"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯДАН КӨМЕК КҮТЕТІНДЕР КӨП…

17.11.2017
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

14 қараша, сейсенбі күні «Нұр Отан» Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде қала прокурорының орынбасары Руслан Мұратбеков азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Прокурор орынбасарымен ресми жүздесуге келгендер қатарында болған қала тұрғыны Ербол Ежебаев 2016 жылдың 19 наурызында 17 жасар ұлын ұрып өлтірген күдіктіге қатысты арызын арқалап келіпті. Шағымданушының айтуына қарағанда, қылмыстық істі Затон полиция бөлімінің тергеушілері әуеліде Кодекстің 106-шы бабының 3-тармағы бойынша жүргізген. Яғни, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер нәтижесінде, күдікті 8-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасына кесілуі керек. Алайда таяуда қылмыстық сипаттағы іс Кодекстің 104-ші, яғни абайсызда қазаға ұшырату бабына ауыстырылып, қылмыскердің жазасы жеңілдетілген екен. Соттың мұндай шешімімен келіспеген ата-ана еріксіз көзіне жас алды.

— Қазіргі уақытта іс тек соттың құзыретінде. Кезекті сот отырысында бұл шешіммен, сотталушыға қатысты қылмыстық іспен келіспеу туралы сотқа шағым-арыз жіберіп, жазасын қиындататын 106-шы бапқа ауыстыру жөнінде талап-тілек беруге құқығыңыз бар. Заң жүзінде іс прокуратураның қарауында емес, дәл қазір соттың құзыретінде,- деп бір ауыз кеңес берумен шектелді, прокурордың орынбасары Руслан Мұратбеков.

Құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне налып, бейқамдығына наразылық білдірген шағымданушы Ербол Ежебаев облыстық, тіпті бас прокуратураға да хат жазып, әділдік іздеп, көмек сұраған. Қалалық прокуратура тарапынан ағымдағы жылдың 23-ші наурызында «оқиға куәгерлері тергеліп, жәбірленушінің әлеуметтік желідегі хабарламалары, ұялы телефонындағы детализациясы тексерілсін» деген нұсқау берілген екен. Алайда он ай ішінде полиция қызметкерлері үш рет қана  тергеу амалдарын жүргізгенін айтады, Ербол Ежебаев. Әділдікке қол жеткізу мақсатында шарқ ұрған әке Алматы қаласынан жекеменшік сарапшыларды да жалдаған. Олар ажал құшқан өрімдей жас жігіттің мәйітіне эксгумация жасап,  сараптамадан өткізді. Нәтижесінде қаза болған баланың бет жарақаттары бар екені, сондай-ақ мұрын, көз сүйектері сынғаны анықталған. Бірақ сараптама қорытындысы жоққа шығарылып, Өскеменде, кейін Қарағанды қаласында қайта жасалған. Куәгерлердің сөзіне сүйенген сарапшылар жәбірленуші кеуде тұсынан соққы алып, артынша жүрегі тоқтап қалған деген қорытындыға келген. Бұл іске қатысты соттың кезекті отырысы 16 қараша күні өтпек. Соттың жауабы қанағаттандырмаса, шындық іздеген ата-ана аппеляцияға бермек ниетте.

Қала прокурорынан көмек сұрай келгендердің шағымдарының басым бөлігі қылмыстық істерге қатысты болды. Барлығының тілегі бір – әділеттілікке қол жеткізу. Заңға сәйкес кеңес алған қала тұрғындары түйткілді мәселелерінің түйіні шешіледі деген зор үмітпен үйлеріне тарқасты.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

16 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

16 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

19 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС