"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында 800-ден астам тұтынушының құқығы қорғалды

28.11.2025
Абай облысында 800-ден астам тұтынушының құқығы қорғалды
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасуда. Облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2025 жылдың басынан бері 800-ден астам азаматқа көмек көрсеткен.

Департамент мамандарының араласуымен тұтынушыларға ақшалай қаражаттары қайтарылып, сапасыз немесе ақауы бар тауарлар ауыстырылған. Өтініштердің негізгі бөлігі бөлшек сауда, тұрмыстық техника және электрондық сауда салаларына қатысты болды.

Мекеме қызметкерлері азаматтардың өтініштерін мұқият қарап, оларға сатушыға жазбаша талап қоюға көмектеседі. Көп жағдайда мәселе сотқа жеткізбей, тараптарды татуластыру арқылы шешіледі. Нәтижесінде 400-ден астам тұтынушы өз шағымын тек жазбаша наразылық білдіру арқылы реттеп, уақытын да, қаражатын да үнемдеген.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша бұл жұмыс Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 42-4-бабына сәйкес жүргізіледі. Аталған бапқа сай, тауардың, көрсетілген қызметтің немесе орындалған жұмыстың кемшіліктері анықталған жағдайда тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) жазбаша наразылық білдіруге құқығы бар.

Сонымен қатар, осы баптың 2-тармағында сатушы тұтынушының жазбаша наразылығына оны алған күннен бастап он күн ішінде жауап беруге міндетті екені көрсетілген. Наразылыққа мүлде жауап бермеу немесе заңда белгіленген мерзімде жауап қайтармау – құқық бұзушылық болып саналады. Мұндай жағдайда кәсіпкер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 190-бабы 5-бөлігінің 3-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Абай облысында биылғы жылдың өзінде тұтынушылардың жазбаша наразылығына жауап бермегені үшін 12 кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік жаза қолданылған.

Өткен жылмен салыстырғанда тұтынушылардан түсетін өтініштер саны 18 пайызға артқан. Департамент бұл көрсеткішті халықтың құқықтық сауаттылығының артуымен және мекеме жұмысына деген сенімнің күшеюімен байланыстырады.

Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтарға егер тұтынушы ретінде құқықтарыңыз бұзылса, сатушыға, дайындаушыға немесе қызмет көрсетушіге міндетті түрде жазбаша наразылық хат тапсыруға толық құқығыңыз бар екенін еске салады. Мұндай жағдайда заң сіздің жағыңызда, ал дауды сотқа жеткізбей шешуге мүмкіндік мол.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС