"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛТАҢБА ӨЗГЕРЕДІ

07.04.2017
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

5 сәуір күні қалалық әкімдікте Мемлекеттік рәміздер және оларды қолдану тәртібі, ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін ҚР-ның Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын жою қағидаларына қатысты жиын өтті. Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаевтың төрағалығымен өткен жиынға Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін сақтауға жауапты мемлекеттік мекемелердің мамандары қатысты.

Естеріңізде болса, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Елтаңба енгізілген болатын. Соған қарамастан, ескі үлгідегі Елтаңбаны 2017 жылдың соңына дейін қолдануға рұқсат етілген. Енді 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін барлық мемлекеттік мекемелердегі Елтаңба жаңартылуы тиіс.

Рәміздерді дайындау өндірісі стандарттан алшақ болуына байла —

нысты және оның дұрыс дайындалуына бақылау ұйымдас-тырылмағандықтан, бұл мәсенені шешу үшін СТ 989-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар» ережелерін қайта қарау қолға алынған. Нәтижесінде жаңа Елтаңба қолданысқа енгізілді. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей қалалық бөлімінің бас маманы Мұхтар Елеусізовтің айтуынша, жаңа рәмізде аса көп өзгеріс болмағанымен, ерекшелік бар.

—  Мемлекеттік Елтаңба өндірісінің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді.  Түсіне орай Lab жүйесі енгізілді, ол  барлық түстерді бейнелеп түсіндіреді және кең қамтылған түрлі түстерді анықтайтын құрылыммен (спектрофотометрмен) қамтылған. Сонымен қоса элементтердің жаңа үлгілеріне қажетті барлық өлшемдер келтіріліп, 2008 жылғы редакциясында болмаған элемент құрамаларының аттары келтірілген.

Сондай-ақ өнімді пайдалануға 3 жыл кепілдік мерзім беріледі, ол өндірушілердің сапалы өнім дайындауларына жол ашады,- дейді Мұхтар Ержанұлы.

Ескі нұсқа мен жаңа нұсқадағы Елтаңба айырмашылығы түсі арқылы бірден аңғарылады. Жез түс алтын түспен, көк түс аспан түстес ашық көгілдірмен алмастырылған.

Сонымен қоса жиында Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары түсіндірілді. Бекітілген тәртіпке сәйкес, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін комиссиялары рәміздерді қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру жолымен жояды.

Жиын барысында Айдар Садырбаев осы тәртіпті ескере отырып, бұл уақытқа дейін қолданыста болған Елтаңбаны жойып, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін Ұлттық стандарттарға сәйкес әзірленген жаңа Елтаңбаны мемлекеттік мекемелерге орнату жағын қолға алуды тапсырды.

Әйгерім ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

22 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

22 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС