"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — ұран

11.05.2017
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жарты әлемді шарпыған соғыс өртінің мәңгіге сөнгеніне биыл 72 жыл. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, ең қатыгез кезеңді бастан өткерген Кеңес халқы ауызбіршілігінің арқасында жеңіске жетті. Жасанған жауға тойтарыс беріп, елдің ертеңі, балалардың болашағы үшін жан аямай шайқасқандардың қатарында семейліктер де болды. Уақыт өткен сайын қатары сиреген қарт майдангерлерге Жеңіс күні қарсаңында жыл сайын құрмет көрсету ұмыт қалған емес. Биыл да  Орталық алаңға жиналған қала тұрғындары бүгінгі бейбітшілікті тарту еткен сол ардагерлерге ерекше қошемет көрсетті.

Орталық алаңда өткен мерекелік салтанатқа Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, қалалық, облыстық мәслихат депутаттары, түрлі қоғамдық ұйымдар өкілдері, соғыс және тыл ардагерлері қатысты. Бүгінгі таңда Семей өңірі бойынша 50-ден астам соғыс ардагері бар. Жалынды жастығын өртті жылдардың еншісіне қалдырып, соғыстан кейінгі уақытта иіні түскен халықтың еңсесін тіктеуде аянбай еңбек еткен де солар. Ахметкәрім Ахмадиев ақсақал 17 жасында майданға аттанған. Отан алдындағы азаматтық борышын Қиыр шығыста өтеп, жапон басқыншыларына қарсы соғысады. Жеңісті де сол жақта қарсы алған. Алайда, соғыс аяқталғанымен, елге 1950 жылы бірақ қайтқан көрінеді.

— Мен 3 жасымда әке-шешеден бірдей айырылып, жетім қалдым. Ол заманның адамдары кеңпейіл еді ғой. Бір орыстың тәрбиесінде өстім. Майданға аттанбас бұрын алдымен қысқа мерзімді дайындықтан өтіп, әскери бұйрық бойынша жіберген аумақта қызмет еттім. Елге капитан шенінде оралып, ұсақ колхоздарды үлкен совхоздарға біріктіру жұмыстарына қатыстым. Өзім де 25 жасымда бір совхоз директоры болдым. Осы жұмысты зейнетке шыққанымша атқарып, елдің дамуына үлес қостым деп ойлаймын. Ендігі жастарға айтарым — біз сендерге бейбітшілік сыйладық, соның қадірін біліңдер, білімге ұмтылып, еңбектен қашпаңдар. Бақытты болыңдар дегім келеді,- дейді қарт жауынгер.

Орталық алаңға жиналған көпшілік алдында өнер ұжымдары мен студент жастар, мектеп оқушыларының күшімен сахналанған көріністер қойылып, соғыс жылдарына арналған әндер шырқалды. Жеңістің 72 жылдығымен жерлестерімізді құттықтаған шаһар басшысы Ермак Сәлімов бабалардың ерлігін балалар ұмытпайтындығын атап өтті.

— Елдік пен ерліктің, батылдық пен батырлықтың белгісі Жеңіс күні құтты болсын! Бұл күн — халқымыздың мызғымас бірлігінің, қайсар рухының, атамекен, туған жерге деген адалдықтың ұлы мерекесі. Отан соғысы әр шаңыраққа, әр азаматтың жүрегіне қаралы ізін қалдырды. Біз алдыңғы толқын ардагер ағаларымыздың, ұрыс даласында мерт болған  батырлардың ерлігіне бас иіп, тағзым етеміз. Баянды болашақ үшін жанын берген боздақтардың ерлігін біздер және болашақ ұрпақ мәңгі ұмытпайды. Ерлік даңқы өшпейді. Таулар алыстаған сайын биіктей түсетіні секілді, ардагер ата-апаларымыздың сол кездегі ерлігі — өскелең ұрпаққа үлгі–өнеге. Тылдағы еңбеккерлердің тынымсыз еңбегін де ешкім жоққа шығара алмайды. Жеңіс күнін жақындатуға олардың да қосқан үлесі зор. Әрқашан ашық аспан, бейбіт өмірде кездесе берейік. Мереке баршамызға құтты болсын!- деді Ермак Бидахметұлы өз сөзінде.

Мерекелік шара алаңға жиналған көпшіліктің «Мәңгілік полк» шеруіне қатысуымен жалғасты. Соңғы бірнеше жылдан бері қаламызда тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан шеруді әскери жеңіл көлікке мінген ардагерлер бастап жүрді. Интернационал көшесін бойлай сап түзеген қала тұрғындары ардагер аталарына гүл шоқтарын ұсынып, алғыстарын жаудырды. Осы орайда қала басшысының да «Мәңгілік полк» шеруіне белсене қатысқанын айта кеткеніміз жөн. Әкім акцияға ұрыста ерлікпен қаза тапқан танк көздеушісі, «Ерлігі үшін» медалі мен ІІ дәрежелі ҰОС орденінің иегері, ағасы Рафхат Сәлімовтің есімі жазылған тақтаны алып жүрді.

— «Мәңгілік полк» шеруі — өткенді еске түсіріп, дүниеден өткен ата-апаларымыздың, әке–шешелеріміздің рухына тағзым етуге үндейтін акция. Менің әкем Жұмағали Серікболов қаламыздағы кен–барлау техникумының 3-ші курсында оқып жүргенінде әскерге алынып, Кенигсбергке дейін жеткен. Осы қаланы азат еткені үшін майданнан қос бірдей «Ерлігі үшін» медалін, И.Сталиннің алғыс хатын алып қайтқан. Соғыстан кейінгі бейбіт заманда «Семей таңы» газетінде еңбек еткен. Бүгінде әкеміз ортамыз-да жоқ. Мына шеруге қатысып, әкеміздің фотосын алып жүру маған ерекше сезім сыйлайды. Тіптен әкеміз қасымызда бірге келе жатқан сияқты. Өзім акцияға былтырдан бері қатысып келемін. Әкеміздің фотосуретін көтеріп бір сіңлім дәл осындай шеруге Алматы қаласында қатысып жатса, Ресейде оқитын немересі Мәскеудегі акцияға қатыспақ. Біз әкемізді мақтан тұтамыз, оны ешқашан ұмытпаймыз,- дейді акцияға қатысушы Әлия Қаймолдина.

Жеңіс саябағына жеткен шерушілер Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, қыршын кеткен боздақтар мен өмірден озған ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер дала асханасын ұйымдастырып, ардагерлерге сарбаз ботқасынан дәм татқызды. Мерекелік шара қала өнерпаздарының орындауындағы әскери әндермен жалғасын тапты. Ал кешкісін қала тұрғындары Жеңістің 72 жылдығына арналған отшашуды тамашалады.

Ермек ИСАБАЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

17 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

18 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

18 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

18 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС