"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ЖОСПАРЛАР МЕЖЕЛЕНДІ

11.02.2014
АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ЖОСПАРЛАР МЕЖЕЛЕНДІ
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімі Айбек Кәрімовтың сол жағалау тұрғындары алдындағы есептік кездесуі өтті. Жиынға облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы   Елена Григорьевна  Кузовлева  қатысты. Қала басшысы  жиналғандар алдында алдымен  Семейдің 2013 жылғы дамуының қорытындысы жайлы баяндады.  Мәселен, шаһарымыздың өзіндік табысы былтыр 12,1 миллиард теңгені құраған көрінеді. Бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 1,3 миллиардқа артық.

-Қала қазынасының көлемі көбейген сайын туындаған мәселелерді шешудің мүмкіндігі де арта түсетіні белгілі, өйткені көптеген түйткілдердің шешімі  қаражатқа келіп тіреледі,-деді Айбек Кәрімов.  Сонымен қатар, қала басшысы өткен жылы орта және шағын бизнес саласының ерекше дамығанын тілге тиек етті. Оның бір көрсеткіші ретінде қала қазынасындағы қаражаттың тең жартысына жуығын, яғни 47 пайызын, тура осы орта және шағын бизнес нысандарынан түскен түсім құрағанын атап өтті. Жергілікті бюджет табысының 8 пайызы жеке кәсіпкерлердің салығы десек, ширегі ірі кәсіпорындардан түскен қаражат. Қалған 20 пайызы тұрғындар салығы.

 

{jcomments on}Сондай-ақ, Айбек Кәрімов был-тырғы жылы тұрғын үй құрылысының көлемі де артып, бұл саладағы жұмыстар да қарқын ала бастағанын баяндады. Мәселен, 2011 жылы қолданысқа берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 40-50 мың, 2012 жылы 70-80, мың шаршы метрді құраса, былтыр бұл саладағы көрсеткіш 100 мың шаршы метрден асқан. Осылайша 2013 жылы баспанаға ие болған семейліктердің санының да көбейгені айтпаса да түсінікті. Осы орайда әкім қаламыздағы құрылыс комбинатының іске қосылуы  тұрғын үй құрылысының қарқынды жүргізілуіне мүмкіндік  беретінін атап өтті.

 

-Себебі, аталмыш кәсіпорынның іске қосылуы құрылыс саласындағы озық технологияларды игеруге көп септігін тигізеді. Сонымен қатар, әртүрлі мақсаттағы нысандардың құрылысына қажетті материалдардың барлығы дерлік өз қаламызда өндіріледі. Бұл да өз кезегінде қаладағы құрылыс индустриясының дамуына тың серпін беретіні сөзсіз,-деді Айбек Кәрімов. Сондай-ақ, қала басшысы, талай жылдан бері салынып бітпей, шаһарымыздың шырайын алып тұрған «сақалды» құрылыстардың да мәселесі көп ұзамай шешілетінін жеткізді. Биылдың өзінде жеке кәсіпкерлермен бірлесіп сол жағалаудағы көп қабатты 3 үйдің құрылысын толық аяқтап, қолданыс- қа беру көзделіп отырған көрінеді.

Жиын барысында әкім қаламызда машина құрастыру саласының да дамып келе жатқанын айтты. Осы саладағы ірі кәсіпорындардың бірі — Семей машина жасау зауытының жұмысының қарқыны артқан. Өнеркәсіп ошағының табысының еселенуіне негізінен Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясынан түскен тапсырыстар себеп болып отыр. Сонымен қатар, қаламызда машина жасау саласында былтырдан бері ғана жұмыс жасап келе жатқан жеке кәсіпорын «СемАЗ» зауыты бар. Құрылған сәтінен бастап ауыл шаруашылығы техникасын құрастырумен айналысатын кәсіпорын биыл 25 тонналық жүк көліктерін құрастыруды қолға алады деп жоспарлануда. Қазірдің өзінде өнеркәсіп орынына 1000-нан астам жүк көлігіне тапсырыс түсіп отыр. Осындай кәсіпорындардың саны артып, дамуы қала экономикасына оң әсерін тигізеді ,-деді қала әкімі.

Кездесуде ауыл-шаруашылығы саласындағы жетістіктер туралы да айтылды. Соның ішінде қала әкімі мал санының көбейіп, егістіктердің көлемі ұлғайғанын тілге тиек етті. Жалпы алғанда былтырғы жылы ауыл шаруашылығы саласында 19,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілген.

-Бүгінгі таңда біз өзімізді азық-түлікпен толық қамтамасыз етіп отырмыз. Бұлай деуімізге  көкөністерді  ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін қоймалардың жеткілікті болуы себеп. Ет пен сүт өнімдеріне қатысты да тура осылай дей аламыз. Әсіресе, құс етімен қамтамасыз етуде үлкен табысқа қол жеткіздік. Былтырғы жылы құс фабрикаларын қайта жаңғыртудан өткізгеннен кейін біз тіпті, құс етін экспорттауға мүмкіндік алдық»,- деді Айбек Кәрімов.

Қала басшысы назар аударған тағы бір мәселе бала бақшадағы орындардың жетіспеушілігі. Алдағы 4-5 жыл көлемінде мектепке дейінгі нысандардың аздығы салдарынан 10 мыңға тарта бүлдіршіннің  бақшаға бара алмай қалуы мүмкін.  Тұрғындарды толғандырып жүрген осынау өзекті мәселені шешудің екі жолы атап айтылды. Біріншісі әрине, болашақта салынатын бала бақшалардың санын арттыру. Оның ішінде мемлекет пен кәсіпкерлердің серіктестігінің негізінде. Екіншісі, қараусыз қалған нысандарды жөндеуден өткізіп, қолданысқа беру.

Қала әкімі есептік баяндамасында білім беру саласына қалада көп көңіл бөлініп келе жатқанын тілге тиек етті.  Өткен жылы бұл салаға 7 миллиардтан астам теңге бөлінген. Дей тұрғанмен, түйткілді мәселелер де бар. Осы бастан мектеп санын көбейтпесек, 4-5 жылдан кейін 5 мыңға жуық оқушыға орын жетпей қалуы мүмкін. Сондықтан,  жуық арада Бобровка, Степной, Комсомол кенттерінің аумағында жаңа мектептер салу жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау саласының хал-ахуалы да жылдан-жылға жақсарып келе жатыр деді қала әкімі жиын барысында. Былтыр бұл салаға 13 миллиардтан астам қаражат бөлінген. Әлбетте, ақшаның көп бөлігі жаңа медициналық нысандар салу мен құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалған. Атап айтқанда, көпбағытты емхананың құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Сондай-ақ, жекеменшік 4 медициналық нысан ашылды. Бұның өзі қалада кәсіпкерліктің дамуына жағдай  жасалғандығын көрсетеді.

Өз сөзінде Айбек Кәрімов еліміздің тұрақты түрде өркендеп дамуы үшін қоғамда бірлік пен ынтымақтың сақталуы маңызды екенін атап өтті. Осыған орай қала басшысы қаламыздағы әр түрлі деңгейдегі қоғамдық ұйымдардың бұл бағытта белсенді жұмыс жасап жатқандарын тілге тиек етті. Діни бірлестіктер  де мұндай жұмыстан шет қалған жоқ деді қала әкімі. Сондай-ақ, былтырғы жылы қалада ұйымдастырылған мәдени шараларға тоқталып, олардың барлығы жоғары деңгейде өткенін айтты.

Қаланың әлеуметтік-эконмикалық дамуы жайлы ақпаратқа қаныққан тұрғындар  жиын барысында өздерін алаңдатқан сұрақтарды қойды. Мысалы, Суық бастау кентінде су мен жарық тарту мәселесі сөз болды. Қала әкімі Большое су құдығы жөндеуден өтіп болған соң ауыз су мәселесінің шешілетінін жеткізді. Көшелерді жарықтандыруға келетін болсақ, бұл мақсатқа 900 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, қала басшысы, аталмыш кентте бас жоспарға сәйкес  көпқабатты  үш тұрғын үй салу көзделіп отырғанын айтты.

Бобровка саяжай алқабында дәрігерлік амбулаторияның жоқтығы сөз болды. Денсаулық сақтау нысанының құрылысы наазарымызда, таяу арада бастау жоспарымызда да бар деп жауап берді Айбек Кәрімов. Бобровка саяжай алқабына қатысты тағы бір мәселе  — көлік қатынасының нашарлығы. — Қоғамдық көліктің бағыты қашан түзеледі? деген сауалға қала басшысы шаһардың шетіндегі аудандарда тұратын      халықтың орталыққа қатынауын жеңілдететін маршруттың ойластырылып, іске қосу мүміндіктері қарастырылып жатқанын жеткізді. Бір айта кетерлігі, бұл бағыттарда мемлекеттік коммуналдық кәспорынның арнайы автобустары жүруі ықтимал. Саяжай алқабы үшін өзекті саналатын тағы бір мәселе — қылмыстық ахуалдың ушығуы болып тұр. Жаздыгүні жер өңдеп, жеміс-жидектерін өсіріп отырған еңбекқор халық осы аумақтағы жиілеп кеткен ұрлықтан әбден мезі болған. Жиынға келген тұрғындар Бобровка саяжай алқабындағы тәртіпті қадағалауды күшейту туралы өтініштерін білдірді.  Өз кезегінде қала әкімі жақын күндерде Семейде шаһардың көп бөлігінде орнатылған бейне бақылау камераларынан келіп түскен ақпаратты  жинақтайтын арнайы орталық ашылатынын айтты. Нәтижесінде тәртіп сақшылары қылмыс орнына тез жету мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ, көптің көкейінде қоғамдық көліктерде соғыс ардагерлері мен Алтын алқа және Күміс алқа тағынған аналарға жеңілдік неге алынып тасталды? деген сауал болатын. Тіпті, кейбір шағын автобустарда ешқандай жеңілдіктің берілмейтіні туралы хабарлама да жазылып тұрды. Осының себебін білу үшін қойылған сұраққа қала әкімі:

-Бұл бір жолаушы тасымалдаушының қомағайлығынан туындаған қателік. Жақында мен ол кәсіпкермен сөйлестім. Бұл ісінің дұрыс емес екендігін айттым. Ол өзінің қателігін мойындап, хабарландаруларды алып тастауға және жеңілдіктерді қалпына келтіруге уәде етті,- деп жауап берді, қала әкімі. Сондай-ақ, қала басшысы қарттарын, алтын құрсақ аналарын құрметтейтін қоғамда мұндай         келеңсіз жайттар қайталанбауы керектігін ашық айтты.

Бұдан кейін қойылған сұрақтардың бір қатары қала көшелерінің тазалығы мен қоқыс шығарушы мекемелердің жұмысына қатысты болды. Қала башысы таяу арада шаһардың алты секторға бөлініп, олардың әрқайсысының тазалығы бір кәсіп-орынға жүктелетінін, яғни белгілі бір кәсіпорынның нақты, өзіне бекітілеген аймақты тазалап отыруға міндетті болатынын, жұмысты тиімсіз санап, тазартудан бас тар-қан жағдайда ол аймақтың қоқысын шығарумен коммуналдық мекеме айналысатынын, осылайша алдағы уақытта қаланың санитарлық жағдайы да жақсара беретінін жеткізді.

Қала басшысы тұрғындардың сауалдарына жауап беріп болған соң, сөз кезегінде облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ольга Кузовлеваға сөз берілді. Ол облысымызда мүмкіндігі шектеулі жандарға, әлеуметтік қорғалмаған топ-тарға қаншалықты көңіл бөлінетінін айта келе, бұл тұрғыда Семей қаласының аймақ бойынша алдыңғы орында екенін айтты. Сонымен қатар, қаламызда  жаңадан салынатын  мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығының жобалық-сметалық құжаттамасы даярланып жатқанын жеткізді. Сөзінің соңында Ольга Кузовлева қала әкімін «Твори добро» марафонында бірінші орын алғаны үшін арнайы дипломмен марапаттады.

 

Кездесу  қала басшысы мен халық арасындағы ашық әңгіме,алдағы күндердегі жұмыс- тар жайлы бірлесе кеңесу тұрғысында, емен –жарқын жылы жүздесу жағдайында өтті.Соңғы жылдары қаламызда болып жатқан оңды өзгерістер де тұрғындар назарынан тыс қалған жоқ. Айбек Мұталапханұлы басшылыққа келгелі қалада атқарылған игілікті  істерге байланысты разылық та аз болмады. Кездесу соңында кездесуге жиналған семейліктер қала басшысына алғыстарын айтып, болашақта атқарар жұмыстарына жеміс тілеп тарқасты.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

“Семей таңы”

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

14 часов бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

14 часов бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

15 часов бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

15 часов бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

15 часов бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

15 часов бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

15 часов бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

15 часов бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

15 часов бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС