"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА БАР СЕМЕЙ ДЕГЕН ЕРТІСТІҢ ЖАҒАСЫНДА

17.10.2017
33
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сенбі күні Ертіс жағалауындағы абаттандыру жұмыстары мәресіне жетіп, қала тұрғындары жаңа субұрқақтың ашылуын тамашалады. Шаһардың көрігіне көрік қосқан нысан бой көтерген аумақта мерекелік концерт ұйымдастырылып, тұрғындарды қала әкімі Ермак Сәлімов арнайы құттықтады.

Сенбінің кешінде Ертіс жағалауына жиналған халық әуелі мерекелік концерт пен спортшылардың өнерін тамашалады. Флешмоб ұйымдастырылып, тұрғындар спорттық сайыстардан сынға түсті.

— Биылғы жыл — саяси, мәдени, әлеуметтік жаңғырулар кезеңі. Елмен бірге сүйікті қаламыз Семей де құлпырып келеді. Аймақ басшысы Даниал Ахметов Семейді абаттандыру жұмыстарына мейлінше көп көңіл бөлуде. Қала өмірінде айтарлықтай игі істер атқарылып жатыр. Жуырда ғана ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың ескерткішін өз тұғырына қондырып, Алаш тойын республика көлемінде атап өттік. Семейдегі дүбірлі той Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерейтойымен жалғасты. Қала күні де өз деңгейінде тойланды. Алаңқайлар мен күре жолдар қайта жөндеуден өтіп, аялдамалар жаңартылды. Әлі де жөндеуді қажет ететін нысандар баршылық. Бірлік пен халық сенімінің арқасында мақсаттарға бірге жетеміз деп ойлаймын. Ерке Ертістің жағасындағы ел игілігіне беріліп отырған жаңа субұрқақ құтты болсын! Семейдің көрікті жерлерінің қатары бүгін тағы бір нысанмен толықты,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов тұрғындарға арнаған құттықтау сөзінде.

Осыдан соң қала тұрғындары Ертіс жағалауында екі жылға созылған жөндеу жұмыстарының қорытындысы ретінде қайта жаңғыртылған каскадты фонтанның ашылуын тамашалады. Сондай-ақ аумақта балалар ойын алаңдары пайдалануға беріліп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Жалпы алғанда, Ертіс жағалауын абаттандыру жұмыстарына бюджеттен 345 млн. теңге бөлініпті. Бұл бағыттағы абаттандыру  жұмыстары келесі жылы да жалғасын тауып, алғашқы кезекте жүгіру жолына жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

— Ертіс жағалауы — қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Жөндеу жұмыстарының аяқталып, жаңа субұрқақтың ашылғанына қуаныштымыз. Ертіс жағалауының әсіресе түнгі көрінісі өте әдемі. Аумақтың толық жарықтандырылуы қала тұрғындарының кешкі серуеніне жайлылық туғызып отыр. Ойын алаңдарына енді балаларымды үнемі әкеліп тұратын болдым. Қаламызда осындай көрікті жерлер қатары көбейе берсе екен,- дейді қала тұрғыны Алмагүл Рақымбаева.

Күннің суықтығына байланысты жұмысын тоқтатқан жаңа субұрқақты қала тұрғындары енді келесі көктемде ғана тамашалай алады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

14 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

14 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

14 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

14 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС