"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДЕПУТАТТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ САЛА ЖҰМЫСЫНА КӨҢІЛДЕРІ ТОЛМАДЫ

31.03.2017
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

29 наурыз, сәрсенбі күні Семей қалалық мәслихатының кезекті он екінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Ермак Сәлімов, қала прокуроры Марат Турубаев, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қайноллан Мусин мен қала әкімінің орынбасарлары, қоғамдық ұйым өкілдері, қалалық әкімдіктің дербес салалық бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сессия жұмысы басталмас бұрын, жол ақысын көтеруге қатысты ешқандай құжаттардың қалалық мәслихатқа түспегені және бұл мәселенің сессия жұмысының күн тәртібінде қаралмайтыны хабарланды. Одан кейін қалалық мәслихат депутаты Қайрат Мирашев сөз алып, Семей қаласының 300 жылдығына қатысты өз пікірін білдірді. Халық қалаулысының айтуынша, таяуда депутаттардың атына зиялы қауым өкілдерінен хат келіп түскен. Хатта Семейде патша заманындағы қамалдың 1718 жылы салынғаны, ал шаһардың тарихы сонау ІХ ғасырдан басталатыны көрсетіліпті. Халық қалаулысы сондықтан келер жылы Семей қаласының 300 жылдығын тойлап ұятқа қалмай, мәселені барынша елеп-екшеп, бір шешімге келу керектігін айтып, тұшымды пікір білдірді.

— 2018 жылы Семей қаласының 300 жылдығын тойламақшымыз. Айталық, Тараз қаласының 2000 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық, ал Алматы шаһарының 1000 жылдық тарихы бар. Сол сияқты Семей шаһарының да тарихы сонау ІХ ғасырдан басталады. Сондықтан біз де көпшілікпен ақылдаса келе, келер жылы Семей қаласының 1000 жылдығы мен Семипалатинск қамалының 300 жылдығын атап өтуіміз керек деп есептеймін,- деді қалалық мәслихат депутаты Қ.Мирашев.

Ал қалалық мәслихат сессиясының күн тәртібінде алты мәселе қаралды. Алдымен Семей қаласының 2016 жылғы қала бюджетінің атқарылуы туралы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова баяндады. Одан кейінгі өзекті тақырып көктем – қыс мерзіміндегі жолдардың жай – күйі және олардың пайдаланылуы туралы болды. Аталған мәселе бойынша қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Юрий Пазынаның есебі тыңдалды. Бөлім басшысы еріген қар суын сору мен инертті материалдарды дайындауға қала бюджетінен 15 млн. теңге мөлшерінде қаржы бөлінгенін, бұл жұмыстармен мердігер «Хазипов» ЖШС айналысатынын жеткізді. Қысқа ақпараттан кейін халық қалаулылары сұрақ-жауапқа көшіп, бөлім басшысына қаладағы көктеммен келген бірқатар проблемаларды кезек-кезек тізіп шықты.

Депутаттардың бірі ескі көпірдегі көлік кептелісін қозғап, оны болдырмау үшін жылдамдықты шектеу керектігін ұсынса, енді бір депутат Интернационал көшесі бойындағы жер үсті өткелінің жайын білгісі келді. Жаяу жүргіншілер өткеліне қатысты жауап берген Ю.Пазына алдағы уақытта құрылысты жүргізетін мердігер анықталып, мәселе осы жылы шешімін табатынына сендірді. Халық қалаулылары сондай-ақ жол жөндеуге қатысты барлық ақпараттың бар екенін, дегенмен, БАҚ өкілдеріне түсінікті болуы үшін, ағымдағы жылы қандай көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтуді сұрады.

Қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенер болсақ, қала жолдарының сапасын жақсарту мақсатында 2017 жылғы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 200 млн. теңге жоспарланған, ал бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір қомақты көрінеді. Сондықтан жұмыстар да кеңінен атқарылмақ. Ал өткен жылы мүлде жүргізілмеген орташа жөндеу жұмыстары биыл қаланың 8 көшесінде атқарылмақ. Атап айтар болсақ, жақын уақытта Шәкәрім даңғылы, Б.Момышұлы, Интернационал, Абай, Ж.Шайжүнісов, М.Жұмабаев және Шмидт көшелері жаңа келбетке енеді. Ал бұл жұмыстарға 949,2 млн. теңге қарастырылып отыр. «Біз осылайша қаланың орталық бөлігін барынша қамтып отырмыз. Егер бұл жұмыстар сәтімен атқарылатын болса, келер жылы шеткері аумақтарға жөндеу жұмыстарын жүргізбекпіз», — дейді Юрий Пазына.

Сессияда депутаттар қалада көктем келісімен су алатын бірқатар көшелер мен аумақтарды да атап өтті. Айтуларынша, Боровой, Подгорная, Олимпийская көшелері мен Шығыс кентіндегі №12 және №42 мектептердің аумағында еріген қар суынан, мектеп оқушылары тұрмақ, үлкен кісілер үшін қатынас қиындаған. Жыл сайын қайталанатын осы құбылысқа депутаттар назар аударатын кез келгенін баса айтты.

Сонымен қатар мәслихат сессиясында сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының 2016 жылғы орындаған жұмысы жөніндегі есебі, Семей қаласында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат және қалалық мәслихаттың құқықтық мәселелер, депутаттық этика және өкілеттіктер жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі талқыланды.

Сессия соңында депутаттар күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешім шығарды.

Отырыс соңында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов сөз алып, сессияда көтерілген бірқатар мәселелерге жеке-жеке тоқталды. Келер жылғы мерейтойға қатысты өз пікірін білдірген шаһар басшысы аталған мәселенің шынымен де өзекті екенін, алдағы уақытта оны талқылауға салып, ғалымдармен кеңесу керектігін, ұсыныс – пікірлеріне құлақ асу қажеттігін атап өтті. Ермак Бидахметұлы ескі көпірдегі көлік кептелісі жайын да айналып өткен жоқ. Қала әкімі бүгінгі күні аталған көпірде ғана емес, қаланың басқа жерлерінде де мәселе туындап жататынына тоқталды. Ал ағымдағы жылы қаламыздағы ескі көпірді күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық — сметалық құжаты әзірленеді. Шаһар басшысының айтуынша, бұл – көпірді күрделі жөндеуден өткізу үшін республикалық бюджеттен қаржы алуға мүмкіндік береді. Қала әкімі ескі көпірді жөндеу қажеттілік екенін, бүгінгі күні ол бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді.

Ермак Бидахметұлы жолаушылар тасымалы мәселесіне қатысты да көзқарасын білдірді. Бұл тұрғыда қала басшысы тасымалдаушылардың 24 наурыз күні ғана емес, жалпы, қоғамдық көліктердің желіге шықпауы күнделікті орын алатын жағдай екенін және оның баршаға белгілі екенін айтты.

— Тасымалдаушылармен жол ақысы мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатқанымызға екі жыл болды. Біз әлі де оларға өз есептерін беруді сұрап отырмыз (жол ақысын көтеруге қатысты есептерді растайтын құжат — авт.). Тарифті көтеру керектігін түсінеміз. Есесіне тасымалдаушылар да қоғамдық көліктердегі мәдениетті сақтап, көліктердің жүйелі қатынасын қамтамасыз етулері керек. Сондықтан да біз бүгінгі күні қосымша келісімшарт әзірлеп жатырмыз. Аталған құжатта жоғарыда айтылғандардың барлығы нақты көрсетілетін болады,- деді Ермак Сәлімов.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

13.07.2026
Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мақаншы ауданында 2026–2027 оқу жылында жалпы 4549...

Толығырақ...Details

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

12.07.2026

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық...

Толығырақ...Details

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

12.07.2026
Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров жұмыс сапарымен Алакөл көлінің жағалауына барып, кәсіпкерлермен кездесті және туристік инфрақұрылым...

Толығырақ...Details

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

12.07.2026
Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

Абай облысында құқықтық реформалар аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету сапасын арттыруға және оны алу мүмкіндігін кеңейтуге басымдық беріліп отыр. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

6 часов бұрын

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

6 часов бұрын

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

1 день бұрын

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

1 день бұрын

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

1 день бұрын

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

1 день бұрын

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

1 день бұрын

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

1 день бұрын

Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді

1 день бұрын

Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС