"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында талқыланды.

Отырыста баяндама жасаған Alikhan Bokeikhan University аға оқытушысы, PhD кандидаты Назерке Жаукеева ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау, мектептердің инклюзивті ортаға бейімделуі және арнайы мамандар даярлау мәселелеріне тоқталды.

«Адами капиталды дамыту ең алдымен әр адамның, соның ішінде әр баланың білім алуына және өз қабілетін жүзеге асыруына мүмкіндік жасаудан басталады. Инклюзивті білім беру – әр баланың ерекшелігі мен қажеттілігіне қарамастан, сапалы білім алуына жағдай жасау. Бұл тек мектепке пандус орнатумен шектелмейді, балаға қажетті мамандардың көмегі мен қолайлы оқу ортасын қалыптастыруды да қамтиды», – деді Назерке Жаукеева.

Спикердің айтуынша, елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала бар. Ал Абай облысында 2025 жылғы мәлімет бойынша мұндай балалардың саны 6 545-ті құрайды. Оның 676-сы инклюзивті оқумен қамтылған. Сонымен қатар өңірдің 19 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істейді.

Сондай-ақ Назерке Жаукеева 2025 жылы Сенаттың TALDAU алаңында жүргізілген ата-аналар сауалнамасының нәтижелерін таныстырды. Зерттеуге қатысқандардың 91,2 пайызы инклюзивті білім беруді қолдайтынын білдірген. Дегенмен респонденттердің бір бөлігі мектептердің дайындығы мен педагогтердің ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу қабілетіне қатысты алаңдаушылық білдірген.

Баяндама барысында инклюзивті білім беруді дамытуға қатысты өңірлік деңгейде жүзеге асыруға болатын нақты ұсыныстар да айтылды. Атап айтқанда, жаңа мектептердің жобаларын ата-аналар мен мамандардың қатысуымен талқылап, ғимараттарды инклюзивті орта талаптарына сай жобалау, жоғары оқу орындарымен бірлесіп арнайы педагогтер мен логопедтер даярлау, балаларға көрсетілетін қолдаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету және қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру қажеттігі ұсынылды.

Сондай-ақ спикер Семей қаласында салынып жатқан инклюзивті спорт орталығының маңызын атап өтті. Оның пікірінше, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін тек білім алу мүмкіндігін қалыптастыру жеткіліксіз. Олардың спортпен шұғылданып, үйірмелерге қатысып, қоғамдық өмірге белсенді араласуына да жағдай жасалуы тиіс.

«Инклюзивті қоғам тек қолжетімді ғимараттардан емес, ең алдымен, адамдардың көзқарасынан басталады. Сондықтан балалардың бір-бірін құрметтеуіне, ерекшеліктерін түсініп, қабылдауына жағдай жасауымыз қажет», – деп түйіндеді Назерке Жаукеева.

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

15 секунд бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

4 минуты бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

7 минут бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

17 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

17 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

20 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

21 час бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

21 час бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС