"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚ БАНТИК ӘЛДЕ ХИДЖАБ?

07.04.2017
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ақ бантиктегі сыныптас қыз… Ақ фартук таққан парталас құрбы… Әр адам балалық шағын, сыныптастарын еске алғанда, осы көрініс көз алдына келетін шығар. Балалықтың, тазалықтың бейнесі секілді мектеп формасы… Соңғы кездері әр мектеп өзіндік төсбелгісімен өрнектелген мектеп формасын айқындады. Қандай жарасымды! Алайда сол әсемдіктен гөрі баланың бет-аузын тұмшалап жабатын хиджабқа түседі ата-ананың таңдауы. Олай дейтініміз — хиджап киіп мектеп табалдырығын аттап жатқан бүлдіршіндер бар қоғамымызда. Әрине, бұл дұрыс немесе бұрыс деп шешім айтудан аулақпыз…

Аталған мәселе сәрсенбі күні қалалық әкімдікте қала әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысында талқыланды.

Кеңес отырысында тақырып төңірегінде баяндама жасаған Семей қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Оразбекованың айтуынша, қаладағы №№48,30 жалпы орта білім беретін мектептерде хиджаб киіп келетін оқушылар бар екен. ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен мектеп қағидасы, оқушы формасы бар десек те, Қазақстан -зайырлы мемлекет. Яғни, оқушының дәстүрлі емес киімін күштеп шешіп алу немесе киюіне тыйым салу түйткілдің түйінін тарқататын жол емес.

Білім бөлімі мамандарының мәліметіне сәйкес, бұл мәселе аясында жұмыс жүргізіліп жатыр, құқық қорғау органдары, психологтер мен педагогтер қауымы ата-аналармен бірлесе әрекет етуде.

— Облыстық білім басқармасында дәстүрлі емес киім киетін оқушылармен жұмыс жүргізу алгоритмі дайындалған. Алгоритм көз жеткізу, нандыру арқылы жүргізіледі. «Баламен бірнеше рет әңгімелестік, оқушы дәстүрлі емес киімін шешеді» деген түсінік жоқ. Ата-аналарының қарсыласуын да ескерсек, жұмыс жан-жақты, заң талаптарын сақтай отырып жүргізіледі. Нақтылай кетсем, олар жалпы білім беретін мектептер. Ал жалпы білім беретін мектептердің ішкі тәртібіне сай дәстүрлі емес киім киюге тыйым салынған. Сонымен қоса, Ата Заңға сәйкес, біз мектеп жасындағы балаға жалпы орта білім беруге тиістіміз. Сондықтан әкімшілік жазаға тарту немесе тыйым салу арқылы мәселе шешілмейді,- деді қала әкімінің орынбасыры Надежда Шарова.

Кешенді жұмыстардың арқасында 2015-2016 оқу жылында екі қыз бала хиджабтарын шешіп, бастарына ақ бантик таққан. Бірақ осы өзгеріс дәстүрлі емес киім киетін оқушылар қатарын сиретпепті. Себебі жаңа оқу жылында бастарына шыт таққан екі бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаған.

Дін — нәзік тақырып. Әр оқушының санасында діни түсінік қалыптастырып, бұл тұрғыда сауаттылықтарын арттыру мақсатында жалпы орта мектептерде дінтану негіздері және зайырлылық факультативі оқытылады.

— Жалпы, 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздегі барлық жалпы орта білім бере-тін мектептерде дінтану негіздері пәні енгізілді. Қаладағы мектептердің 9 сыныптарына  аталмыш пән қазақ және орыс тілінде факультатив ретінде жүргізіледі. Оған 34 сағат берілген, яғни аптасына 1 рет жүргізіледі. Оқушылардың пәнді қаншалықты меңгергендігі оқу жылының соңында анкеталық сауалнама немесе тест түрінде анықталады,- деді Гүлнар Оразбекова.

Кеңес отырысына қатысушылар баланың дамуында, өмірлік көзқарасының қалыптасуында ата-анасы басты рөл атқаратындықтан, оқушылармен қоса ересектермен де жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен бірге Кеңес жұмысы аясында Озерки ауылдық округінің әкімі Бақытжан Нұғманов конфессияаралық келісімді сақтау және ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер жөніндегі» Заңының орындалуына қатысты Озерки ауылдық округі аймағында өткізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

15 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

15 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

15 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

15 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

16 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

17 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС