"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕГІЗ КӨШЕ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

20.04.2017
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі, 18 сәуір күні қалалық әкімдікте баспасөз мәсли-хаты ұйымдастырылды. Өңірдің БАҚ өкілдерінің басын қосқан жиында жол жөндеу, су тасқынының алдын алудағы атқарылған жұмыстар, сенбіліктер ұйымдастыру сынды мәселелер қарастырылып, жылу беру маусымы қорытындыланды.

Баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасарлары Надежда Шарова, Николай Ушаков, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Серғазинов, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Марат Аленов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Жиында айтылғандай, осы жылы қала жолдарын қалыпқа келтіруге 1 млрд. 200 млн. теңге қаражат жұмсалмақ. Соның ішінде 200 млн. теңге ағымдағы жол жөндеу жұмыстарына, 654 млн. теңге орташа жол жөндеу жұмыстарына бөлінген. Сегіз көшеге орташа, бір көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Әзірге анықталғаны — Шәкәрім даңғылы, Бауыржан Момышұлы, Қайым Мұхамедханов, Жақия Шайжүнісов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Абай көшелері орташа жөндеуден өтсе, Дальняя көшесін күрделі жөндеу жұмыстары күтіп тұр. Сондай-ақ Мичурин көшесіндегі аяқталмаған күрделі жол жөндеу жұмыстары үшін де бюджетке өтініш берілген. Бұл орташа және күрделі жол жөндеу жұмыстары ауа райы жылынғаннан соң басталмақ.

— Қазір ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орташа жол жөндеу жұмыстарына жақында кірісеміз. Бұл жұмыс бойынша барлық конкурстар аяқталды. «Гордорстрой» ЖШС-мен келісімшартқа отырдық. Облысқа жол жөндеу жұмыстары үшін тағы 400 млн. теңге өтінім берілді. Қолдау табады деп ойлаймын. Орталықта орналасқан көлік қозғалысы көп 8 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тасымалдаушылармен де сөйлесіп, олардың өтініштерін де ескеріп жатырмыз. Сондықтан жол мәселесі бақылауда. Алдымызда ескі көпірді қалыпқа келтіру туралы өткір мәселе тұр. Халыққа қиындық туғызбас үшін көпірді сенбі, жексенбі күндері ғана жабамыз. Нақты уақытын анықтап, семейліктерге, БАҚ өкілдеріне хабарлаймыз, — дейді қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков.

Оның айтуынша, орташа жол жөндеу жұмыстары үшін 3 жыл, күрделі жол жөндеу жұмыстары үшін 5 жыл кепілдік беріледі.

Баспасөз мәслихатында айтылған тағы бір өзекті мәселе көктемгі су тасқынына байланысты болды. Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Бақытбек Байбуровтың айтуынша, бүгінгі күні,  Красный кордон ауданын, Северный кентін қоспағанда, қаладағы жағдай тұрақты.

— Ертіс өзенінің деңгейінен 320 см-ге көтерілуіне байланысты кей өңірлерде су басу жағдайлары орын алды. Ал шамадан тыс көтерілу деңгейі 420 см-ге дейін жетті,- дейді ол.

Жергілікті атқарушы органдар мен ТЖБ №2 жасағының көмегімен суда қалған үйлердегі суды тарту жұмыстары жүргізілген.

— 26 сәуірге дейін Шүлбі СЭС-да су жіберу жұмыстары жалғаса береді. Бүгінгі күнге дейін жіберілген су көлемі 3000 текше метрді құрайды. Су жіберу әлі  де жалғасатындықтан (3500 текше метрге дейін), су деңгейінің көтеріле беретінін хабарлаймын, — деді Б.Байбуров.

Ал ауылдық округтердегі жағдай тұрақты. Тек Семей-Курчатов тас жолындағы 43 шақырымдағы бөлікті су шайып кеткендіктен, ауыр жүк көліктерінің қозғалысы әзірге тоқтатылған.

Жаз маусымында ыстық су беру мәселесі туралы Николай Ушаков:

— Тұрғындар жылу энергиясы үшін қарыздарын қайтармайынша, бұл мәселе шешімін таппайды,- деп жауап қайтарды. Ал 2018 жылы жаңғырту жұмыстары аяқталатын РК-1 жылу орталығында «Шығысэнерготрейдтен»  сол және оң жағалауға берілетін электр энергиясы тоқтатылып, сол жағалау тұрғындары ыстық суды №1 ЖЭО-дан алатын болады.

Сәуір айын қоспағанда, тұрғындардың жылуға қарызы 700 млн. теңгені құрап отыр.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

2 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

2 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

2 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

3 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

3 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

3 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

3 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

4 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС