"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДАНИАЛ АХМЕТОВ: АЛАКӨЛ ҚАЗАҚСТАН МАҚТАНАТЫН ДЕМАЛЫС ОРНЫНА АЙНАЛАДЫ

05.06.2017
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алакөл — Қазақстанның інжу-маржаны. Айдынды Алакөлге жыл сайын сан мыңдаған туристер келіп, тұмса сұлу табиғаттың байлығына тамсанып, дерттеріне дауа тауып жатады. Биыл Алакөлге келетіндер саны арта түседі. Себебі мұнда заман талабына сай туристік кластер қалыптасуда. Келбетті нысандар, кең әрі жарық көшелер, серуендеуге арналған заманауи талаптағы саябақ пен жағалаудың әдемі көрінісі… Мұның барлығы Алакөл жағалауында орын алады.

«Алакөл – Қазақстан мақтанатын демалыс орнына айналады», — деді облыс әкімі Даниал Ахметов өткен аптада Үржар ауданына жасаған жұмыс сапарында. Алакөлдің жағасында жүргізіліп жатқан жұмыстарды арнайы көруге келген Даниал Кенжетайұлы алдымен  демалушылар келіп тоқтайтын автобекетке барды. Бұл жерде облыс әкімі автобекетті асфальттау жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Бұдан кейін аймақ басшысы «Мандарин» демалыс үйіне барып, асхана мен демалушылар тоқтайтын бөлмені көріп, заманауи талаптарға сай болуына назар аударды, күндік ақысымен танысып, қожайыны Тоқтыхан Хамитоваға демалыс үйінің аумағын абаттандыру жұмысын аяқтауға тапсырма берді.

Естеріңізде болса, облыс әкімі Даниал Ахметов Алакөл аумағын абаттандыруға 500 млн. теңге бөлген еді. Қосымша 1,5 млрд. теңге Достық — Алакөл бағытындағы жол жөндеу жұмыстарына қарастырылған. Жұмыс қарқын алған. Жағалау жаңа кейіпке еніп келеді.

Алайда өз аумағының заманауи талапқа сай болуына кейбір кәсіпкерлер салғырттық танытуда. Даниал Кенжетайұлы кімде–кім санитарлық талаптарға жүрдім – бардым қараса, жұмыс істеуге рұқсат ала алмайтынын тағы бір мәрте ескертті.

— Демалушылардың денсаулығына қауіп — қатер әкелетін бірде-бір нысан ашылмайды. Өйткені санитарлық тазалық болуы керек. Абаттандыру, көгалдандыру, сонымен бірге сәулет, құрылыс жұмыстары да өз деңгейінде орындалуы тиіс. Осы мәселе шешілмесе, ешкім де демалыс базасын аша алмайды. Мен маусым айында арнайы жұмыс комиссиясын жіберемін. Оның құрамына нысан жұмысы үшін рұқсаты керек барлық ведомство өкілдері кіреді. Мамандар бизнесмендерге нені түзету керектігін көрсетеді. Бұл осы жерге келетін 300 мың қонақтың денсаулығын қорғау үшін жасалып отыр, — деді Даниал Кенжетайұлы.

Одан кейін облыс басшысы Алакөлдің жағалауынан ашылатын саябаққа барып, ондағы құрылыс жұмыстарын көрді. Бүгінде заманауи талапқа сай төселген тақта тастар, тамырланып үлгерген әр алуан талдар, газон төңіректі жасылдандырып, саябаққа ерекше көрік беріп тұрғанын атап өткен Даниал Кенжетайұлы алдағы уақытта саябақты тағы да  1,5 гектарға кеңейтуді тапсырды. Саябақтағы жұмыстар межеленген уақытта аяқталатынын жеткізген Серік Зинабекұлы аумақты көгалдандыру мақсатында тамшылатып суару әдісі қолданылатынын айтты.

«Келешекте бұл саябақ заманауи талапқа сай болатынына еш күнәнім жоқ»,- деп оң бағасын берген облыс әкіміне Серік Зинабекұлы бұл аймақта 1500 орынға арналған заманауи талаптағы «Керуен плаза» демалыс үйі салынатынын жеткізді. Сондай-ақ Даниал Ахметов Алакөлдің орталық көшесіне («Арбат») барып, жағалаудағы жұмыстарды да өз көзімен көрді. Осы ретте Даниал Кенжетайұлы жағалауды кеңейту жұмыстарына қосымша қаржы бөлінетінін атап өтті.

Бұдан кейін облыс әкімінің басшылығымен Алакөл аумағын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары бойынша арнайы жиын өтті. Жиын барысында Үржар ауданының әкімі Серік Зинабекұлы облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмаларын орындауда атқарылған жұмыстарды атап өтті.

— Өткен жылы 147 демалыс үйі арнайы меморандумға қол қойып, бүгінде олардың 19-ы ғана заманауи талапқа сай келіп отыр. 64 демалыс базасы аумақтарын абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы, 83 нысан жазғы көл уақытына дейін демалушыларға қолайлы жағдай жасауға дайын болады. Ал қалған 64 демалыс үйі маусым айында алға қойылған міндеттерді орындайды. Дегенмен 10-нан бастап 50 демалушыға дейін қабылдайтын демалыс үйлері қойылған талаптарды орындамай отыр. Барлық нысан иелерімен жиналыс өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Егер талаптар орындалмаса, демалыс базалары ашылмайды.

Бүгінде Алакөл аумағындағы саябақ құрылысы 70 пайызға толық орындалды. Сондай-ақ «Арбат» жобасы бойынша 3D форматындағы тақта тастарды төсеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінде ұзындығы 5 метрлік шойыннан жасалған жарық шамдар орналастырылды. Жағажайдағы темір құрылысының үстіне кез келген ауа райына төзімді террасалық тақтайды қою жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, автобекетке жарықтандыру жүйелері тартылып, автобустарға заманауи нақыштағы қалқан жасау жұмысы қызу жүріп жатыр. Сондай-ақ аумағы 1 гектарды құрайтын автотұрақтың жұмысы бойынша қоршау, жоспарлау, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде 4,4 шақырымға жарық тартылып, 600 метр жаяу жүргінші жолы жобадағы жоспар бойынша орындалып, сондай-ақ 80 бейнебақылау жүйесін орнату қолға алынды. Аталған жұмыстардың барлығы маусым айында аяқталады,- деді Серік Зинабекұлы.

Әрі қарай сөз кезегін алған ШҚО ТЖД-нің басшысы Нұрлан Мадияров Алакөл аумағындағы демалыс үйлерінде 90-ға жуық өрт қауіпсіздік шаралары бұзылғанын  атап өтті. Оның айтуынша, барлық үй иелеріне ескерту беріліп, анықталған кемшіліктерді маусым айына дейін жою тапсырылды.

— Аталған демалыс үйлеріне әкімшілік жаза қолданылып, 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар меморандумға қол қойған демалыс үйлерінің 19-ы ғана өрт қауіпсіздігі талаптарына сай. Ал 128 нысанда автоматты өрт дабылы орнатылмаған. 120 демалыс базасында орнатылған электр желілері талапқа сай емес. Өткен жылы 2 нысан өртке оранып, оның себептері электр жабдықтарын орнатудан болған еді.

— Былтырғы тексеру жұмыстары бойынша 1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, тазалық жұмыстарына селқос қарайтын нысан иелеріне ескерту жасалды. Ал талаптарды орындамағандардың ісі сотқа беріледі. Яғни әрбір келген демалушы санитарлық талапқа сай дұрыс тамақтанып, денсаулығына нұқсан келтірмеуі тиіс. Бұл жұмыстар аясында заңнамалық негізде 20, 40, 120 айлық есептік көрсеткіштер бойынша үлкенді-кішілі демалыс үйлеріне айыппұлдар салынып, жұмыстар жалғасуда,- дейді ШҚО бойынша қоғамдық денсаулықты сақтау мекемесінің басшысы Ғазиз Сүлейменов.

Жиында Даниал Кенжетайұлы өткен жылы осы өңірдің 147 кәсіпкерімен кездескенде, барлығы да бір кісідей уәде бергенін еске салды. — Құрметті жерлестер, туған өлкемізді гүлдендіру мақсатында қаржы бөлініп, жұмыс қызу жүріп жатыр. Кәсіпкерлердің айтуы бойынша, Достық — Алакөл бағытындағы жолға да қаржы бөлінеді. Мұнымен қоса әуе бағыттарын көбейту туралы ұсыныстарыңызды да ескеріп, Астана, Алматы, Өскемен, Семей бағытындағы рейстер пайда болды. Алайда сіздер орындалуы тиіс талаптарды ұмытпаңыздар. Олай болмайтын жағдайда, бірде-бір демалыс үйінің жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Сондықтан туристерге дұрыс жағдай жасаңыздар. Десе де 83 нысан заманауи бағыттағы талаптарды орындады. Бірақ  қалғаны да осы үлгілі істен өнеге алуы тиіс. Бұл демалушылардың санын көбейтіп, олардың денсаулықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заманауи талаптағы жағдайда демалуға мүмкіндік береді. Ал рұқсатсыз демалыс үйлерін ашқан адамдар болса, олар заң алдында жауап береді. Жалпы, белгілі бір нысан салуға арналған жер жұмыс істеймін, заманауи талапты орындаймын деген еңбекқор азаматтарға беріледі. Енді алдымызда тұрған бұл жауапты істе барлығымыз бір ауыздан береке-бірлік танытып, алға қойған мақсаттарды белгіленген уақытта орындайық,- деген облыс әкімі интернеттің жылдамдығын арттыру, электр желілерін реттеуге қатысты мәселелерге тоқталып, жаңадан бизнес бастаймын деген кәсіпкерлердің бірқатар сауалдарына жауап берді.

Бауыржан ЖАҚЫП, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҮНДЕУІ

01.06.2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҮНДЕУІ

Құрметті қазақстандықтар! Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жол-көлік оқиғалары салдарынан балалардың қаза болуы...

Толығырақ...Details

Қазақстанда денсаулық сақтау саласын дамыту жұмыстары жалғасуда

01.06.2026
Қазақстанда денсаулық сақтау саласын дамыту жұмыстары жалғасуда

Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін дамыту және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі...

Толығырақ...Details

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

30.05.2026
«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

«Астана» саябағында қазақ халқының тарихында, мәдениетінде және ұлттық тағамдарында ерекше орын алатын тары дақылын өсіру дәстүрін сақтау мен дәріптеуге арналған...

Толығырақ...Details

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

30.05.2026
Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz. Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Мемлекет басшысы...

Толығырақ...Details

Экстремистік топтарға қатысудың құқықтық салдары

29.05.2026
Экстремистік топтарға қатысудың құқықтық салдары

Қазіргі жаһандану дәуірінде діни экстремизм мен терроризм әлем елдерінің қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп отыр. Әсіресе жастардың интернет арқылы радикалды идеологияның...

Толығырақ...Details

Абай облысында ЭКСЖ аясында жылу желілерінің тозуын 60%-ға дейін төмендету көзделіп отыр

29.05.2026
Абай облысында ЭКСЖ аясында жылу желілерінің тозуын 60%-ға дейін төмендету көзделіп отыр

ЭКСЖ жобалық кеңсесі Семей табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері мен журналистерге арналған оқыту семинарын өткізді. Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҮНДЕУІ

13 часов бұрын

Қазақстанда денсаулық сақтау саласын дамыту жұмыстары жалғасуда

16 часов бұрын

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

3 дня бұрын

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

3 дня бұрын

Экстремистік топтарға қатысудың құқықтық салдары

4 дня бұрын

Абай облысында ЭКСЖ аясында жылу желілерінің тозуын 60%-ға дейін төмендету көзделіп отыр

4 дня бұрын

АҚ ХАЛАТҚА АРТЫЛҒАН АМАНАТ: «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҚАРАУЫЛ АУЫЛЫНДА МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ КАДР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

4 дня бұрын

«Science Bridge»: отандық ғылым дамуының жаңа бастауы

4 дня бұрын

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

7 дней бұрын

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС