"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

08.09.2026
Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін Семей қаласындағы ҚР Мемлекеттік рәміздер алаңында «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» жобасы аясында мерзімді әскери қызметке шақырылған Абай облысының 60 жас азаматын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өттіІс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басшылығы, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер, жастар, сондай-ақ болашақ Отан қорғаушылардың ата-аналары мен жақындары қатысты.

Абай облысында «Сарбаз жолы» жаңа форматындағы шығарып салу рәсімі алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызмет өткерудің негізгі кезеңдерін – әскерге шақыруды, Әскери ант қабылдауды және запасқа шығаруды қамтитын армиялық дәстүрлерді жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қыркүйек айынан бастап облыстың қалалары мен аудандарында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Жыл соңына дейін еліміз бойынша 21 мыңнан астам, ал Абай облысынан 1500-ден астам азаматты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланып отыр.

Салтанатты рәсімде облыс әкімі Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жастарға ақ жол тілеп, әскери қызметтің азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, әскердің беделін арттыруға және жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Абай облысының жергілікті атқарушы органдары да Президенттің осы бағыттағы саясатын әрдайым қолдайды. Бүгінде мемлекет мерзімді әскери қызмет өткерген жастарға білім алуға, білім беру гранттарына ие болуға, жоғары оқу орындарына түсуге, келісімшарт бойынша қызметін жалғастырып, әскери мансап құруға мүмкіндік беріп отыр. Мұндай мүмкіндіктерді әлемнің кез келген мемлекеті өз жастарына ұсына бермейді. Сондықтан осы бір жылды барынша тиімді пайдаланыңыздар. Үйреніңіздер! Шынығыңыздар! Әскери мамандықты меңгеріңіздер! Мемлекет берген мүмкіндіктерді пайдаланыңыздар!» – деді Берік Уәли.

Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өттіСонымен қатар шараға арнайы келген ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев та сөз сөйлеп, әскери қызметке аттанған жас сарбаздарға сәттілік тіледі.

«Жоғарғы Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал азамат» бастамасы аясында жүзеге асып жатқан «Сарбаз жолы» жаңа әскери тәрбие жөніндегі іс-әрекетке Абай облысының әкімдігі қолдау жасап, аймақтар арасында ең бірінші болып бастама көтеріп жатқанына алғыс білдіреміз. Қазыр әскердегі қауіпсіздікке қатысты нақты шаралар қабылданып жатыр. Сондықтан ата-аналарды алаңдамауға шақырамыз. Ал құрметті сарбаздар, баршаңызға ақ жол тілейміз!», – деді ол.

Шарада сарбаздардың ата-аналары сөз сөйлеп, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жастарға ақ жол тіледі.

«Ұлдарымыз Отан алдындағы борышын абыройлы өтеп, аман-есен елге оралсын! Мен бұл жерге бұрынғы әскери қызметкер ғана емес, әке ретінде де келіп отырмын. Өйткені бүгін менің ұлым ҚР әскері қатарына шақырылып отыр. Болашақ сарбаздарға айтарым, Сіздер үлкен өмірге қадам басып барасыздар. Әскери өмір — үлкен мектеп. Сол мектепте мол тәжиірбие жинақтап, ата-ана үмітін ақтап, Отан алдындағы борышыштарыңызды абыроймен атқарып қайтасыздар деп сенеміз», – деді ата-ана Қайырбек Серғазин.

Күзгі шақыру барысында 18 бен 27 жас аралығындағы, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ азаматтар Қарулы Күштер, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметі қатарында әскери борышын өтейді.

Айта кетейік, кездесу барысында аймақ басшысы болашақ сарбаздарға естелік кітаптар сыйға тартты.

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

30.10.2026
Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

Абай облысында құрылыс сапасын бақылау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл өңірде жалпы құны 389,2...

Толығырақ...Details

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

30.10.2026
Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың жағдайын бақылау және су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Толығырақ...Details

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.2026
Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

6 часов бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

6 часов бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

8 часов бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

8 часов бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

8 часов бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

8 часов бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

1 день бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

1 день бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

2 дня бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС