"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Биыл Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары Қала күнін мазмұнды әрі ауқымды мерекелік бағдарламамен атап өтеді. 14–20 қыркүйек аралығында шаһарда мәдениет, спорт, танымдық және әлеуметтік бағыттарды қамтитын бірқатар іс-шара ұйымдастырылады. Биылғы мерекелік апталықтың негізгі тақырыбы – «Семейді сүю – тарихқа бас ию».

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді.

Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған іс-шараларға басымдық беріледі. Орталық кітапханада сағат 11:00-де «Туған өлке – тұнған тарих» атты танымдық quiz ойыны өтеді. Сонымен қатар «Менің сүйікті қалам» тақырыбында қалалық мобилографтар конкурсы ұйымдастырылады.

15 қыркүйек «Семей – мейірімді қала» күніне арналады. Бұл күні тұрғындарды әлеуметтік қолдауға және ізгілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған бастамалар жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Биологиялық орталық тұрғындарға 9:00-ден 17:00-ге дейін тегін қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ «Үлкенге құрмет – кішіге міндет» акциясы аясында жалғызбасты, тұрмысы төмен және зейнет жасындағы азаматтардың тұрғын үй аумақтарында тазалық жұмыстары жүргізіледі. Балаларға арналған «Балаларға базарлық» акциясы аясында қалалық демалыс саябақтары мен сауда үйлерінде 9:00-ден 17:00-ге дейін түрлі жеңілдіктер ұсынылады.

16 қыркүйек жастардың шығармашылығы мен белсенділігіне арналады. «Семей – жастар қаласы» күні аясында Арбатта жоғары және орта білім беру ұйымдарының студенттері, сондай-ақ қала жастарының қатысуымен «Arbat Fest» ашық микрофоны өтеді. Шара сағат 14:00-де басталады.

18 қыркүйек «Семей – мәдениет мекені» күні ретінде белгіленген. Қалалық мәдениет сарайында сағат 14:00-де «Семей – жүрегімдегі қала» атты жанды дауыстағы мерекелік концерт өтеді. Шара барысында қарапайым еңбек адамдары «Үздік маман-2026» номинациясы бойынша марапатталады.

Сол күні сағат 16:00-де «Семей батыры» күштік экстримнен ашық турнир ұйымдастырылады.

19 қыркүйек «Семей – салауатты өмір мекені» күніне арналады. Қарағайлы шағын ауданындағы «Арена» мәдени-спорттық кешенінде сағат 9:00-де ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Спорттық бағдарламаның қатарында Қала күніне арналған аударыспақтан Семей қаласының ашық турнирі бар. Жарыс сағат 9:00-де басталып, 68, 74 және 87 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша өтеді.

Сондай-ақ сағат 11:00-де бәйгеден Семей қаласының ашық турнирі ұйымдастырылады. Бағдарламада аламан, топ бәйге және құнан жарысы қарастырылған. Ал сағат 10:00-де Қала күніне арналған «TUNGI RUN — SEMEY» шағын-марафоны өтеді.

Мерекелік апталықтың қорытынды күні – 20 қыркүйек. Бұл күн «Туған қалам – Семейім!» тақырыбына арналады.

Орталық саябақта сағат 11:00-де балалар арасында «Семейім – жүрегімнің төріндесің» атты өнер байқауы өтеді. Сағат 14:00-де «Kitap time» кітап марафоны ұйымдастырылады.

Сонымен қатар сағат 11:00-де «Handmade Семей» мерекелік қолөнер жәрмеңкесі мен қалалық кондитерлер арасында қаланың туған күніне арналған үздік кулинарлық композиция байқауы өтеді.

Спортсүйер қауым үшін де мерекелік бағдарлама қызықты болмақ. Сағат 16:00-де Ертіс жағалауында «ARB SEMEY» ММА ережесі бойынша халықаралық қоян-қолтық ұрыс турнирі өтеді.

Қала күнінің басты мерекелік шарасы Қарағайлы шағын ауданындағы Республика алаңында өтетін «Open Air» форматындағы салтанатты гала-концерт болмақ. Кешке Қазақстан және шетел эстрадасының жұлдыздары қатысады.

Мерекелік сахнада Тұрар Ыдырыс, Айдана Меденова, Айри, Ернар Амандық, Қырғызстаннан AMIRCHIK, Германиядан NANA DARKMAN және Молдовадан ARSENIUM FROM OZONE өнер көрсетеді. Кеш жүргізушілері – Жазира Еркін мен DAKE. Мерекелік бағдарламаның соңында отшашу ұйымдастырылады.

Гала-концертті қала тұрғындарының барлығы тамашалауы үшін Арбат аумағында және Мұхтар Әуезов алаңында тікелей көрсетілім ұйымдастырылады.

Әсет Баймұрзаевтың айтуынша, биылғы мерекелік апталықтың мазмұны қала тұрғындарының әртүрлі санаттарының қызығушылығын ескеруге бағытталған. Бағдарламаға мәдениет пен өнер, спорт, жастар бастамалары, кітап оқу, қолөнер, қайырымдылық және әлеуметтік қолдау бағыттары енгізілген.

«Семейді сүю – тарихқа бас ию» ұраны аясында өтетін мерекелік шаралардың басты мақсаты – шаһардың бай тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттау, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын дәріптеу, жастардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру.

Сонымен қатар мерекелік апталық қала тұрғындары арасында бірлік пен өзара сыйластық құндылықтарын нығайтып, Семейдің тарихи-мәдени мұрасына деген құрметті арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

30.10.2026
Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

Абай облысында құрылыс сапасын бақылау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл өңірде жалпы құны 389,2...

Толығырақ...Details

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

30.10.2026
Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың жағдайын бақылау және су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Толығырақ...Details

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.2026
Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

8 часов бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

8 часов бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

10 часов бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

11 часов бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

11 часов бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

11 часов бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

1 день бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

1 день бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

2 дня бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС