"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЛАШ МҰРАСЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ — “ЖӘРДЕМ”

10.11.2026
АЛАШ МҰРАСЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ — “ЖӘРДЕМ”
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алаштың алтын бесігі болып мойындалған Семейдің тарихи мән-маңызы қандай екені бәрімізге мәлім. Алғашқы телеграф байланысының орнатылуы, алғашқы футбол клубының құрылуы, Алаш қайраткерлерінің Семейде бас қосып, алғашқы баспахананың жандануына жол ашуы сияқты тарихи оқиғаларымен танымал шаһар қазіргі күнде “Семей -тұңғыштар мекені” деген ерекше мәнге ие.

Міне, соның бір дәлеліндей болып жақында Шәкәрім университетінің «Шәкәрімтану» ғылыми орталығында «Жәрдем» баспа компаниясы» ғылыми жинағының тұсаукесері өтті. ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлттық баспа ісінің тарихын зерделеуге арналған тағылымды шарада жинақтың тарихи және рухани маңызы, «Жәрдем» баспасының қазақ қоғамының ағартушылық өміріндегі рөлі атап өтілді.

Сондай-ақ, Шәкәрім шығармашылығы мен «Жәрдем» баспасының тарихи байланысына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» сынды шығармаларының осы баспаханадан алғаш жарық көруі – университет үшін де, Семей өңірінің рухани тарихы үшін де маңызды дерек.

Университет басшылығы тарихи мұраны жаңғыртып, «Жәрдем» атауын қайта түлетуге күш салып жүрген баспа директоры, университет түлегі, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Айдар Ғали-Арыстанұлының еңбегіне ризашылық білдірді.

Іс-шараның тағы бір маңызды сәті – Шәкәрімнің аудармашылық мұрасына қатысты тың деректің таныстырылуы болды. Ұлы ойшыл Сәбит Мұқановқа жазған хатында америкалық жазушы Гарриет  Стоудың «Том ағайдың балағаны» («Uncle Tom’s Cabin») романын қазақ тіліне аударғаны туралы мәлімдеген екен. Тұсаукесер аясында  «Uncle Tom’s Cabin» кітабы Шәкәрім музейінің қорына салтанатты түрде тапсырылды. Бұл – ойшылдың аудармашылық мұрасын одан әрі зерттеуге кеңінен жол ашары анық.

Жиында Шәкәрімтану ғылыми орталығының басшысы, энциклопедист-ғалым Тұрдықұл Шаңбай да «Жәрдем» баспасының Алаш тарихындағы маңызын тебірене тілге тиек етті.

АЛАШ МҰРАСЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ - “ЖӘРДЕМ”

-“Жәрдем” – Алаш қайраткерлерінің идеялық мұратын, елдік мүддесін халыққа жеткізген рухани орталық болды. Әлихан, Ахмет бастаған Алаш зиялыларының баспа ісін дамытуға атсалысуы қазақтың ұлттық тарихы мен мәдениетін танытуда айрықша рөл атқарды,- деді Т. Шаңбай.

Ол сондай-ақ осы баспаның тарихи атауы қайта жаңғырғаннан бері баспахана мен ғылыми орталық арасында тығыз байланыс орнағандығын да атап өтті. Баспаның 115 жылдығына орай ғылыми отырыс ұйымдастырылып, кейін халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілгені осының бір дәлелі. Ал осы таныстырылымға ұсынылған жинақ – сол ғылыми ізденістер мен пікір алмасулардың нәтижесі.

Ғылыми жинаққа енген зерттеулерде Алаш қайраткерлерінің баспа қызметін жолға қоюдағы көзқарастары, кітап шығару ісін дамыту тәжірибесі, қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қызметінің өзара сабақтастығы кеңінен қамтылған.

Жиынның мәртебелі мейманы, «Жәрдем» баспа компаниясының директоры Айдар Ғали-Арыстанұлы тарихи баспаны қайта жаңғырту идеясының қалай туындағанын баяндады.

-«Жәрдем» баспасының атауын қайта жаңғырту идеясы 2002 жылдардан басталды. Сол кезде Тұрдықұл Қасенұлы ағамыз: “Алаш элитасының қалыптасуы осы баспадан басталған. Сондықтан “Жәрдемнің” аты өшпеуі керек. Бұл – Алашқа қосқан үлесің болады” деген еді. Сол сөз маған үлкен ой салды. Алаш тарихы мен мәдениетінің бастауын іздесек, оның бір арнасы баспа ісімен тығыз байланысты екенін көреміз. Еуропа Гутенбергті, Америка Бенджамин Франклиннің баспа ісін қалай дәріптесе, біз де Алаш баспаханасының тарихын солай ұлықтауымыз керек»,- деді А. Құдайбергенов.

Сондай-ақ кәсіпкер кітап нарығында баспаның тарихи атауын сақтап, баспа жұмысын жалғастырудың оңай еместігін, бұл істің үлкен жауапкершілік пен қаржылық қолдауды қажет ететінін де жеткізді. Дегенмен, басты мақсаты материалдық пайдадан бұрын ұлттық тарихтың бір парағын қайта жаңғырту екенін атап өтті. Баспа директоры өзі білім алған Шәкәрім университетінің басшылығы мен ғалымдарына осы бастаманы қолдағаны үшін алғыс білдірді.

Бүгінде кітап нарығында өзіндік орнын айқындаған “Жәрдем” баспасынан кітаптарын шығаруға белгілі ақын, жазушылары, ғалымдары әрдайым асығып тұрады десек, артық айтқандық емес. Бекен Исабайұлы, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Дәмеш Омарбаева, Дәулет Сейсенұлы, Қайрат Сабырбай сынды қаламгерлердің жаңа кітаптары оқырман қауымға осы баспадан жол тартқаны да “Жәрдемнің” тарихи салмағын арттыра түскені сөзсіз.

 

Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

10.11.2026
Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

Халқымыздың өшпес мұрасы мен рухани байлығы қағаз бетінде емес, цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ұлттық...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

10.11.2026
Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстан туризмді дамыту бойынша халықаралық рейтингте 110 елдің ішінде 56-орынға тұрақтап, Орталық Азия мемлекеттері арасында үздік нәтиже көрсетті. Осылайша, еліміз Өзбекстаннан 20 сатыға, Қырғызстаннан...

Толығырақ...Details

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

10.11.2026
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Медиасауаттылық – интернеттегі жалған ақпарат пен деструктивті идеологиядан қорғанудың маңызды құралы

10.11.2026
Медиасауаттылық – интернеттегі жалған ақпарат пен деструктивті идеологиядан қорғанудың маңызды құралы

Елестетіп көріңіз: сіздің ұлыңыз, қызыңыз, бауырыңыз немесе жақын досыңыз соңғы кезде интернетте бұрынғыдан да көп уақыт өткізетін болды. Әлеуметтік желілерден...

Толығырақ...Details

Зайырлылық – Қазақстан дамуының негізі: Абайдың сенім мен ақыл үйлесімі туралы сабақтары

10.11.2026
Зайырлылық – Қазақстан дамуының негізі: Абайдың сенім мен ақыл үйлесімі туралы сабақтары

Қазақстан – көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. Осындай қоғамда бейбіт өмірді, тұрақтылықты және өзара түсіністікті сақтау үшін зайырлылық қағидасының маңызы ерекше....

Толығырақ...Details

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

13 секунд бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

1 минута бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

6 минут бұрын

Медиасауаттылық – интернеттегі жалған ақпарат пен деструктивті идеологиядан қорғанудың маңызды құралы

7 минут бұрын

Зайырлылық – Қазақстан дамуының негізі: Абайдың сенім мен ақыл үйлесімі туралы сабақтары

11 минут бұрын

АЛАШ МҰРАСЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ — “ЖӘРДЕМ”

13 минут бұрын

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

22 часа бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

22 часа бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

22 часа бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС