"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛ ТІЛЕГІ КӨП

03.04.2017
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Знаменка ауылдық округінде болып, қалаға қарасты ауылдық округтің тұрғындармен кездесті, сондай-ақ өңірдегі көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары барысымен танысты.

Знаменка ауылының Семей қаласынан алшақтығы 60 шақырымды құрайды. Ауыл республикалық маңыздағы Семей — Қайнар автокөлік жолының бойына орналасқан.

Республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін ерте барған қала әкімі шаһардан шығаберістегі Қайнар – Курчатов жолының қиылысына аялдады. Көктем мезгіліндегі күннің күрт жылынуы бұл аумаққа да әсер етіпті. Еріген қар суы тас жолдың үстімен ағып, сол маңдағы жол бойы орналасқан қабірлерге қарай жайылып жатыр екен. Оқиға орнынан табылған жауапты сала мамандары қала әкіміне қар суының қабірге қарай аға бастағанына бір-екі сағат қана болғанын, көп кешікпей арнайы техника судың бағытын өзгертетінін баяндады.

Қала басшысы жауапты мамандарға шұғыл түрде істі қолға алып, жағдайды реттеуді тапсырды. Бұдан кейін қала әкімі бастаған топ одан әрідегі Мұқыр өзені арқылы өтетін көпірге келді.

Аталмыш көпір бүгінгі күні апатты жағдайда. Сол себепті көлік қатынасына да шектеу қойылған. Есесіне жүргізушілерге төменнен уақытша айналма жол жасалыпты. Алайда өңір тұрғындары айналма жолдың жағдайына да алаңдаулы. Өйткені қар суы уақытша жолға төселген бір ғана құбырдан өтуде. Ал судың күн санап артып келе жатқанын ескерсек, өткел шыдас бермеуі мүмкін.

Айта кетуіміз керек, аталмыш жол «Қазавтожол» ҰК» АҚ-на қарасты «ДЭУ-25» мекемесінің участогына тиесілі. Жауапкершілік те аталмыш мекемеде. «ДЭУ-25» мекемесінің басшысы Талғат Сұлтановтың айтуынша, уақытша өткелге қосымша құбырлар салынбақ, ал апатты деп танылған көпір арқылы жеңіл көліктерге жүруге рұқсат берілмек. Оның айтуынша, бүгінде апатты көпірді жөндеу үшін жобалық-сметалық құжат әзір, егер қаражат бөлінетін болса, биыл толықтай күрделі жөндеуден өткізілмек. Ал көпір басына келген «ФИК «Алел» АҚ директоры Григорий Яковенко уақытша өткелге қосымша құбыр қойып, іргесін бекітуге көмек көрсететінін жеткізді.

Сондай-ақ қала басшысы Знаменка ауылында болып, тұрғындармен кездесіп, тілдесті. Алдымен Знаменка ауылдық округінің әкімі Әбусана Қарсақбаев көктемгі су тасқынына орай атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндады. Ал Ермак Бидахметұлы ауылға келгендегі мақсатына тоқталып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Ауыл тұрғындары, әсіресе жастар тарапынан көтерілген мәселелердің бірі — жұмысқа орналасу жағы. Осы ретте Ермак Бидахметұлы кездесуге өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «ФИК «Алел» АҚ директоры Григорий Яковенко келіп отырғанын жеткізді. Ал аталмыш кәсіпорын басшысы ауыл тұрғындарына жұмысқа қалай орналасуға болатынын түсіндірді. Кәсіпорын басшысының айтуынша, қазірдің өзінде мекемеде 50-ге жуық ауыл тұрғыны жұмыс атқарып жатқан көрінеді. Ал жастар жағы жұмысқа орналасқылары келсе, арнайы білім алып келулеріне болатынын атап өтті. Кездесу барысында ауыл тұрғындары көтерген бұдан басқа да сауалдарға тұшымды жауаптар қайтарылды. Жиын соңында ауыл тұрғындары Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен аталмыш кәсіпорын басшысына алғыстарын жеткізіп, осындай басқосулар жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін білдірді.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

18 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

18 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

19 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

19 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

20 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

20 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС