"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы №1 Жылу электр орталығы мен «343 квартал» орталық жылыту пунктінің жұмысымен танысты.

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың орнатылған қуаты – 374 Гкал/сағ, қолданыстағы қуаты – 276,4 Гкал/сағ. №1 Жылу электр орталығы 433 көпқабатты тұрғын үйді, 56 әлеуметтік нысанды, 30 бюджеттік ұйымды және 673 коммерциялық кәсіпорынды жылумен қамтамасыз етеді. Абоненттердің жалпы саны – 27 410. Орталыққа тиесілі жылу желілерінің ұзындығы 102,691 шақырым. Мұнда қыс кезінде — 233 адам, жазда 182 адам еңбек етеді.

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Аймақ басшысы алдағы жылыту маусымында бұл нысандардың тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету басты міндет екенін атап өтті.

«Биыл жылу қазандығына байланысты күрделі жөндеу жұмыстарын ерте бастадық. Соның арқасында ерте аяқтап отырмыз. Аяқ асты күн суытқан жағдайға 100 пайыз дайынбыз. Барлық жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Мамандар жұмыс барысын жаз бойы тұрақты бақылауда ұстады. Конкурстық рәсімдер ерте бітті. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, қазір кез-келген уақытта жылу беруге дайынбыз. Биылғы жылдағы тағы бір ерекшелік — жазда алғаш рет қала тұрғындары ыстық сумен қамтылды», – деді Берік Уәли.

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі бұдан кейін «343 квартал» орталық жылыту пунктіндегі реконструкциялау жұмыстарының барысын көрді. «343 квартал» ОЖП ғимараттарын «Силикатный» сорғы станциясына ауыстыра отырып реконструкциялау жобасы аясында жалпы ұзындығы 0,84 шақырым жылу желісін ауыстыру қарастырылған.

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Қазіргі уақытта жылу камерасын монтаждау және орталық жылыту пункті ғимаратының ішіндегі құрылыс жұмыстары аяқталған. Жобада көзделген 6 желілік сорғы мен 2 жылу алмастырғышты орнату жұмыстары жалғасуда.
«343 квартал» орталық жылыту пункті 12 көппәтерлі тұрғын үй мен 24 коммерциялық нысанды жылумен қамтиды. Абоненттер саны – 822. Ал «Силикатный» сорғы станциясына 16 көппәтерлі тұрғын үй, 37 коммерциялық, 16 жеке сектор және 8 әлеуметтік нысан қосылған. Мұндағы абоненттер саны – 695.
«343 квартал» орталық жылыту пунктін аралап көрген аймақ басшысы, реконструкциялау жұмыстарын сапалы аяқтауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

10.11.2026
Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

Конституциямызда еліміздің тамыры терең тарихы мен бітім-болмысы, болашақтағы бейнесі айқындалды. Атап айтқанда, қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды....

Толығырақ...Details

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

10.11.2026
Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

Халқымыздың өшпес мұрасы мен рухани байлығы қағаз бетінде емес, цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ұлттық...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

10.11.2026
Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстан туризмді дамыту бойынша халықаралық рейтингте 110 елдің ішінде 56-орынға тұрақтап, Орталық Азия мемлекеттері арасында үздік нәтиже көрсетті. Осылайша, еліміз Өзбекстаннан 20 сатыға, Қырғызстаннан...

Толығырақ...Details

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

10.11.2026
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

49 минут бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

51 минута бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

52 минуты бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

54 минуты бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

55 минут бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

1 час бұрын

Медиасауаттылық – интернеттегі жалған ақпарат пен деструктивті идеологиядан қорғанудың маңызды құралы

1 час бұрын

Зайырлылық – Қазақстан дамуының негізі: Абайдың сенім мен ақыл үйлесімі туралы сабақтары

1 час бұрын

АЛАШ МҰРАСЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ — “ЖӘРДЕМ”

1 час бұрын

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

23 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС