"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Даниал Ахметов: Жұмыс сапалы болуы үшін, қоғамдық бақылау қажет

11.05.2017
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

7 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапарымен келді. Аймақ басшысы бұл сапарында, Жеңістің 72 жылдығына орай, бірнеше соғыс ардагерінің шаңырағына барып, мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар шаһардың Орталық саябағын көркейтуге арналған жобамен, биылғы жылы жөндеу көретін жолдардың жоспарымен жан – жақты танысты.

Алдымен Даниал Кенжетайұлына Орталық саябақта қала жолдарын жөндеу жоспары таныстырылды. Абай және Шәкәрім даңғылдары, Бауыржан Момышұлы, Интернационал, Шайжүнісов, Жұмабаев, Дулатов, Шмидт сынды сегіз көшеге орташа жөндеуге 854 млн. теңге бөлінген. Ал жаңа көпірдің сол жағалаудағы және оң жағалаудағы айналма жолына, Қаржаубайұлы, Лебаев, Шугаев, Дастенов, Тәңірбергенов көшелері мен жүк көпіріне (ескі көпір)  орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қосымша 656 млн. теңге қажет. Аталмыш көшелердің жобалық — сметалық құжаттарын даярлап, жұмсалатын қаржы құнын белгілеп қойған мердігер мекеменің есебін аймақ басшысы құп алмады. Жол жөндеу жұмысының тым қымбатқа бағаланғанын айтқан Даниал Кенжетайұлы жағдайды түсіну үшін «математик» болудың қажет емес екенін ескертті.

— Семей қаласы жолдарының орташа ені сегіз метр. Ал бір шақырымына 80 млн. теңге жұмсаймыз. Көп қаражат. Олай болуы мүмкін емес. Бұл жерде баға көтерілген. Қаншалықты жоғары болып тұрғанын мен жақсы біліп отырмын,- деген Даниал Кенжетайұлы дәл осындай жұмыстар Өскемен қаласында, облыстық маңызы бар жолдарда әлдеқайда арзанырақ бағада жүзеге асырылғанын атап өтті. Осы ретте аймақ басшысы мердігерлерге қалаған бағаны көрсетіп жобалық — сметалық құжат дайындаудың еш қажеті жоқ екенін еске салды. Артық шығынды болдырмау үшін облыс әкімі қалалықтар мен халық қалаулылары қоғамдық бақылауды күшейтуі керектігін атап өтті.

— Сіздерден сұрайтыным — қоғамдық бақылауды күшейту қажет. Депутаттар да  қадағалап отырсын. Бірақ жоспарланған жұмыстар тез арада басталуы керек. Осы жылдың жоспары өте ауқымды. Бұған дейін Семей қаласының жолдарын жөндеуге шамамен 900 млн. теңге бөлінсе, енді 700 млн. бөлінеді. Егер қажет болып жатса, қаражат қарастырылады. Бірақ  жұмыстың сапасы да болуы керек. Егер мұнда қоғамдық бақылау болмаса, ешқандай нәтиже болмайды. Жарты жылдан кейін семейліктер тарапынан «Жолды жөндеді, бірақ сапасы нашар!» деген пікір болмауы керек,- деп облыс басшысы қадап айтты.

Бұл ретте қала жолдарын жөндейтін мердігер мекеме басшысы Бауыржан Қайранбаев шілде айының соңында межелі жұмыстар аяқталатынын мәлімдеді. Даниал Ахметов түрлі сыныққа сылтау айтатын жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелердің өкілдеріне де жол сапасын қадағалауды тапсырды.                                                                                                         — Жолаушы тасымалымен айналысушылар, ертеңгі күні «Жол жөндеді, сапасы нашар!» деп айтпауларыңыз үшін сіздер де жолдың сапасын бақылауларыңыз керек! Бірақ бұл қала болып сіздерге қарап отырамыз дегенді білдірмейді. Өкінішке орай, қала басшылығымен бекіткен келісімшартты орындамай отырсыздар. Сіздер оны орындауға міндеттісіздер. Келісімшарт талаптары орындалмаса, біз қатаң шара қолданамыз. Егер өздеріңізге жүктелген міндетті атқаратын болсаңыздар, уәде бергенімдей, қала жолдары сапалы болуы үшін, барлығын жасаймыз. Сонымен бірге қазіргі кезде біз қаланың автобус паркіне 100-ден астам көлік алу үшін Еуропалық қайта құру және даму банкімен жұмыс істеудеміз. Ол көліктерді кімге береміз? Егер араларыңызда ар үшін еңбек ететін адамдар болса, байланысамыз. Ал егер қозғалыс кестесін сақтамай, көлік сапасына, тазалығына мән бермей, қандай жолмен болса да жол ақысын көтеруді мақсат етсеңіздер, жағдай басқаша болады,- деген Даниал Кенжетайұлы қаланың көркеюі үшін жұмыла еңбек етуге шақырды. — Біз Семейді жақсы көрсек, бірге жұмыс істеуіміз керек!

Осы жерде аймақ басшысына Орталық демалыс саябағын абаттандырудың жобасы да  таныстырылды. Жобаны алматылық «Градкомплекс» ЖШС дайындаған. Жобалаушы мекеменің директоры Нұрбек Аужановтың айтуынша, жоба бойынша саябақ аумағы кеңейтіледі. Яғни саябақ Дулатов, Интернационал, Ибраев, Бауыржан Момышұлы көшелері аумағын қамтитын болады. Ені мен ұзындығы шамамен 20 метрге кеңейтілмек. Алайда саябақ ішінде жекеменшік 12 нысан бар. Жаңағы нысандар шағын бизнесті дамыту мақсатында 49 жылға жекенің қолына берілген екен. Жоба бойынша, саябаққа гүлзарлар, орындықтар, әртүрлі ағаштардың көшеттері отырғызылып, сәулет туындылары орнатылмақ. Саябақтың ортасына орнатылған Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші қоғамдық талқылаудан өтіп, Шәкәрім даңғылына орналастырылады. Ал ескерткіш тұрған орын саябақ орталығы болып белгіленіп, ол жерге үлкен сағат орнату жоспарланған. Нұрбек Аужанов бұл саябақта Наурыз, Жаңа жыл, Жеңіс күні сынды қалалық мерекелерді атап өтуге болатындығын жеткізді. Ескерте кетейік, бұл — «Градкомплекс» ЖШС-нің жобасы ғана.

Өз кезегінде Даниал Кенжетайұлы, біріншіден, ескерткішті ауыстыру мәселесі қоғамдық кеңесте қаралуы керектігін айтты. Екіншіден, Семей қаласында қалалық мерекелерді өткізетін Орталық алаң бар екендігін, дәл сондай тағы бір алаң жасаудың маңызы жоқтығын атап өтіп, бұл жобаны талқылауды қала басшылығына тапсырды.

Орталық саябақтан кейін Даниал Ахметов бірнеше соғыс ардагерлерінің шаңырағына барып, 9 Мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады. Облыс әкімі алдымен 92 жастағы Габдулғазиз Ахмеровті құттықтады. «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, әрбір майдангер, әрбір тыл еңбеккері, Жеңісті жақындатуға атсалысқан жандар – біздің мақтанышымыз. Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін. Ұрпақтарыңыздың қызығына бөлене беріңіз»,- деген облыс әкіміне ардагер де игі тілегін білдірді. «Сіз Шығыс Қазақстан облысына әкім болып тағайындалғаннан бері оң өзгерістерді көріп келеміз»,- деп қарт майдангер алғысын жеткізді.                                                                                                             Даниал Ахметов құттықтаған келесі ардагер Петр Михайлович Коломин болды.

— Елбасы аға буынға, ардагерлер қауымына көп көңіл бөледі. Жоқшылық пен қиындық көрмей, молшылықта өмір сүріп жатырмыз. Құттықтап келіп отырғаныңыз үшін алғыстан басқа айтарым жоқ. Семейдің дамуына ерекше назар аударып отырасыз. Қаланы көркейтуді қолға алдыңыз. Сізге айтар алғысымыз шексіз. Қала әкімі Ермак Бидахметұлының да жұмысына көңіліміз толады. Қоғамдық ортада көп жүретіндіктен жақсы білемін, тұрғындардың аймақ және қала әкіміне деген ризашылықтары шексіз деп айтқым келеді. Өз кезегімізде біз де мектеп, колледж, университет, әскери бөлімдер және басқа мекемелерге барып, ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге атсалысудамыз. Ендігі кезекте бүгінгі ұрпақ сол еркіндікті болашаққа аманат етуі керек,- деген ардагер Петр Коломин жастарымыздың жігерлі, бейбітшілігіміздің баянды болуын тіледі.

Сол сияқты Ахмедкәрім Ахмадиевті де Даниал Кенжетайұлы арнайы құт-тықтай барып, шаңырағына аялдады.                                               — Біз не көрмедік… Жетімдікті де, ашаршылықты да, сұрапыл соғысты да көрдік. Қазір, шүкір, молшылықта, бейбітшілікте ғұмыр кешудеміз. Біздің бар тілегіміз — ұрпағымыз бейбіт өмір кешсін. Жастарымыз біліммен қаруланып, елімізді дамыта берсін. Бізге құрмет көрсетіп отырған Елбасына, облыс және қала әкімдеріне рақмет,- деді Ахмедкәрім Ахмадиев.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

2 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

6 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС