"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТУҒАН ЖЕРІН ТҮЛЕТКЕНДЕР

12.12.2017
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семеймен іргелес Бородулиха ауданына жолымыз түсті. Іссапарымыздың мақсаты – түгін тартсаң, майы шығатын өңірдің бүгінгі тыныс – тіршілігімен танысу. Соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде алдына жан салмайтын еңбекшіл өлкенің биылғы жиын –теріннен күтері не, межесі қандай деген сауалдарға жауап іздеу. Сапарымыз сәтімен болып, бірнеше шаруа қожалығының бүгінгі беталысымен танысқан біздер Олимпиада ойындарына қатысқан тұңғыш қазақ Ғұсман Қосановтың ауылын көруге де мүмкіндік алдық.

Алдымен Белағаш ауылдық округіне қарасты «Коммунальник» шаруа қожалығына ат басын тіреген біздер шағын ғана ауылда үлкен істер жасалып жатқанына куә болдық. 2004 жылы өз алдына шаңырақ көтерген шаруашылықтың 1800 гектар жері бар. Негізінен, майлы дақылдар, бидай, қарақұмық өсірумен айналысатын қожалық — аудандағы алдыңғы қатарлы еңбек ұжымдарының бірі.

— 8 жыл Германияда тұрып, қайтып келісімен өзімдегі аз ғана үлесімді қайын атамның шаруашылығына қосып, осы қожалықты аштық. Тұрақты 4 адам жұмыс істейді. Жігіттердің барлығы адал, өз істеріне берілген мамандар. Тіптен араларында 18 жылдан бері табан аудармай еңбек етіп келе жатқандары да бар. Қожалыққа қарасты 14 техниканың тілін де осы төртеуі біледі. Жұмысты жанын салып істейтіндіктен, еңбекақыларын да дұрыс беруге тырысамыз. Айлық жалақылары 70 мың теңге. Оны тұрақты түрде алады. Оның сыртында қыстық отыны, малдарына қажетті жемшөбі тегін. Ол қожалық мойнында. Жыл соңында сыйақы міндетті түрде беріледі. Мәселен, былтыр әрқайсысына 500 мың теңгеден сыйақы берілді. Осының барлығы оларды ынталандыру үшін жасалған шаралар,- дейді «Коммунальник» шаруа қожалығының іс басқарушысы Константин Поп.

Шаруашылықтың негізгі иесі — Ирина Поп. Алайда бақытты әже атанып, немере бағып отырғандықтан, істің барлығын жолдасы Константин Адамович жүргізеді екен. Өткен жылы майлы дақылдардың әр гектарынан 7 — 8, бидайдан 15 центнерден өнім алған «Коммунальник» күзгі жиын — терін жұмыстарына үлгермеген шаруашылықтарға қолғабыс еткен. Жинаған өнімді тиісті орындарға тапсыратын олар Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығына берілетін көмекті де тиімді пайдаланып отыр. Іс басқарушы сөзіне сүйенсек, олар Үкіметтің жанар-жағармайға, салынған егіннің әр гектарына, тыңайтқышқа берілетін субсидиясын еш кедергісіз алып отыр екен. Шаруа қожалығының тағы бір мақтауға тұрарлық әрекеті – демеушілігі. Зенковка ауылының ортасынан қожалық өз қаржысына заманауи үлгідегі жабық хоккей алаңын салып жатыр.

— Хоккей алаңын салу идеясы ойыма осыдан 10 шақты жыл бұрын келді. Алдымен үй маңында шағын мұз айдынын салып едік, ауыл балалары жиналып ойнай бастады. Оның аздық ететінін ескерген біз келесіде мектеп жанынан үлкен алаң жасадық. Бірақ оған да көңіліміз толмай, осы бір үлкен іске тәуекел етіп отырмыз. Құны шамамен 100 млн. теңгеге есептелген жабық мұз айдыны ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Оны қазірдің өзінде аудандық әкімдік сатып алуға ұсыныс жасап отыр. Бірақ біз оны сату үшін емес, ауыл тұрғындарының игілігі үшін салып жатырмыз,- дейді  Константин Поп.

Бір байқағанымыз, сұхбаттасымыз сөзге сараң, істеген шаруалары жайында «мен былай жасадым» деп кеудесін соқпайтын қарапайым адам екені көрініп тұр. Оның спортшыларға ерекше қамқор екендігін, қажет болса, бүкіл команданы арнайы киім үлгісімен жабдықтап, барыс–келіс жол ақыларына қомақты қаражат жұмсайтындығын  бізге жол бастаушы болған ауылдық округ әкімдігінің маманынан естіп білдік. Кейіпкеріміздің арнайы оқыған білімі де жоқ екен. «Өзім өмір бойы ауылда тұрып, дала жұмысына қаныққанның арқасында оқып, үйреніп алдым»,- деп әзілдеді бізге. Жүздесуіміздің соңында:

— 8 жыл Германияда тұрған екенсіз, неліктен қайтып келдіңіз?– деп, өзімізді қызықтырған сауалды қойдық. Ол да тартынбай, нақты әрі бүкпесіз жауап қатты.

— Өзім осы өңірдің тумасымын. Германияға отбасыммен көшіп барғаным да рас. Бірақ жерсініп кете алмадық. Ол жақтың адамдары да біртүрлі. Қоңсы отырып, көршіңізді танымау — олар үшін қалыпты жағдай. Бір-бірімен араласу деген жоқ. Бізде бәрі басқаша ғой. Еркін тілдесіп, пікір алмаса береміз. Қалаған уақытта «құтты қонақ» болып бара саламыз. Осыны ескеріп, елге қайтып келдік. Өкінбейміз. Қазақстандай бауырмал, адамдары ақжарқын елді көрмедім,- дейді шаруа.

Бастаған ісіне сәттілік тілеген біздер Константин Поппен қоштасып, «Алға» шаруа қожалығына қарай жол тарттық. Бізді шаруашылық басында басшы Мансұр Бергеневтің өзі қарсы алды. Ұзақ жылдар механизатор, көлік жүргізуші болып еңбек еткен ағамыз жеке кәсіпке осыдан 15 жыл бұрын келіпті. Алғашында 150 гектар жер алып, оны өңдеп, ел қатарлы іс бастаған. Бүгінде қожалық иелігіндегі 950 гектар жердің 20 гектарына арпа, 50 гектарына бидай, 200 гектарына шабындық шөп, қалғанына майлы дақылдар сепкен. Өткен жылғы жиын  — терінде арпа мен бидайдың әр гектарынан 12 центнерден өнім алған Мансұр Сәдуақасұлы егіннің бітік шығуы жауын–шашынның қанша мөлшерде түсуіне байланысты деп отыр.

— Аудан аумағында өзен жоқтың қасы. Салдарынан көктен жаңбыр жауғанын тілеуден басқа амалымыз жоқ. Биылғы ауа райы қолайсыздау болып тұр. 2 ай болды жерге бір тамшы да тамбады. Еккен егініміздің көтерілген сәтінде жаңбыр бір құйып берсе жарар еді. Қанша құнарлы болғанымен, топыраққа сусыз қиын ғой. Жинаған өнімдеріміздің ысырап болғаны жоқ. Жылда тиісті жерге өткізіп отырамыз. Дала жұмыстарында тұрақты 3 жұмысшым бар. Маусымдық жұмысқа қосымша адам аламын. Бұған қосымша ет бағытында 20 бас сиыр мен 20 бас жылқы өсіріп отырмын. Әр жыл сайын солардың аналықтарын алып қап, союға жарайтындарын саудалаймын. Түрлі жәрмеңкелерге қатысамын. Мал бағуға 2 адам жалданып отыр. Олар да тұрақты еңбекақы алады,- дейді зейнеткер.

Қарап отырсаңыздар, екі азамат та Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы тапсырмалардың орындалуына өз еңбектерімен үлес қосып отырған жандар. Президент мақаласында жердің қадір –қасиетін жете түсіну керек-тігі айтылған. Мақаладағы: «Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Ықылым замандардан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, аста-төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен Жер-ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті… Осының бәрі — жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы» деген сөздерді көз шалады. Ал әңгімемізге арқау болған бородулихалық шаруалар, керісінше, жер байлығын ел байлығына айналдырып отыр.

Елбасымыз өз мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын»,- деп көпшілікке орамды ой тастаған еді. Президент осы арқылы әрбір қазақстандықты өзінің шыққан жерін ұмытпай, туған ауылына, қаласына қол ұшын беруге шақырып отыр. Бородулиха ауданына қарасты Изатолла ауылының тұрғындары Мемлекет басшысының осы бастамасына үн қосып отыр.  Олар өз күштерімен балалардың ойын алаңын салып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.

Осы орайда Изатолла ауылы жайлы аз-кем ақпарат бере кеткеніміз жөн болар. Изатолла — қазақтың ән, спорт әлемінде жарық жұлдыз болғандардың кіндік қаны тамған жер. Мәдениет Ешекеев, Болат Сыбанов сынды күміс көмей, жезтаңдай әншілерді, желаяқ, Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ Ғұсман Қосановты өмірге әкелген, тәрбиелеп, үлкен өмірге қанат қақтырған ауыл. Жасыратыны жоқ, ауылдың ажары кетіп–ақ тұр.  Ұлттың біртуар азаматтарының алтын бесігі болған жердің кейпін көріп, көңілің құлазиды. Бар болғаны 15 үй.

— Изатолла кезінде үлкен ауыл болатын. 90-шы жылдардың тоқырауында көбі көшіп кетті. Дегенмен қалғандары да бар. Олар қамсыз отырған жоқ. Өз күндерін өздері көріп отыр. Ауылда тұратындардың дені «Дальняя» орманшылығында еңбек ететіндер. Жалпы, бұл орманшылық осы жерде 1965 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Біздің ұжымдағы 33 адамның 28–і — осы ауыл тұрғындары. Бұрындары ауылда 8 жылдық мектеп бар болатын. Қазір мектеп жасындағы балаларымызды әркім өз әлінше қалада оқытады. Ауылда еңбек жасындағы адамдар ғана қалды,- дейді «Дальняя» орманшылығының орманшысы Серікбек Смаилов.

Аумағы 100 шаршы метрді алып жатқан балалар ойын алаңын салу идеясы да ауыл тұрғындарының өздерінікі. Ортақ ой ұйымшыл әрекетке ұласып, шамамен 40-50 мың теңгедей ақша жинаған. Оның сыртында қалада тұратын бір кәсіпкер қажетті тақтайлармен қамтамасыз етсе, «Семей орманы» алаңды қоршауға қолғабыс жасаған.

— Күн сайын ауыл балаларының көше бойында шаң топырақта аунап жүргенін көзіміз көреді. Содан неге бір балалар ойын алаңын салмасқа деген ой келді. Ауылдастар ақылдаса келіп, балаға аса қажет-ау деген ойын құрылғыларын орнаттық. Әзірге қолдан келгені осы, бірақ болашақта ұлғайтсақ деген жоспарымыз бар. Өткен жылдары орманшылық жаңа ғимаратқа ие болды. Сол ғимаратты қоршап, ауласына көшеттер отырғызып, үлкендер үшін спорт алаңын салсақ па дейміз. Бұл да қажет дүние. Мен өзім ауылға 1990 жылы келгенмін. Негізім қалалық болса да, қалаға барғым келмейді. Ауыл деген жақсы ғой,- деп, Серікбек Жұмашұлы «Дальняя» орманшылығы 22 600 гектар орманды бақылауда ұстап отырғанын, орманда соңғы 11 жылда үлкен өрт оқиғасының тіркелмегенін атап өтті.

Біз осы сапарымызда жерді тиімді пайдаланып, кәсібінен нәсіп тауып отырғандар мен жат елдің дәмін татса да, туған елдей ел болмайтынын түсінгендерді көріп бір қуансақ, ауылдағы ауызбіршіліктің арқасында кез келген қиындықты бірге жеңетін изатоллалықтарды көріп екі қуандық.

P.S: Сөз соңында өзіме ерекше әсер еткен мына бір жайтты айтпай кетпеске болмас. Изатолладағы балалар ойын алаңына барып балаларды суретке түсіріп алайық деп тұрғанымызда, қаладан тілшілер келгенін естіген ауыл қара домалақтары жинала қалды. Үлкендері 7-8 жаста, қалғандары одан да кіші болар деп топшыладым. Келе сала бізбен араласып қатарласа тұрған ауыл үлкендеріне «Ассалаумағалейкум» деп қос қолдарын беріп амандасты. Ішім жылып сала берді. Бұл да бір тәрбиенің, тәрбие болғанда, нағыз қазақы тәрбиенің көрінісі. Әйтпесе тас қалада «Танымасын сыйламас» деп, сәлем бермек түгілі, бетіңе бажырая қарап өте шығатын көршінің баласын күнде көреміз ғой.  Ендеше, болашақта осы ауыл балалары нағыз патриот болып, Елбасы айтқан елжанды азамат болып өсетініне сенімдімін. Ал шағын ауылдың аз баласының үлкен болашағына алаңдаушылық білдіргендердің ісі ерлікке пара–пар емей немене?

Мақала Бородулиха ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде әзірленді.

Ермек ИСАБАЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫ – ӘР МЕКТЕПТЕ

11.12.2025
ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫ – ӘР МЕКТЕПТЕ

Тәуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, ұрпақ санасына ұялатар ең қастерлі құндылық. Бүгінгі таңда осы құндылықты жас өрендердің жүрегіне терең орнықтыру...

Толығырақ...Details

Абай облысында 54 мыңға жуық кәсіпкер заңды түрде жұмыс істейді

11.12.2025
Абай облысында 54 мыңға жуық кәсіпкер заңды түрде жұмыс істейді

Мемлекетке тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысу бюджетке түсетін салықтардың азаюына, көлеңкелі экономиканың ұлғаюына және адал жұмыс істейтін кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіруге алып...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Инклюзивті Ассамблея» жобасы аясында Абай облысында кеңейтілген кездесу өтті

11.12.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Инклюзивті Ассамблея» жобасы аясында Абай облысында кеңейтілген кездесу өтті

Семей қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік бағыттағы «Инклюзивті Ассамблея» жобасы аясында «ҚХА қызметінде әлеуметтік бағдар беретін инклюзивті ортаны қалыптастыру» тақырыбында...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан келіссөз жүргізді

11.12.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан келіссөз жүргізді

Мемлекеттер басшылары бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің әнұрандары орындалды. Одан кейін...

Толығырақ...Details

Абай облысында жұмыспен қамту картасы мен мерекелік дайындық талқыланды

11.12.2025
Абай облысында жұмыспен қамту картасы мен мерекелік дайындық талқыланды

Semeytany.kz – Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында 2025 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасының...

Толығырақ...Details

Абай облысына сый: өңірлер Семейге қандай нысандар салып береді?

11.12.2025
Абай облысына сый: өңірлер Семейге қандай нысандар салып береді?

Semeytany.kz – Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Абай облысына жұмыс сапары барысында «Абайға құрмет» республикалық акциясын іске асыру мәселелері бойынша кеңес...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫ – ӘР МЕКТЕПТЕ

15 часов бұрын

Абай облысында 54 мыңға жуық кәсіпкер заңды түрде жұмыс істейді

18 часов бұрын

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Инклюзивті Ассамблея» жобасы аясында Абай облысында кеңейтілген кездесу өтті

18 часов бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан келіссөз жүргізді

20 часов бұрын

Абай облысында жұмыспен қамту картасы мен мерекелік дайындық талқыланды

20 часов бұрын

Абай облысына сый: өңірлер Семейге қандай нысандар салып береді?

20 часов бұрын

Абай облысында алдағы күндері аяз бәсеңдеп, боранды күндер күтіледі

2 дня бұрын

Темірлан Анарбеков Чемпиондар Лигасының үздіктер қатарында

2 дня бұрын

Абай ауданында ауылдарды орталықтандырылған ауызсумен қамту жобасы іске асып жатыр

2 дня бұрын

Тәуелсіздік күні қазақстандықтар қанша күн демалады: күнтізбе

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС