"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОС КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

11.02.2014
ҚОС КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасы Жолдауларында көрсетілген басты мақсаттардың бірі — индустриалды-инновациялық жобаларды дамыту болып табылады. Қазіргі таңда Семейде бұл бағытта «Қазақстанинжиниринг» АҚ екі зауыты жұмыс істеп келе жатыр. Жұмыс сапары барысында аталмыш кәсіпорындардың жұмысшыларымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Сәлімгерей Бақбергенов, Сенат депутаттары Талғат Абайділдин мен Сергей Плотников кездесті.

«Семей машина құрастыру зауыты» мен «Семей инжиниринг» кәсіпорындарының ұжымымен кездесу барысында «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясының төрағасы Болат Смағұлов жиналғандарды 2013 жылдың нәтижелерімен таныстырды. Ол бір жыл ішінде өндіріс көлемінің 81 миллиард теңгеге жетіп, активтердің 2,6 есеге, табыстың 12 есеге өскенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол, инвестициялар көлемінің де 12 есеге ұлғайғанын, еңбек өнімділігінің артып, жалпы республикалық көрсеткіштен асып отырғанын айтты. Соңғы жылдары бұл компанияда  950 жұмыс орны ашылса, таяу арада тағы да 500 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Жалақы мөлшері екі есеге жуық көбейген. Қазіргі таңда компания бойынша жалақының орташа көлемі 125 мың теңгені құрайды.

 

{jcomments on}- Халықаралық қауымдастықтың қолдауына ие болдық. Соның арқасында 200 миллион доллар инвестиция алдық. Бұл өз кезегінде өңірге де пайдасын әкелді: өткен жылы компанияның екі зауыты жиыны 1 миллиард 200 миллион теңге салық төледі. Екі кәсіпорынның ұжымдарында 1000-ға тарта адам еңбек етуде. Жас мамандардың өндіріске қайтып келгенін көріп отырмыз. Зауыттарды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілгені тағы бар. Қазір біз «Семей инжиниринг» кәсіпорнында қайта жаңғыртудың 4 кезеңін бастадық. Бұл кезең аяқталған кезде қарапайым тұрғындарға қажетті өнімдерді жасай алатын боламыз. Аталмыш жұмыстарды атқаруға шамамен 3 миллиард теңге жұмсалады. Бұл өз кезегінде зауытта қосымша жұмыс орындары пайда болады дегенді білдіреді,- деді Болат Смағұлов. Сондай-ақ, ол биыл Елбасы Жолдауында көрсетілген әлеуметтік саладағы тапсырмаларды орындау мақсатында жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мен спорт залын ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.

 

-Біз қарапайым жұмысшыларға жағдай жасайтын боламыз, өйткені олар өндірістің қозғаушы күші. Елбасы міндеттеген   мамандарды оқыту, ғылымды өндіріске енгізу мақсаттарын орындауға басты назар аударамыз. Себебі, бүгінгі таңда инженер болсын, слесарь болсын, ағылшын  тілін білуге, бағдарламалар ісі мен жоғары технологяларды меңгеруге тиіс мамандар санатына жатады,- деді компания төрағасы. Басшылық алдында тұрған үлкен мақсат — компания айналымындағы ақша көлемін 1 миллиард доллардан асырып, компанияны трансұлттық компанияға айналдыру.

Қазіргі таңда екі зауыт та дамудың жаңа сатысына көтерілді. Әлемнің 30 еліне өнім экспорттап, кәсіпорындармен әріптестік байланыс орнатқан.

— Өз басым Елбасының тапсырмасымен басты бағдарламалық құжат-  Жолдауды түсіндіру жұмыстарын жүргізуге Шығыс Қазақстуан облысына келгеніме қуаныштымын. Өзінің 2050 жылға дейінгі Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев стратегиялық мақсатты орындаудың басты жолдарын көрсетіп берді – ол әлемнің дамыған отыз елдерінің қатарына кіру. Бірінші кезең орындалды. Мен ұлттық компания да осы бағытта жұмыс жасай беретініне сенімдімін,-деді халық қалаулысы Сергей Плотников.

Кездесуді қорытындылай келе,  екі зауыттың да басшылары алдағы уақытта да ерінбей еңбек етуге уәде берді. Өз кезегінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыс халқының алдында тұрған басты мақсаттарды тағы да бір атап өтті.

— Елбасы өндіріске жаңа технологияларды енгізу, жұмысшыларға лайықты жалақы төлеу мақсатын қойды. Семей үшін бұл екі зауыттың үлкен маңызы бар. Бізге қолдау көрсетіп келе жатқан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен ұлттық компания басшыларына алғысымызды білдіреміз. Біз алға қарай жүруіміз керек. Бұрынғы кездері әскери өнім шығарған зауыттар енді халық үшін де жұмыс жасауға тиіс,-деді облыс әкімі.

 

Мирас ҚҰСАЙЫН,                                                                                                                 «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

2 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

2 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

2 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

3 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

3 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

3 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

3 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

4 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС