"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім алушылардың мектеп қабырғасынан бастап жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға қатысты берген тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда. 

Пилоттық жоба Павлодар және Қызылорда облыстарында орналасқан еліміздің алғашқы 10 мектебін қамтиды. Жоба шеңберінде 4-сыныпта оқитын 50-ден астам оқушы математика, цифрлық сауаттылық, қазақ тілі және орыс тілі пәндері бойынша оқыту ұйымдастырылды. Аталған жоба – 2026–2029 жылдарға арналған орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру шараларының бір бөлігі.

Маңызды кезеңдердің бірі жуырда Үрімші (ҚХР) қаласында қазақстандық Q.AI жасанды интеллект компаниясы мен әлемдік деңгейдегі жасанды интеллект саласының сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жасанды интеллект жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фу негізін қалаған халықаралық 01.AI компаниясы арасында жобаны кезең-кезеңімен кеңейту туралы келісімге қол қойылуы болды.

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Жоба кезең-кезеңімен кеңейтіледі:

  • 2027 жылғы қаңтарда қатысушы мектептердің санын кемінде 50-ге дейін көбейту жоспарлануда;
  • сәуірде 440-қа дейін;
  • 2028 жылдың шілдесіне қарай еліміздің 2,6 мыңға жуық шағын жинақты мектептері толық қамтылмақ.

Оқу процесі қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, гибридті модель бойынша құрылған: педагогтер «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының базасында арнайы жабдықталған студиядан онлайн режимде сабақ өткізеді. Бұл уақытта ауылдық сыныптарда жергілікті мұғалімдер сабақ барысында балаларға материалды игеруге бірге көмектеседі, ал оқушылардың белсенділігі мен қатысуын бақылау интерактивті кликерлер мен цифрлық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады.

Сонымен бір мезгілде педагогтерді, мектеп басшыларын және аудандық білім бөлімдерінің мамандарын даярлау жалғасады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның базасында отандық суперкомпьютерлік кластердің есептеу қуаттарын пайдаланатын ЖИ-платформаның технологиялық негізі орналастырылған.

Q.AI компаниясының бас директоры Дмитрий Мун бірлескен жоба қала мен ауыл оқушылары арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жоюға арналғанын атап өтті.

«Қазақстанда ауылдық жерлерде шамамен 2,6 мың шағын жинақты мектеп бар. Оларда әр сыныпта 5–6 оқушыдан білім алады. Әр пән бойынша білікті педагогтерді тартуға барлық жерде мүмкіндік бола бермейді. Біздің жоба – осы міндетті іске асыруға бағытталған практикалық қадамдардың бірі. Астананың білікті мұғалімдері ауыл мектептеріне онлайн форматта тікелей сабақ өткізеді. Сонымен қатар сыныптағы мұғалім балалардың жанында, ал ЖИ оқушылардың жауаптарын талдайды, білімдегі олқылықтар мен әлсіз жақтарды табуға және кімге қосымша көмек қажет екенін айқындауға көмектеседі. Яғни, біз дербес білім беру моделіне көшіп жатырмыз. Бұл ретте жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды, керісінше оның мүмкіндігін арттырып, жұмысын тиімді етеді. Бүгінде Қазақстанның ең шағын мектептерінде елдің болашақ ғалымдары, кәсіпкерлері, мемлекеттік қызметшілері мен технологиялық көшбасшылары білім алып өсіп келеді. Дәл осындай жобалар үшін Қазақстан мен Қытай бүгінде технологияларды, тәжірибе мен адамдарды біріктіреді», — деп атап өтті Дмитрий Мун.

Қашықтан оқыту мен жасанды интеллектіні ұштастыру ауыл оқушыларының заманауи білім беру ресурстарына қолжетімділігін кеңейтіп, неғұрлым дербес оқыту тәсілін қамтамасыз етуге және тұрғылықты жеріне қарамастан балаларға сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасауға жол ашады. Сонымен қатар жоба мұғалімдер мен оқушылардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға ықпал етуі керек.

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

10.11.2026
Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

Конституциямызда еліміздің тамыры терең тарихы мен бітім-болмысы, болашақтағы бейнесі айқындалды. Атап айтқанда, қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды....

Толығырақ...Details

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

10.11.2026
Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

Халқымыздың өшпес мұрасы мен рухани байлығы қағаз бетінде емес, цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ұлттық...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

10.11.2026
Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстан туризмді дамыту бойынша халықаралық рейтингте 110 елдің ішінде 56-орынға тұрақтап, Орталық Азия мемлекеттері арасында үздік нәтиже көрсетті. Осылайша, еліміз Өзбекстаннан 20 сатыға, Қырғызстаннан...

Толығырақ...Details

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

10.11.2026
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

49 минут бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

51 минута бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

52 минуты бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

54 минуты бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

55 минут бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

1 час бұрын

Медиасауаттылық – интернеттегі жалған ақпарат пен деструктивті идеологиядан қорғанудың маңызды құралы

1 час бұрын

Зайырлылық – Қазақстан дамуының негізі: Абайдың сенім мен ақыл үйлесімі туралы сабақтары

1 час бұрын

АЛАШ МҰРАСЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ — “ЖӘРДЕМ”

1 час бұрын

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

23 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС