"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді
45
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда анам екеуіміз Семейдегі №42 мектеп-интернатта орналасқан №6 сайлау учаскесіне барып, азаматтық таңдауымызды жасадық. Алайда дауыс беруге барғанымызда, бірқатар қиындыққа тап болдық. Мен туғаннан бері арбаға таңылған адаммын. Сондықтан ғимараттарға кіріп-шығу, пандус пен арнайы өткелдердің талапқа сай болуы сияқты мәселелердің қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін.

Ретімен айтуға тырысайын. Сол күні сайлау учаскесіне жету біз үшін мұң болады деп ойламаппын.  Көлікпен келіп түсіп, мектеп ауласына бет алдық. Мектеп қақпасына дейінгі аумаққа төселген асфальттың жағдайы сын көтермейді екен. Жолдың тегіс болмауы арбада отырған адамға айтарлықтай кедергі келтіреді. Қақпаға дейін жеткенше арбам ой-шұңқырға түсіп,  тіпті бірнеше рет жүрмей, тұрып қалды, денем теңселіп, әрең қозғалдым. Сол күні анамның да денсаулығы сыр беріп тұрған еді. Соған қарамастан, арбамды итеріп, қақпаға жеткізді. Анама мұндай салмақ түскенін көріп, өзім де қатты қиналдым.

Мектеп алдына төселген асфальтқа шығу да маған оңай болмады. Осы жерде еріксіз сұрақ туындайды: жол төсеген кезде мүгедектігі бар жандарға арналған кең әрі қауіпсіз өткел қарастыру соншалықты қиын болды ма?

Мектепке кіреберістегі сыртқы бастпалдақта орнатылған пандуспен көтерілу аса қиын болған жоқ. Бірақ табалдырықтың биіктігі арбадағы маған айтарлықтай кедергі келтіріп, біраз күш жұмсауға тура келеді. Есікке жеткенде мектеп қызметкерлері шығып, бізге басқа есіктен кірген дұрыс екенін айтты. Себебі  дәліздер тар, баспалдақтар көп екен. Сондықтан қақпадан қайта шығып, ғимаратты айналып өтіп, келесі есікке баруға тура келді.  Менің талап етуіммен күзетші бізді сол есікке бастап барды. Алайда тағы да сол жағдай. Жолдың шұрық-тесігі, кедір-бұдыры көп. Анам арбаны итеріп шаршады, бізге жол көрсетіп келе жатқан күзетші де әбден қиналды.

Бұл есікке жеткенде  мені қатты ашу қысты. Кіреберіске орнатылған  пандусты пандус деуге аузың бармайды. Ағаш тақтайлардан жасалған, арасына бірнеше саусақ еркін кіретіндей саңылауы бар. Арбада отырған адам үшін бұл қауіпсіздік емес, керісінше, қосымша қауіп төндіреді. Анама телефонын алып, осы көріністі видеоға түсіруін сұрадым.

Біз осылай тұрғанымызда, мектептен үш азамат шығып, мені көтеріп алып, әлгі пандус сымақпен өткізіп жіберді. Алайда кіреберіс есіктің сыртқы және ішкі табалдырықтарының биіктігі де арбадағы адам үшін қолайсыз екен. Сыртқы табалдырықтан өтер кезде арбамның артқы жағын көтеру керек болды, сол кезде алға қарай аударылып, құлап кете жаздадым. Осының бәріне қарамастан, анам екеуіміз сайлау учаскесіне кіріп, өз дауысымызды бердік.

Осы жағдайдан соң аталған мектептің жай-күйін білгім келді. Сайлау аяқталғаннан кейін осы білім ошағының басшысы Әсия Мақсұтқызымен сөйлестім. Әсия Мақсұтқызы ақталғандай болып мән-жайды түсіндіруге тырысты. Айтуынша, мектеп-интернат күрделі жөндеуді қажет етеді. 2025 жылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттары дайындалған екен. Алайда биыл бұл мектептің жөндеу жұмыстары Семей қаласының білім бөлімінің бюджет жоспарына енгізілмей қалу қаупі бар екен.

Мен өзім оқушы кезімде кедергілерді көп көрдім. №19 мектепте оқыған жылдары ғимаратқа еркін кіріп-шығу мүмкін болмағандықтан, сабаққа күнделікті қатыса алмадым. Ал қатарластарыңның күн сайын мектепке барып жүргенін сырттай көру оңай емес. Сондықтан мектептерде барлық балаға қолайлы жағдай жасалуы тиіс.

Бұл мақаланы біреуді кінәлау үшін жазып отырған жоқпын. Керісінше, мәселенің жуық арада шешімі табылғанын қалаймын, соған ықпал етсем деген ниетім бар. Қала әкімдігі мен білім саласына жауапты азаматтардан №42 мектеп-интернаттың жағдайына назар аударуды сұраймын.

 

Нұркен БЕКТАСОВ,

Семей қаласының тұрғыны,
I топтағы мүгедектігі бар азамат

 

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

30.10.2026
Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

Абай облысында құрылыс сапасын бақылау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл өңірде жалпы құны 389,2...

Толығырақ...Details

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

30.10.2026
Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың жағдайын бақылау және су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Толығырақ...Details

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.2026
Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

8 часов бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

8 часов бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

10 часов бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

10 часов бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

10 часов бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

11 часов бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

1 день бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

1 день бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

2 дня бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС