"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында бағасы көрсетілмеген тауар сатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынды

28.11.2025
Абай облысында бағасы көрсетілмеген тауар сатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынды
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысында тауарды бағасы көрсетілмей сатқан бірқатар кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өңірдің сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жыл басынан бері баға жапсырмаларының болмауына қатысты 17 өтініш түскен.

Департамент мамандары жүргізген жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 16 кәсіпкерлік субъектісінде сауда нысандарының ішкі және сыртқы витриналарында бағасы теңгемен көрсетілген баға белгілерінің болмағаны анықталды. Сондай-ақ кейбір нысандарда тауарды сақтау шарттары да талапқа сай еместігі белгілі болды. Анықталған заңбұзушылықтар үшін кәсіпкерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес айыппұл салынды.

Ал бір өтініш бойынша заңбұзушылық дерегі расталмады. Осыған байланысты жоспардан тыс тексеру бұзушылықсыз жабылған.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 24-бабының 12-тармағында сатушы (дайындаушы) тауардың құнын теңгемен көрсетуге міндетті екені нақты жазылған. Баға тауарға жапсырылған заттаңбада көрсетіліп, сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылуы тиіс. Сонымен қатар сатушы мен дайындаушы тауарды сақтау жағдайларын қамтамасыз етуге, ал дайындаушы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын теңгемен жазбаша түрде көрсетуге міндетті.

Заңға сәйкес, дайындаушы тауардың жарамдылық мерзімін және сақтау мерзімін белгілеуге тиіс. Бағасы заттаңбамен рәсімделіп, витринада көрсетілген тауар сол құны бойынша сатылуы қажет. Яғни сатушы (дайындаушы) тауарды көрсетілген бағамен сатуға міндетті, ал тұтынушы сол баға бойынша сатып алуға құқылы.

Осы талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193-бабының 4-тармағында әкімшілік жауапкершілік көзделген. Аталған бапқа сәйкес:

  • шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 6 айлық есептік көрсеткіш,

  • орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш,

  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Департамент кәсіпкерлерге баға жапсырмаларын теңгемен дұрыс рәсімдеу, тауарды сақтау талаптарын қатаң сақтау – тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың және бизнес пен сатып алушы арасындағы сенімді нығайтудың маңызды бөлігі екенін еске салады. Тұтынушыларға да өз құқықтарын білу, күмәнді жағдайларда уәкілетті органға жүгінуден тартынбау ұсынылады.

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

4 дня бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

6 дней бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

2 недели бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

2 недели бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

2 недели бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

2 недели бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

2 недели бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

2 недели бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 недели бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС