"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

29.10.2026
Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін аймақ башысы Берік Уәлидің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын талқылауға арналған облыс активінің отырысы өтті. Жиынға облыстық басқармалардың басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, саяси партия филиалдары өкілдері, құқық қорғау органдары мен департаменттердің басшылары қатысты. Қала-аудан әкімдері бейне режим арқылы қосылды.

Облыс әкімі Президент Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтарға тоқталып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызын атап өтті.

«Президенттің Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағдарын айқындайтын, мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын нақтылайтын маңызды стратегиялық құжат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында: «Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс», – деп атап өтті. Президент айқындаған бұл басымдықтар жаңадан құрылған Абай облысы үшін айрықша маңызды. Өңірдің орнықты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту – алдымызда тұрған негізгі міндеттер. Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау – өңірдің болашағына, тұрғындарымыздың әл-ауқатына және мемлекетіміздің дамуына қосылған нақты үлес», – деді Берік Уәли.

Аймақ басшысы Президент көтерген «Халықтық құрылыс» бастамасының өңір үшін ерекше маңызға ие екенін айтты. Қазіргі уақытта облыста «Аягөз – Бақты» теміржол желісі, Семей қаласындағы жаңа төрт жолақты көпір, Ақтоғай мыс балқыту зауыты мен ет өңдеу кешені сияқты ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар бюджет қаражаты есебінен жалпы құны 35 млрд теңгені құрайтын 28 әлеуметтік нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекет басшысының қолдауымен қолға алынған «Абайға құрмет» акциясы аясында Семей қаласында шығармашылық орталығы, медиа орталық, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, инклюзивті спорт кешені, үстел теннисі орталығы, Жекпе-жек сарайы және Достық үйі салынып жатыр. Облыс орталығында алғаш рет BINOM мектебінің құрылысы басталды. Алдағы жылдары өңірде жаңа театр, облыстық аурухана және балалар ауруханасын салу жоспарланған.

Жиында көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Тоғыз жолдың торабында орналасқан өңіріміз үшін жол мәселесінің маңызы ерекше. Бұл бағытта бірқатар жұмыс атқарылды. Былтыр халықты көптен бері толғандырған «Омбы – Майқапшағай» бағытындағы автомобиль жолы жөнделіп, пайдалануға берілді. Семей қаласында 100 көшені асфальттау жұмыстары қолға алынды. Бұл бұрын асфальт төселмеген көшелердің жол сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар өткен жылы екі көпірдің асфальт жабыны жаңартылды. Алдағы уақытта Семей қаласындағы Шугаев пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында жол айрығы салынып, Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір күрделі жөндеуден өтеді.

Облыс әкімі «Аягөз – Бақты» теміржолының стратегиялық маңызын атап өтіп, оның құрылысын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын жақсарту, елді мекендер арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ету міндеттеріне тоқталды.

Ауыл шаруашылығы саласында 2026-2028 жылдарға арналған жол картасы аясында жалпы құны 112,5 млрд теңгені құрайтын 19 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту, жергілікті шикізатты тиімді пайдалану, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту және су үнемдеу технологияларын енгізу қажеттігіне тоқталды.

Өңірде инвестиция тарту жұмысы жалғасуда. Биыл тоғыз айда облыс экономикасына 417,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның 365,2 млрд теңгесі жеке инвестициялардың үлесіне тиесілі. Жақында өткен өңірлік үйлестіру кеңесінде жалпы құны 19,2 млрд теңгені құрайтын, 443 жаңа жұмыс орнын ашуды көздейтін 12 инвестициялық жоба мақұлданды.

Денсаулық сақтау саласында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде 65 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны салынды. Аудандық ауруханалардың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, жаңа медициналық бөлімшелер ашылды. Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына, аудандық ауруханаларға 100 жаңа жедел жәрдем көліктері табысталып жатыр.

Жиын қорытындысында облыс әкімі орынбасарларына, басқарма басшыларына, қала және аудан әкімдеріне Президент Жолдауындағы басымдықтарды өз салалары бойынша пысықтап, жоспарланған жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына әлеуметтік нысандар мен инженерлік инфрақұрылымға деген қажеттілікті талдап, басым жобалардың тізімін әзірлеуді, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жөндеуді қажет ететін жол учаскелерін анықтап, жұмыс сапасына бақылауды күшейтуді жүктеді.

Сонымен қатар отырыста Абай облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Алин, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мейрамхат Айнабеков, қоғамдық кеңес мүшесі Николай Исаев және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Думан Орынбеков сөз сөйледі.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

29.10.2026
Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

Семей медицина университетінде өткен «Bir Tolqynda» диалогтік алаңында Мемлекет басшысының Жолдауындағы маңызды бастамалар талқыланды. Жастар инфрақұрылымды дамыту, ең төменгі жалақыны...

Толығырақ...Details

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

28.10.2026
1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент...

Толығырақ...Details

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

28.10.2026
Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық саласындағы кемшіліктерге тоқталып, оларды жою жөнінде тапсырмалар берді. Оның сөзінше, тағы...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

28.10.2026
Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматтарды әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес. Бұл ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру деген сөз....

Толығырақ...Details

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

28.10.2026
Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

Мемлекеттік мекемелерді ұтымды бастама көтеруге, дербес шешім қабылдауға ынталандыру қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...

Толығырақ...Details

Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

28.10.2026
Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

Заңға құрметпен қарайтын адам әрқашанда табысты болады. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

31 минута бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

35 минут бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

21 час бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

21 час бұрын

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

21 час бұрын

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

21 час бұрын

Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

21 час бұрын

Оқушыдан дөрекілік көрген ұстазға мектеп әкімшілігі де қысым жасайды – Президент сыны

21 час бұрын

Мемлекет басшысы Қазақстанның үлкен мақсатын атады

21 час бұрын

Негізсіз жәрдемақылардың көбеюі мемлекеттік басқарудың әлсіздігін көрсетеді – Тоқаев

21 час бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС