"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘРІПТЕСТЕРІ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

09.11.2017
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұзақ жылдар түрлі лауазымды қызметтерді атқарып, бар білімін ел дамуына арнаған білікті басшылардың бірі Сүлеймен Медеуов құрметті еңбек демалысына шықты. Өз ісінің нағыз білгірі болған кәсіби маманға әкімдікте лайықты құрмет көрсетілді.   Салтанатты шараға Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Зәуреш Исабаева, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, салалық бөлім  басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Жиынды ашқан Зәуреш Рамазанқызы Сүлеймен Медеуұлының қызмет жолына қысқаша тоқталып, оның қай салада болмасын табысты еңбек еткенін атап өтті.

— Сүлеймен Медеуұлы 40 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік қызметте еңбек етіп келді. Осы уақыт аралығында өзінің іскерлігі мен еңбекке деген табандылығының арқасында қызметтің сан түрлі баспалдағынан өтіп, қатардағы қызметкерден басшыға дейін өсті. Әріптестері арасында беделі артып, жас кадрларды даярлауда үлгі–өнеге көрсетті. Оның ынта-жігері мен әлеуеті, өмірлік іс –тәжірибесі мол, әлі де еңбек етуге мүмкіншілігі жетеді. Алайда, еліміздегі Заңға сәйкес, зейнеткерлікке шығудың да өз тәртібі бар. Осыған орай, қала әкімі Ермак Бидахметұлы мен жергілікті әкімдік қызметкерлері атынан осы айтулы күнмен құттықтап, әріптесімізге тек жақсылықтар ғана тілейміз,- деді аппарат жетекшісі өз сөзінде.

Соңынан ұзақ жылғы табысты еңбегі үшін қала әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген Сүлеймен Медеуұлы өзінің еңбек жолын бұрынғы Семей облысы нормативтік-зерттеу станциясының егін шаруашылығы бөлімінің агрономы болып бастап, қала, облыстық деңгейдегі түрлі бөлім, басқарма, комитеттерде басшылық қызметте болған. Соңғы жылдары Семей қаласының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдеріне жетекшілік етті. Мерейтой иесі 2015 жылдың ақпан айынан бері Семей қаласы жер қатынастары бөлімін басқарды. Осы бөлімнен зейнеткерлікке шығып отыр.

Ізгі тілектер легін қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек Ақжалов жалғастырып, қалалық, облыстық депутаттар атынан құттықтап, мәслихаттың алғыс хатымен марапаттады.

Ал Сүлеймен Медеуұлының жеке қасиеттері туралы мемлекеттік-құқықтық бөлім басшысы Сержан Әзбергенов, шыққан тегі, өскен ортасы жайлы жазушы Медеу Сәрсеке әңгімелеп, әріптестері қай құрметке де лайықты азаматты тағы бір қырынан таныды.

Ермек Исабаев,«Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

5 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

5 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

9 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС