"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕРДІ ИГЕРУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

28.04.2017
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық әкімдігінде қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуовтің төрағалығымен ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған ауқымды жиын өтті.

Жиынға ШҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мейірхан Әшімханов, аталмыш басқарманың мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Алмас Досжанов, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтары мен кооператив басшылары, қалалық мәслихат депутаттары және Абай ауданының тұрғындары қатысты.

Алмас Досжанов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жайында ақпарат берді. Айта кетерлігі, аталмыш Заң жобасын 2017 жылдың ақпанында ҚР Үкіметі қолдап, Парламент депутаттарының қарауына ұсынған.

— Жер реформасы бойынша құрылған комиссия шешімімен мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылады: біріншіден, қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру; екіншіден, қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу; үшіншіден, шекара маңындағы аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін берудің талаптарын қатаңдату; төртіншіден, халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, елді мекендер маңындағы жайылымдардың алаңдарын анықтау; бесіншіден, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін беруді мемлекеттік мұқтаждыққа жатқызу,- деді Алмас Досжанов.

Яғни, Заң жобасы бойынша, ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға конкурстық негізде жер беріледі, барлық тұрғындарға  БАҚ арқылы конкурс талаптары таныстырылады. Бұған дейін берілетін жердің мөлшеріне шектеу қойылмаған болса, енді,  бір адамның иелігіне ұлан-ғайыр жер өтіп кетпеуі үшін, нақты мөлшер белгіленеді.

Ол жерлердің ұтымды пайдаланылуын тексеру мақсатында, тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылады. Жалға алудың алғашқы 5 жылында – жыл сайын, келесі кезеңдерде — суармалы егістікте әрбір 3 жылда, телімді жерде  әр 5 жылда қадағалау болады. Яғни, мемлекет меншігін мақсатсыз пайдалануға тосқауыл жасалады.

Сондай-ақ шекара маңындағы аудандарда жер беру талаптары күрделенеді. Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдіктердің қатысуы бар заңды тұлғаларға жерді иеленуге шектеу қойылады. Ауылдық жерлерде мал жайылымдық алқаптардың жетіспеушілігі проблемасын шешу үшін заң жобасымен елді мекендер маңында тұрғындардың жеке малдарын ұстауға байланысты мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында қажетті жайылымдардың көлемдері анықталатын болады. Ауыл маңындағы жекенің қолындағы жайылымдық жерлер мемлекеттің меншігіне қайтарылып, шаруаларға қайта беріледі.

Мейірхан Әшімхановтың айтуынша, бұрын жекенің иелігінде мақсатсыз пайдаланылған жерді мемлекет қарамағына қайтарып алу үшін сот арқылы біршама уақытты қажет ететін  процестер жүргізілетін. Жаңа  заң жобасы енгізілсе, мақсатсыз пайдаланылған жерлер мемлекет мұқтажы үшін деп мемлекетке қайта қайтарылып, жайылымдығы шаруаларға, қала маңындағылары тұрғын үй салу үшін кезекте тұрған азаматтарға беріледі.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда кооператив құру арқылы мемлекеттен жеңілдетілген несие, қолдау алуға жағдай жасалып отыр. Бірақ, кооператив құру талабы бойынша, малы бар шаруаларда жер болуы керек (кооперативті мал шаруашылығы үшін ғана емес, құс, ет, сүт-тауарлы және өзге бағытта құруға болады). Алайда кооператив үшін жер беру мәселесі аталмыш жобада қарастырылмапты. Сүлеймен Медеуұлының айтуынша, бұл мәселе жөнінде Семей қаласының жер қатынастары бөлімі хат дайындап, облыстық басқармаға жолдаған. Жобаның әлі енгізілмегенін, талқылау кезеңінде екенін ескерсек, бұл проблема шешіледі деген үміт бар.

Жалпы, тоқсан ауыз сөзіміздің тобықтай түйінін шығарсақ, жаңа заң жобасы халықты ауыл шаруашылығы жерлерімен қамтуға, жайылымдық алқаптың мәселесін шешуге, тұрғын үй үшін жер беру проблемаларын жеңілдетуге негізделген.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,                                                                                                                                                                         «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

23 минуты бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

43 минуты бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

23 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

23 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

24 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

24 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС