"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТАБЫСТЫ

09.11.2017
30
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының жұмысын жаңғырту және болашаққа бағдар». Осындай тақырыпта өткен жұма, 3 қараша күні қалалық Достық үйінде Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының директоры Олжас Соғымбай мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл секторының меңгерушісі Маржан Бахатованың қатысуымен баспасөз конференциясы болып өтті. Журналистермен кездесу барысында шаһардағы тілдерді оқыту орталығының ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жолында атқарған ауқымды жұмыстары айтылып, орталықтың жан-жақты талқыланды жұмысы.

Бұрнағы жылдары жекеменшік ретінде жұмыс істеген тілдерді оқыту орталығы биыл, қала әкімінің жарлығына сәйкес, мемлекеттік мекеме болып қайта құрылған. Содан бері орталықта қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, өзге ұлт өкілдерінің тілдерін жетік меңгеруге бағытталған бірқатар шаралар іске асты. Мәселен, Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай, «Тілдер шеруі» айлығы, сондай-ақ әскери бөлімдер арасында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды. Айта кету керек, биылғы жылы тіл үйретуде, сайыстар ұйымдастыруда тек мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес, әскери адамдарға да баса мән берілді.

— Қала бойынша Әуе шабуылына қарсы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, Семей қаласының №2 қалалық соты, облыстық соттар, Семей өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағы және ҚР ҰҚК ШҚ 2098 әскери бөлімінің тыңдаушылары тіл жарыстарына белсенді түрде атсалысты. Сонымен бірге  еліміздің тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚазТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынағы мен сертификаттық тестілеу ұйымдастырылды. ҚазТЕСТ жүйесінің диагностикалық тестілеуіне 1154 және сертификаттық сынаққа 117 адам қатысты. Нәтижесінде А2 деңгейі бойынша 54, В1 деңгейі бойынша 19, В2 деңгейіне сәйкес 6 азамат сертификатқа қол жеткізді. Орталықта, мемлекеттік тілді үйренушілерге арналған тіл үйрету курсынан бөлек, «Болашаққа — қазақ тілімен» акциясы бастау алып, бір айдың ішінде 313 адам «Тілашар» бағдарламасы негізінде оқуға тартылды. Семей өңіріне шетелден қоныс аударып келген қандастарға арналып  «Қандастарға қамқорлық» шарасы да тілдерді оқыту орталығының мұрындық болуымен өтті. «Қандастарға қамқорлық» акциясы көптеген қандас бауырларға орыс тілінің бастапқы базасын үйренуге мүмкіндік берді,- дейді Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының директоры Олжас Соғымбай.

Баспасөз мәслихатында тілдерді оқыту орталығының тыныс-тіршілігімен таныстырған Олжас Соғымбай болашақтағы жоспарларымен де бөлісті. Айтуынша, мемлекеттік қызметшілерге арналған «Іс қағаздарын жүргізу» және өз баяндамасын соңғы нүктесіне дейін ресми тілде оқуды жөн санайтын мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Шешендік өнер» бағдарламалары әзірленіпті. Аталмыш бағдарламалар 2018 жылдан бастап жүзеге асырылмақ.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

21 час бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

21 час бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

21 час бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

21 час бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС