"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТУҒАН ЖЕРІН ТҮЛЕТКЕНДЕР

12.12.2017
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семеймен іргелес Бородулиха ауданына жолымыз түсті. Іссапарымыздың мақсаты – түгін тартсаң, майы шығатын өңірдің бүгінгі тыныс – тіршілігімен танысу. Соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде алдына жан салмайтын еңбекшіл өлкенің биылғы жиын –теріннен күтері не, межесі қандай деген сауалдарға жауап іздеу. Сапарымыз сәтімен болып, бірнеше шаруа қожалығының бүгінгі беталысымен танысқан біздер Олимпиада ойындарына қатысқан тұңғыш қазақ Ғұсман Қосановтың ауылын көруге де мүмкіндік алдық.

Алдымен Белағаш ауылдық округіне қарасты «Коммунальник» шаруа қожалығына ат басын тіреген біздер шағын ғана ауылда үлкен істер жасалып жатқанына куә болдық. 2004 жылы өз алдына шаңырақ көтерген шаруашылықтың 1800 гектар жері бар. Негізінен, майлы дақылдар, бидай, қарақұмық өсірумен айналысатын қожалық — аудандағы алдыңғы қатарлы еңбек ұжымдарының бірі.

— 8 жыл Германияда тұрып, қайтып келісімен өзімдегі аз ғана үлесімді қайын атамның шаруашылығына қосып, осы қожалықты аштық. Тұрақты 4 адам жұмыс істейді. Жігіттердің барлығы адал, өз істеріне берілген мамандар. Тіптен араларында 18 жылдан бері табан аудармай еңбек етіп келе жатқандары да бар. Қожалыққа қарасты 14 техниканың тілін де осы төртеуі біледі. Жұмысты жанын салып істейтіндіктен, еңбекақыларын да дұрыс беруге тырысамыз. Айлық жалақылары 70 мың теңге. Оны тұрақты түрде алады. Оның сыртында қыстық отыны, малдарына қажетті жемшөбі тегін. Ол қожалық мойнында. Жыл соңында сыйақы міндетті түрде беріледі. Мәселен, былтыр әрқайсысына 500 мың теңгеден сыйақы берілді. Осының барлығы оларды ынталандыру үшін жасалған шаралар,- дейді «Коммунальник» шаруа қожалығының іс басқарушысы Константин Поп.

Шаруашылықтың негізгі иесі — Ирина Поп. Алайда бақытты әже атанып, немере бағып отырғандықтан, істің барлығын жолдасы Константин Адамович жүргізеді екен. Өткен жылы майлы дақылдардың әр гектарынан 7 — 8, бидайдан 15 центнерден өнім алған «Коммунальник» күзгі жиын — терін жұмыстарына үлгермеген шаруашылықтарға қолғабыс еткен. Жинаған өнімді тиісті орындарға тапсыратын олар Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығына берілетін көмекті де тиімді пайдаланып отыр. Іс басқарушы сөзіне сүйенсек, олар Үкіметтің жанар-жағармайға, салынған егіннің әр гектарына, тыңайтқышқа берілетін субсидиясын еш кедергісіз алып отыр екен. Шаруа қожалығының тағы бір мақтауға тұрарлық әрекеті – демеушілігі. Зенковка ауылының ортасынан қожалық өз қаржысына заманауи үлгідегі жабық хоккей алаңын салып жатыр.

— Хоккей алаңын салу идеясы ойыма осыдан 10 шақты жыл бұрын келді. Алдымен үй маңында шағын мұз айдынын салып едік, ауыл балалары жиналып ойнай бастады. Оның аздық ететінін ескерген біз келесіде мектеп жанынан үлкен алаң жасадық. Бірақ оған да көңіліміз толмай, осы бір үлкен іске тәуекел етіп отырмыз. Құны шамамен 100 млн. теңгеге есептелген жабық мұз айдыны ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Оны қазірдің өзінде аудандық әкімдік сатып алуға ұсыныс жасап отыр. Бірақ біз оны сату үшін емес, ауыл тұрғындарының игілігі үшін салып жатырмыз,- дейді  Константин Поп.

Бір байқағанымыз, сұхбаттасымыз сөзге сараң, істеген шаруалары жайында «мен былай жасадым» деп кеудесін соқпайтын қарапайым адам екені көрініп тұр. Оның спортшыларға ерекше қамқор екендігін, қажет болса, бүкіл команданы арнайы киім үлгісімен жабдықтап, барыс–келіс жол ақыларына қомақты қаражат жұмсайтындығын  бізге жол бастаушы болған ауылдық округ әкімдігінің маманынан естіп білдік. Кейіпкеріміздің арнайы оқыған білімі де жоқ екен. «Өзім өмір бойы ауылда тұрып, дала жұмысына қаныққанның арқасында оқып, үйреніп алдым»,- деп әзілдеді бізге. Жүздесуіміздің соңында:

— 8 жыл Германияда тұрған екенсіз, неліктен қайтып келдіңіз?– деп, өзімізді қызықтырған сауалды қойдық. Ол да тартынбай, нақты әрі бүкпесіз жауап қатты.

— Өзім осы өңірдің тумасымын. Германияға отбасыммен көшіп барғаным да рас. Бірақ жерсініп кете алмадық. Ол жақтың адамдары да біртүрлі. Қоңсы отырып, көршіңізді танымау — олар үшін қалыпты жағдай. Бір-бірімен араласу деген жоқ. Бізде бәрі басқаша ғой. Еркін тілдесіп, пікір алмаса береміз. Қалаған уақытта «құтты қонақ» болып бара саламыз. Осыны ескеріп, елге қайтып келдік. Өкінбейміз. Қазақстандай бауырмал, адамдары ақжарқын елді көрмедім,- дейді шаруа.

Бастаған ісіне сәттілік тілеген біздер Константин Поппен қоштасып, «Алға» шаруа қожалығына қарай жол тарттық. Бізді шаруашылық басында басшы Мансұр Бергеневтің өзі қарсы алды. Ұзақ жылдар механизатор, көлік жүргізуші болып еңбек еткен ағамыз жеке кәсіпке осыдан 15 жыл бұрын келіпті. Алғашында 150 гектар жер алып, оны өңдеп, ел қатарлы іс бастаған. Бүгінде қожалық иелігіндегі 950 гектар жердің 20 гектарына арпа, 50 гектарына бидай, 200 гектарына шабындық шөп, қалғанына майлы дақылдар сепкен. Өткен жылғы жиын  — терінде арпа мен бидайдың әр гектарынан 12 центнерден өнім алған Мансұр Сәдуақасұлы егіннің бітік шығуы жауын–шашынның қанша мөлшерде түсуіне байланысты деп отыр.

— Аудан аумағында өзен жоқтың қасы. Салдарынан көктен жаңбыр жауғанын тілеуден басқа амалымыз жоқ. Биылғы ауа райы қолайсыздау болып тұр. 2 ай болды жерге бір тамшы да тамбады. Еккен егініміздің көтерілген сәтінде жаңбыр бір құйып берсе жарар еді. Қанша құнарлы болғанымен, топыраққа сусыз қиын ғой. Жинаған өнімдеріміздің ысырап болғаны жоқ. Жылда тиісті жерге өткізіп отырамыз. Дала жұмыстарында тұрақты 3 жұмысшым бар. Маусымдық жұмысқа қосымша адам аламын. Бұған қосымша ет бағытында 20 бас сиыр мен 20 бас жылқы өсіріп отырмын. Әр жыл сайын солардың аналықтарын алып қап, союға жарайтындарын саудалаймын. Түрлі жәрмеңкелерге қатысамын. Мал бағуға 2 адам жалданып отыр. Олар да тұрақты еңбекақы алады,- дейді зейнеткер.

Қарап отырсаңыздар, екі азамат та Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы тапсырмалардың орындалуына өз еңбектерімен үлес қосып отырған жандар. Президент мақаласында жердің қадір –қасиетін жете түсіну керек-тігі айтылған. Мақаладағы: «Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Ықылым замандардан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, аста-төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен Жер-ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті… Осының бәрі — жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы» деген сөздерді көз шалады. Ал әңгімемізге арқау болған бородулихалық шаруалар, керісінше, жер байлығын ел байлығына айналдырып отыр.

Елбасымыз өз мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын»,- деп көпшілікке орамды ой тастаған еді. Президент осы арқылы әрбір қазақстандықты өзінің шыққан жерін ұмытпай, туған ауылына, қаласына қол ұшын беруге шақырып отыр. Бородулиха ауданына қарасты Изатолла ауылының тұрғындары Мемлекет басшысының осы бастамасына үн қосып отыр.  Олар өз күштерімен балалардың ойын алаңын салып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.

Осы орайда Изатолла ауылы жайлы аз-кем ақпарат бере кеткеніміз жөн болар. Изатолла — қазақтың ән, спорт әлемінде жарық жұлдыз болғандардың кіндік қаны тамған жер. Мәдениет Ешекеев, Болат Сыбанов сынды күміс көмей, жезтаңдай әншілерді, желаяқ, Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ Ғұсман Қосановты өмірге әкелген, тәрбиелеп, үлкен өмірге қанат қақтырған ауыл. Жасыратыны жоқ, ауылдың ажары кетіп–ақ тұр.  Ұлттың біртуар азаматтарының алтын бесігі болған жердің кейпін көріп, көңілің құлазиды. Бар болғаны 15 үй.

— Изатолла кезінде үлкен ауыл болатын. 90-шы жылдардың тоқырауында көбі көшіп кетті. Дегенмен қалғандары да бар. Олар қамсыз отырған жоқ. Өз күндерін өздері көріп отыр. Ауылда тұратындардың дені «Дальняя» орманшылығында еңбек ететіндер. Жалпы, бұл орманшылық осы жерде 1965 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Біздің ұжымдағы 33 адамның 28–і — осы ауыл тұрғындары. Бұрындары ауылда 8 жылдық мектеп бар болатын. Қазір мектеп жасындағы балаларымызды әркім өз әлінше қалада оқытады. Ауылда еңбек жасындағы адамдар ғана қалды,- дейді «Дальняя» орманшылығының орманшысы Серікбек Смаилов.

Аумағы 100 шаршы метрді алып жатқан балалар ойын алаңын салу идеясы да ауыл тұрғындарының өздерінікі. Ортақ ой ұйымшыл әрекетке ұласып, шамамен 40-50 мың теңгедей ақша жинаған. Оның сыртында қалада тұратын бір кәсіпкер қажетті тақтайлармен қамтамасыз етсе, «Семей орманы» алаңды қоршауға қолғабыс жасаған.

— Күн сайын ауыл балаларының көше бойында шаң топырақта аунап жүргенін көзіміз көреді. Содан неге бір балалар ойын алаңын салмасқа деген ой келді. Ауылдастар ақылдаса келіп, балаға аса қажет-ау деген ойын құрылғыларын орнаттық. Әзірге қолдан келгені осы, бірақ болашақта ұлғайтсақ деген жоспарымыз бар. Өткен жылдары орманшылық жаңа ғимаратқа ие болды. Сол ғимаратты қоршап, ауласына көшеттер отырғызып, үлкендер үшін спорт алаңын салсақ па дейміз. Бұл да қажет дүние. Мен өзім ауылға 1990 жылы келгенмін. Негізім қалалық болса да, қалаға барғым келмейді. Ауыл деген жақсы ғой,- деп, Серікбек Жұмашұлы «Дальняя» орманшылығы 22 600 гектар орманды бақылауда ұстап отырғанын, орманда соңғы 11 жылда үлкен өрт оқиғасының тіркелмегенін атап өтті.

Біз осы сапарымызда жерді тиімді пайдаланып, кәсібінен нәсіп тауып отырғандар мен жат елдің дәмін татса да, туған елдей ел болмайтынын түсінгендерді көріп бір қуансақ, ауылдағы ауызбіршіліктің арқасында кез келген қиындықты бірге жеңетін изатоллалықтарды көріп екі қуандық.

P.S: Сөз соңында өзіме ерекше әсер еткен мына бір жайтты айтпай кетпеске болмас. Изатолладағы балалар ойын алаңына барып балаларды суретке түсіріп алайық деп тұрғанымызда, қаладан тілшілер келгенін естіген ауыл қара домалақтары жинала қалды. Үлкендері 7-8 жаста, қалғандары одан да кіші болар деп топшыладым. Келе сала бізбен араласып қатарласа тұрған ауыл үлкендеріне «Ассалаумағалейкум» деп қос қолдарын беріп амандасты. Ішім жылып сала берді. Бұл да бір тәрбиенің, тәрбие болғанда, нағыз қазақы тәрбиенің көрінісі. Әйтпесе тас қалада «Танымасын сыйламас» деп, сәлем бермек түгілі, бетіңе бажырая қарап өте шығатын көршінің баласын күнде көреміз ғой.  Ендеше, болашақта осы ауыл балалары нағыз патриот болып, Елбасы айтқан елжанды азамат болып өсетініне сенімдімін. Ал шағын ауылдың аз баласының үлкен болашағына алаңдаушылық білдіргендердің ісі ерлікке пара–пар емей немене?

Мақала Бородулиха ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде әзірленді.

Ермек ИСАБАЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Табыстың жаңа формуласы»: Абайда 300-ден астам кәсіпкер жиналды

01.11.2025
«Табыстың жаңа формуласы»: Абайда 300-ден астам кәсіпкер жиналды

Абай облысында «Respublica» партиясының облыстық филиалы және “Re.Women” әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «ReBusiness Forum 2025 – Бизнес пен интеллект: табыстың жаңа...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

31.10.2025
«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Қай студенттер шәкіртақы алады?   Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелері бойынша «үздік», «жақсы» деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын...

Толығырақ...Details

Абай облысында жылыту маусымында өрт оқиғалары 44%-ға артты

31.10.2025
Абай облысында жылыту маусымында өрт оқиғалары 44%-ға артты

Абай облысында жылыту маусымы басталғалы өрт оқиғаларының саны күрт артты. Биыл өңірде 304 өрт тіркеліп, бұл өткен маусыммен салыстырғанда 44-%...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін асырғаны үшін қандай жаза қауіпі бар?

31.10.2025
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін асырғаны үшін қандай жаза қауіпі бар?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілді. Аталған тізбеге 19 негізгі тағам түрі енгізілді, олардың қатарына:...

Толығырақ...Details

Танымал волейболшыны жаттығу кезінде тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті

31.10.2025
Танымал волейболшыны жаттығу кезінде тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті

Иран ұлттық құрамасының әйгілі волейболшысы Сабер Каземи Катарда жаттығудан кейін оқыс оқиғаға тап болды. "Эр-Райян" клубында дайындық кезінде спортшыны бассейнде...

Толығырақ...Details

Семейде әлеуметтік қорғау саласының үздіктері құрметталды

31.10.2025
Семейде әлеуметтік қорғау саласының үздіктері құрметталды

Semeytany.kz - Семейде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шарада облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов мамандарды кәсіби...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды

10 часов бұрын

«Табыстың жаңа формуласы»: Абайда 300-ден астам кәсіпкер жиналды

1 день бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

2 дня бұрын

Абай облысында жылыту маусымында өрт оқиғалары 44%-ға артты

2 дня бұрын

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін асырғаны үшін қандай жаза қауіпі бар?

2 дня бұрын

Танымал волейболшыны жаттығу кезінде тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті

2 дня бұрын

Семейде әлеуметтік қорғау саласының үздіктері құрметталды

2 дня бұрын

Бесқарағайдағы Ерназар ауылында заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды

2 дня бұрын

Облыс әкімі Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

2 дня бұрын

Абай облысында 400-ден астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС