"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ

03.04.2017
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөнінде Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңеске қалалық прокуратураның әлеуметтік—экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің басшысы Олжас Қалматаев, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Семей қаласы филиалының директоры Ардақ Әділжанов және қала кәсіпкерлері қатысты.

Қалалық прокуратура кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып ай сайын қоғамдық кеңес отырысын өткізіп тұрады. Бұл кеңесте, көбіне, кәсіпкерлер мен әкімшілік мекемелері арасында туындаған келіспеушіліктер мен дау-дамайлар талқыланып, арыз-шағымдары қабылданады. Келесі отырысқа дейін прокуратура қызметкерлері туындаған мәселені жан-жақты пысықтап, шешімін табуға күш салады. Жыл басынан бері осымен үшінші рет өткізіліп отырған Қоғамдық кеңес отырысында төрт арыз иесінің шағымы тыңдалды.

Жиынды ашқан Олжас Қалматаев өткен Қоғамдық кеңесте талқыланған мәселелер жайлы айтып өтті.

— Өткен Қоғамдық кеңес отырысында 35- ықшам ауданында мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында ашылған «Балдәурен» атты жекеменшік балабақшасына бір ата-анадан шағым келіп түсті. Ата-ананың айтуынша, баласы балабақшадан жарақат алып келген. Бұл туралы қылмыстық іс қозғалып, бір ай бойы тексеру жұмыстары жүргізілді. Әзірше шағым иесінің арызы толық қанағаттандырылған жоқ. Себебі балабақшаның  жұмыс барысынан заңға қайшы келетін іс-әрекеттер табылмады. Алайда тексеру жұмыстары әлі жалғасуда,- деген Олжас Қалматаев кәсіпкерлердің бүгінгі арыз-шағымдарын тыңдады.

Алғашқы шағым иесі «NOMAD» ЖК-нің өкілі Сәуле Уатаева өзінің мемлекеттік сатып алудың қара тізіміне негізсіз енгізілгені үшін ҚР ҚМ мемлекеттік сатып алу комитетіне арызданды. Ал «Сем-Асыл-фарм» ЖШС директоры Болат Омаров деген азамат дәріхананың құрылыс жұмыстарын кеңейтуі үшін көршісінің еш себепсіз рұқсат қағазына қол қоймай отырғанын жеткізді. Ескертпе жасаған мекемесі – ШҚО Семей қаласы архитектура бөлімі.

— Дәріхананың жанына тағы бір кабинет қоссам деп едім. Алайда көршім рұқсат қағазына қол қоймады. Айтатын уәжі – құрылыс жұмыстарын жүргізсең, үйіме күн түспей қалады дейді. Алайда сараптама нәтижесі көрсеткендей, күннің түспей қалуы мүмкін емес. Айыппұл ретінде 200 мың теңге ақша да ұсындым. Алайда ол менің үйін сатып алғанымды қалайды. Маған ол үйді сатып алудың қажеті жоқ. Екі рет қорғаушы жалдап, мәселенің мән-жайын анықтамақ болдым. Бірақ олар дұрыс кеңес бермеді. Амалсыз осында келдім,- деген Болат Омаров есімді азаматтың арызы қабылданып, прокуратура қызметкерлері келесі отырысқа дейін бұл істі шешуге атсалысатынын жеткізді.

Ал «Технология комфорта» ЖШС директоры Р.Мансуров «Еңбек Өскемен» кәсіпорны  мемлекеттік сатып алуды жеткізуде және қаржылық тексерісті ұйымдастыруда  заңға қайшы іс-әрекеттерге барды деп  арызданды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

10 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

10 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

10 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

10 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

11 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

11 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС