"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстан әлемдік туристік рейтингте бірқатар елден озып, өңір көшбасшысына айналды. Еліміздің көрсеткіші қаншалықты өсті және ТОП-10-ға кімдер енді?

10.11.2026
Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан туризмді дамыту бойынша халықаралық рейтингте 110 елдің ішінде 56-орынға тұрақтап, Орталық Азия мемлекеттері арасында үздік нәтиже көрсетті. Осылайша, еліміз Өзбекстаннан 20 сатыға, Қырғызстаннан 37 сатыға озып шықты. Соңғы екі жылда Қазақстанның көрсеткіші 1,6 пайызға жақсарған. Дүниежүзілік экономикалық форумның зерттеу нәтижелері Visual Capitalist басылымы жариялаған әлемнің жаңа туристік картасында көрініс тапты.

Қазақстан жеті балдық жүйе бойынша 4,09 балл жинаған. Ал Өзбекстан 3,69 баллмен 76-орынға, Қырғызстан 3,44 баллмен 93-орынға жайғасқан.

Әлемдік рейтингте Қазақстан Филиппин, Әзербайжан, Оман, Мысыр және Марокко секілді мемлекеттерден жоғары тұр.

Қазақстанның көрсеткіштері қалай өзгерді?

Travel & Tourism Development Index 2026 есебіне сәйкес, Қазақстанның туристік әлеуетін бағалау көрсеткіші 2024 жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға өскен. Ал 2019 жылмен салыстырғандағы өсім 2,4 пайызды құрады.

Зерттеу авторлары көрсеткіштердің өзгерісін есептеу кезінде бастапқы деректердегі түзетулерді ескеру үшін өткен жылдардың мәліметтерін де қайта есептеген.

Рейтингті Дүниежүзілік экономикалық форум Zurich Insurance Group сақтандыру тобымен бірлесіп әзірлеген. Зерттеудің түпнұсқа есебі 2026 жылдың қыркүйегінде жарияланған.

Зерттеу барысында туризмді дамытуға қолайлы жағдайлар, соның ішінде көлік қатынасы, қауіпсіздік, қонақүй инфрақұрылымы, табиғи және мәдени көрікті орындар бағаланған.

Мамандар барлығы 17 бағыт бойынша 102 көрсеткішке талдау жүргізген.

Айта кетейік, бұл рейтинг елге келген туристердің нақты санын немесе туризм саласынан түскен табысты көрсетпейді. Ол мемлекеттердің тұрақты туризмді дамытуға қаншалықты қолайлы жағдай қалыптастырғанын бағалайды.

Әлемдік рейтингте қай елдер көш бастады?

Әлемдік рейтингтің бірінші сатысына 5,27 балл жинаған Жапония орналасты. Екінші орынды 5,23 баллмен АҚШ иеленсе, 5,22 балл жинаған Испания үздік үштікті түйіндеді.

Алғашқы бестікке Австралия мен Франция да енді. Одан кейінгі орындарға Германия, Ұлыбритания, Қытай, Швейцария және Италия жайғасты.

Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, соңғы жылдары әлемде туризм саласының дамуы жеделдеген. 2024-2026 жылдар аралығында зерттеуге қатысқан елдердің 92 пайызында туристік даму көрсеткіштері жақсарған.

Әлем бойынша ең елеулі өзгерістер мәдени көрікті орындарды дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, қонақүй қызметінің сапасын арттыру және әуе қатынасын кеңейту бағыттарында байқалған.

Туризм әлемдік экономикаға триллиондаған доллар табыс әкеледі

Есепке сәйкес, 2025 жылы халықаралық туристік сапарлар саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 1,5 миллиардты құраған.

Саяхат және туризм саласының әлемдік экономикаға қосқан жалпы үлесі 11,6 триллион долларға жеткен. Сонымен қатар бұл салада 366 миллион адам жұмыспен қамтылған. Бұл әлемдегі әрбір тоғызыншы жұмыс орны туризммен байланысты екенін көрсетеді.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта туризмнің одан әрі дамуы көлік қатынасының қолжетімділігіне, қызмет көрсету сапасына, білікті мамандар даярлауға, сондай-ақ табиғи және мәдени мұраны сақтай білуге байланысты болады.

Осылайша, зерттеуге енгізілген Орталық Азияның үш мемлекеті арасында Қазақстан туризмді дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру бойынша көш бастап тұр.

Еске салсақ, Қазақстан өмір сүру және бизнеске қолайлы 50 елдің қатарына енді. Қазақстан халықаралық Best Countries 2026 рейтингінде өмір сүру және бизнес жүргізу мүмкіндіктері бойынша 44-орынға ие болды.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстан жасанды интеллект саясатында Германия, Франция мен Жапониядан озып кетті 

Әлемдік білім рейтингінде Қазақстан нешінші орында? Оқушыларымыздың қай көрсеткіші таңғалдырды? 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

10.11.2026
Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

Конституциямызда еліміздің тамыры терең тарихы мен бітім-болмысы, болашақтағы бейнесі айқындалды. Атап айтқанда, қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды....

Толығырақ...Details

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

10.11.2026
Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

Халқымыздың өшпес мұрасы мен рухани байлығы қағаз бетінде емес, цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ұлттық...

Толығырақ...Details

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

10.11.2026
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Медиасауаттылық – интернеттегі жалған ақпарат пен деструктивті идеологиядан қорғанудың маңызды құралы

10.11.2026
Медиасауаттылық – интернеттегі жалған ақпарат пен деструктивті идеологиядан қорғанудың маңызды құралы

Елестетіп көріңіз: сіздің ұлыңыз, қызыңыз, бауырыңыз немесе жақын досыңыз соңғы кезде интернетте бұрынғыдан да көп уақыт өткізетін болды. Әлеуметтік желілерден...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

39 секунд бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

3 минуты бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

4 минуты бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 минут бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

7 минут бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

11 минут бұрын

Медиасауаттылық – интернеттегі жалған ақпарат пен деструктивті идеологиядан қорғанудың маңызды құралы

13 минут бұрын

Зайырлылық – Қазақстан дамуының негізі: Абайдың сенім мен ақыл үйлесімі туралы сабақтары

17 минут бұрын

АЛАШ МҰРАСЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ — “ЖӘРДЕМ”

18 минут бұрын

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

22 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС