"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘКІМ САЯЖАЙ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

25.04.2017
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жексенбі, 23 сәуір күні Семей қалалық әкімдігінде қала әкімі Ермак Сәлімов және қала  прокуроры Марат Турубаев «Восточный Правый» саяжай массиві тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, «Шығысэнерготрейд» ШҚ АЭК мекемесінің өкілдері қатысты.

Саяжай тұрғындарын алаңдатқан мәселе — электр энергиясы. Кейбір тұрғындар «Восточный правый» кооперативін қолдаса, енді бірі кооператив жұмысына наразы. Ал кооператив басшысы Сәуле Қаһарманова болса саяжайдағы жағдайдың тұрақты екенін айтады.

— Электр энергиясы үшін қарызымыз жоқ. Салықты, жер жалдау құнын  уақытында төлеп отырмыз. Алдымыздағы жалғыз мақсат – саяжай тұрғындарын қатарға қосу. Алдағы уақытта саяжай тұрғындарының басын қосып, есеп беру – сайлау жиналысын өткіземіз. Оған заң бойынша 70 адам қатысу керек.  Бүгінде саяжайда 1200-ге жуық тұрғын бар,- деп атап өтті ол.

Осы кооператив мәселесіне байланысты 27 мамыр күні есеп беру-сайлау жиналысы өтеді. Кооператив туралы барлық мәселелер осы жиналыста өз шешімін таппақ.

Жиын барысында тұрғындар кооператив басшысының жұмысына наразылық білдірді. Кооператив басшысы есеп беру жиналысын өткізбейтінін айтып шағымданды тұрғындар.

«Жарғы бойынша, наурызда есеп беру жиналысы өту керек болған. Әлі өткен жоқ. Өткен жолғы жиналыс хаттамасында менің атымнан басқа адам қол қойған. Бұл заңға қайшы. Біз ақшаны не үшін жинап жатқанымызды да білмейміз. Бізге себебін айтып түсіндірмейді. Сондықтан бізді ШҚ АЭК мекемесіне көшіруіңізді сұраймыз»,- деді тұрғындардың бірі.

Ермак Сәлімов бұл мәселені әкімшіліктің шеше алмайтынын, электр энергиясы мәселелері тікелей ШҚ АЭК мекемесіне қарасты екенін жеткізді. Ал ШҚ АЭК мекемесінің өкілі болса саяжай массивіндегі электр желісі қалыпты жағдайда емес екендігін, сондықтан саяжай массивін өз иеліктеріне ала алмайтындықтарын айтты.

Өз кезегінде саяжай тұрғындары үшін электр құрылғыларын қалыпқа келтіру де біраз шығынды қажет етеді. Сондықтан кейбір тұрғындар бүгінгі электр энергиясын қанағат етіп, тек кооператив басшысын ауыстырса деген ниеттерін білдірді.

Ал қала прокуроры Марат Турубаев тұрғындарды сабырға шақырып, барлығын заң тұрғысынан шешуге кеңес берді:

— Кейбір саяжай тұрғындары прокуратураға келіп, бұл жағдайды бұрын да талқылаған болатын. Желіні жекешелендіру мәселесіне келетін болсақ, кооператив басшысы оны өз атына меншіктеген жоқ, кооператив атына меншіктеді. Егер бұған қарсы болсаңыздар, заңды түрде сотқа арыз беріңіздер. Бұл мәселені тек сот арқылы шешуге болады,- деді қала прокуроры Марат Турубаев.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

3 часа бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

3 часа бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС