"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒАДА

12.12.2017
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдегі «Солтүстік» сауда логистикалық орталығында ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл жолы қала тұрғындарына Бородулиха ауданының он сегіз ауылдық округінің шаруа қожалықтары өз өнімдерін әкеліпті.

Бородулихалық шаруалар қала халқына 3100 келі сиыр еті, 500 келі жылқы еті, 700 келі қой еті мен сүт және бал өнімдерін нарықтағы бағадан төмен етіп саудалады. Таңертеңнен жәрмеңкеге асыққан семейліктердің қарасы да қалың еді. Көпшілік табиғи таза ауыл өнімдерін сатып алуға асықты. Семейде әр сенбі сайын мұндай жәрмеңкелерді ұйымдастыру дәстүрге айналған. Халыққа ұсынылған азық-түліктің бағасы да базардан біршама арзан. Сондықтан сенбілік жәрмеңке қарапайым тұрғындарға қаржыларын үнемдеуге, ең бастысы, таза өнімдерді алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ осындай жәрмеңкелер әлеуметтік маңызы зор азық-түлік құнының тұрақтылығын қамтамасыз етуге де септігін тигізбек. Бородулиха ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Бақтияр Құдайбергеновтің айтуынша, семейліктердің таза табиғи өнімге сұранысы жоғары.

— Бүгінгі ауылшаруашылық жәрмеңкесіне ет, май, құрт сияқты ауылда өндірілетін өнімдерді алып келдік. Атап айтар болсақ, 3100 келі сиыр еті, 500 келі жылқы, 680 келі қой еті жеткізілді. Сондай-ақ 400 литр сүт, 150 келі сары май, жұмыртқа мен қаймақ, құрт, май, ірімшік төмен бағада саудалануда. 200 келідей бал өнімі де жақсы өтуде. «Солтүстік» сауда логистикалық орталығы ашылғалы, ауданның шаруалары өнімдерін осында саудалауда. Бұл шаруалар мен тұтынушыларға да тиімді болып отыр,- дейді Бақтияр Құдайбергенов.

Бородулиха ауылдық округі Коростели ауылынан келген Бақыт Әубәкірова жәрмеңкеге қатысуды дәстүрге айналдырған.

— Осы жолы өзіміздің қосалқы шаруашылығымыздан бір бас сиыр етін алып келдік. Сиыр етін 1300 теңгеден саудалап жатырмыз. Осындай жәрмеңкелерге ұдайы қатысып отырамыз. Бұл біз сияқты шаруаларға өте қолайлы, баршаларыңызға рақмет,- дейді.

Ал Белағаш ауылдық округінен келген Шынар Салихова сүт өнімдерін жеткізіпті. Ол да қосалқы шаруашылығынан алынған өнімдерін демалыс сайын жеткізіп отырады екен.

—  Жәрмеңкеге демалыс сайын келіп отырамыз. Сүт, қаймақ, ірімшік, сары май саудалаймын. Осы жолы 30 литр қаймақ, 20 литр сүт, 30 келі сары май әкелдім. Таңертеңнен өнімдеріміз жақсы өтіп жатыр. Бағасы да халыққа қолжетімді деп ойлаймын. Сүт өнімдері сапалы әрі табиғи болғандықтан, өтімі жақсы,- дейді.

Осы орайда қала халқының да пікірін білген едік. Көбіне ет және сүт өнімдерін сатып алғандар бағаның шынымен қолжетімді екенін айтады. Жалпы, осындай  жәрмеңкелер бағаны бір қалыпты ұстауға мүмкіндік береді. Оны тәжірибе де көрсетіп отыр.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

>

 

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

2 часа бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

2 часа бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

2 часа бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

2 часа бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

2 часа бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

2 часа бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

2 часа бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

2 часа бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

2 часа бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС