"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

29.10.2026
Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
Семей медицина университетінде өткен «Bir Tolqynda» диалогтік алаңында Мемлекет басшысының Жолдауындағы маңызды бастамалар талқыланды. Жастар инфрақұрылымды дамыту, ең төменгі жалақыны көтеру, қалаларды цифрландыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесуге «Жастар Рухы» жастар қанаты Абай облыстық филиалының төрағасы Темірлан Бақтияров пен Alikhan Bokeikhan University «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы Аман Рахметуллин қатысты.

Аман Рахметуллин Жолдауда көтерілген инфрақұрылымдық жаңғыру мен құқықтық реформалардың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу және қалалардың цифрлық моделін қалыптастыру мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Саясаттанушының пікірінше, инфрақұрылымды цифрлық технологиялар арқылы басқару ресурстарды тиімді жоспарлауға жол ашады. Ал заңнаманы жаңарту азаматтар мен бизнес үшін түсінікті әрі тұрақты құқықтық орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Өз кезегінде Темірлан Бақтияров жастардың қоғамдық бастамаларға қатысуы мен азаматтық жауапкершілігін арттырудың маңызын атап өтті. Ол «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының мәніне тоқталып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау әр азаматтың күнделікті әрекетінен басталатынын айтты.

Сонымен қатар ол жастардың экологиялық мәдениеті мен қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған ROAD эстафетасы туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, мұндай бастамалар жастарды ортақ іске жұмылдырып, елге деген жанашырлықты нақты іспен көрсетуге мүмкіндік береді.

Жиында Жолдаудағы әлеуметтік бастамалар да назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланған. Бұл өзгеріс 1,8 миллион адамның табысын арттыруға бағытталған.

Кездесу барысында студенттер құрылыс пен инфрақұрылымды дамыту, халықтың табысын арттыру, цифрлық технологияларды енгізу және экологиялық мәдениетті нығайту мәселелерін талқылады. Ашық диалог жастарға ел дамуының басым бағыттары жөнінде пікір білдіріп, өздерін толғандырған сұрақтарын сарапшыларға қоюға мүмкіндік берді.

 «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

29.10.2026
Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

Бүгін аймақ башысы Берік Уәлидің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты...

Толығырақ...Details

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

28.10.2026
1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент...

Толығырақ...Details

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

28.10.2026
Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық саласындағы кемшіліктерге тоқталып, оларды жою жөнінде тапсырмалар берді. Оның сөзінше, тағы...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

28.10.2026
Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматтарды әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес. Бұл ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру деген сөз....

Толығырақ...Details

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

28.10.2026
Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

Мемлекеттік мекемелерді ұтымды бастама көтеруге, дербес шешім қабылдауға ынталандыру қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...

Толығырақ...Details

Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

28.10.2026
Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

Заңға құрметпен қарайтын адам әрқашанда табысты болады. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

31 минута бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

35 минут бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

21 час бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

21 час бұрын

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

21 час бұрын

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

21 час бұрын

Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

21 час бұрын

Оқушыдан дөрекілік көрген ұстазға мектеп әкімшілігі де қысым жасайды – Президент сыны

21 час бұрын

Мемлекет басшысы Қазақстанның үлкен мақсатын атады

21 час бұрын

Негізсіз жәрдемақылардың көбеюі мемлекеттік басқарудың әлсіздігін көрсетеді – Тоқаев

21 час бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС