістің жарқын үлгісін көрсетіп, жасау-жабдығы, безендірілуі арқылы Наурыздың нақышын бейнелей білген, ұлттық тағамдарды үйлесімді әзірлеп, қонақ күтуде салт-жоралғыларды сақтай білген киіз үйлер қатары көп ұзамай анықталды. Нәтижесінде Орталық алаңда тігілген 19 киіз үйдің ішінен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің киіз үйі бас жүлдеге ие болса, қаланың сол жағалауында тігілген киіз үйлердің арасынан «Цемент зауыты» ЖШС киіз үйі үздік деп танылды. Жүлде иелері «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесін тамашалауға арналған арнайы билеттермен, бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Осылайша, қаланың әр ауданында, атап айтқанда, Орталық алаңда, Темір жол бекеті ауданында, Цементшілер кенті мен Әуезов алаңында Наурыз думаны айрықша сипатта өрбіді. Семейліктер Ұлыстың Ұлы күнін абыроймен өткізді. Осылайша, Орталық алаңдағы Наурыз думаны түс ауғанша толастаған жоқ. Қуанышты көңіл мен рухани ләззат сыйлаған бұл күнде жиылған қауым жылы лебіздерін бір-бірінен аямады. Ұлыстың Ұлы күнінде жоғары деңгейде өткізілген мерекелік іс-шараларға 20 мыңға жуық қалалық қатысып, ақ пейілмен, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

6 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

6 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

6 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

6 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

8 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

8 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС