"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі маңызды көлік дәлізінің нормативтік техникалық жағдайы 100 пайызға жеткізілді.

Облыс әкімі Берік Уәли бүгін жаңартылған автомобиль жолының ашылуына қатысып, өңір үшін стратегиялық маңызына тоқталды. Аймақ басшысы көлік инфрақұрылымын дамыту Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру, транзиттік бағыттарды дамыту және сапалы автожол инфрақұрылымын құру мәселесіне ерекше назар аударды. «Логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет. Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуіне ықпал ететін маңызды фактордың бірі. Алдымызда республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық жолдарды сапалы салуға қатысты аса маңызды міндет тұр. Бізге сапасы өте жоғары жолдар керек», – деп атап өткен болатын. Бүгін біз облысымыздың инфрақұрылымдық дамуындағы маңызды белеске куә болып отырмыз. Осы ауқымды жобаларды сапалы әрі мерзімінде аяқтаған «ҚАЖсервис» ЖШС-нің ЖПБ-25 бөлімшесінің ұжымына, жол құрылысшыларына, мердігер ұйымдар мен барша мамандарға облыс жұртшылығы атынан шынайы алғысымды білдіремін. Жаңартылған жолдар еліміздің игілігіне, өңіріміздің өркендеуіне ұзақ жылдар бойы қызмет етсін!», – деді Берік Уәли.

Бұл жол өңір тұрғындарының қатынауы үшін ғана емес, Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалы мен сауда байланыстары үшін де маңызды. 2024 жылы аталған жол учаскесінің нормативтік техникалық жағдайы 40 пайызды ғана құраған.

Тәулігіне 1650-ден астам автокөлік өтетін бұл жол учаскесі өңір тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы қатынауын қамтамасыз етеді. Жөндеу жұмыстары жолдың үш учаскесін қамтыды. Жол төсемінің төменгі және жоғарғы қабаттары жаңартылып, жиектері ретке келтірілді, жол таңбалары сызылды. Сонымен қатар су өткізу құбырлары жөнделіп, жаңалары орнатылды. Көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру үшін жол бойына малдың шығуына тосқауыл болатын 10 мың метр қоршау қойылды. Екі жаңа автопавильон орнатылып, демалыс алаңы жабдықталды.

Жолдың жаңаруы Бородулиха ауданының экономикасын дамытуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. Новопокровка, Дмитриевка және Ауыл ауылдарындағы жол бойындағы қызмет көрсету орындарының жұмысын жандандыруға мүмкіндік туады. Осы бағытта алты кафе мен тоғыз автопавильон орналасқан.

Автомобиль жолы Ресей Федерациясымен шекарадағы «Ауыл» өткізу пунктіне жалғасады. Бұл – Абай облысының Ресеймен шекарасында орналасқан төрт өткізу бекетінің ішіндегі ең ірісі. Биыл өткізу пунктін қайта жаңарту жұмыстары басталып, оны келесі жылы аяқтау жоспарланған. Осы жұмыстар аясында шекара бекетінің алдында жүк көліктеріне арналған аумағы 2800 шаршы метр күту алаңы жасалды. Бұл өткізу пунктінің мүмкіндігін кеңейтіп, халықаралық жүк тасымалының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Өңірде республикалық маңызы бар жолдармен қатар облыстық және жергілікті жол желісін жаңарту жұмыстары да жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 212,6 шақырым автомобиль жолында орташа жөндеу жүргізілуде. Оның 41 шақырымы облыстық маңызы бар үш учаскеге, 91,4 шақырымы аудандық маңызы бар тоғыз учаскеге тиесілі. Бұдан бөлек, 20 елді мекендегі жалпы ұзындығы 80,2 шақырым болатын 80 көше жөнделіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

10.11.2026
Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

Конституциямызда еліміздің тамыры терең тарихы мен бітім-болмысы, болашақтағы бейнесі айқындалды. Атап айтқанда, қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды....

Толығырақ...Details

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

10.11.2026
Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

Халқымыздың өшпес мұрасы мен рухани байлығы қағаз бетінде емес, цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ұлттық...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

10.11.2026
Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстан туризмді дамыту бойынша халықаралық рейтингте 110 елдің ішінде 56-орынға тұрақтап, Орталық Азия мемлекеттері арасында үздік нәтиже көрсетті. Осылайша, еліміз Өзбекстаннан 20 сатыға, Қырғызстаннан...

Толығырақ...Details

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

10.11.2026
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Медиасауаттылық – интернеттегі жалған ақпарат пен деструктивті идеологиядан қорғанудың маңызды құралы

10.11.2026
Медиасауаттылық – интернеттегі жалған ақпарат пен деструктивті идеологиядан қорғанудың маңызды құралы

Елестетіп көріңіз: сіздің ұлыңыз, қызыңыз, бауырыңыз немесе жақын досыңыз соңғы кезде интернетте бұрынғыдан да көп уақыт өткізетін болды. Әлеуметтік желілерден...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

23 секунды бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 минуты бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

3 минуты бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 минут бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

7 минут бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

11 минут бұрын

Медиасауаттылық – интернеттегі жалған ақпарат пен деструктивті идеологиядан қорғанудың маңызды құралы

12 минут бұрын

Зайырлылық – Қазақстан дамуының негізі: Абайдың сенім мен ақыл үйлесімі туралы сабақтары

17 минут бұрын

АЛАШ МҰРАСЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ — “ЖӘРДЕМ”

18 минут бұрын

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

22 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС