"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мерзімінде аяқталмаған жөндеу жұмысы үшін орындаушы жазаланды

28.11.2025
Мерзімінде аяқталмаған жөндеу жұмысы үшін орындаушы жазаланды
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Семей қаласының тұрғыны пәтерін жөндеуді уақытында аяқтамаған жөндеу бригадасына шағымданып, нәтижесінде орындаушы айыппұл төлеп, жұмысты аяқтау туралы ұйғарым алды.

Тұрғын жөндеу бригадасымен (Орындаушымен) 5 500 000 теңгеге шарт жасасқан. Шартта жөндеу жұмыстары нақты мерзімде аяқталуы тиіс екені көрсетілген. Алайда орындаушы өз міндетін дер кезінде орындамаған: жөндеу белгіленген уақытта бітпей қалған, жұмысшылар нысанға сирек келе бастаған.

Тапсырыс беруші бірнеше рет Орындаушыға жүгінген, бірақ нақты нәтиже емес, тек бос уәделер ғана алған.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 34-бабының 1-тармағына сәйкес, орындаушы жұмысты (қызмет көрсетуді) шартта белгіленген мерзімде аяқтауға міндетті. Ал осы Заңның 35-бабының 5-тармағында жұмыс бастау және аяқтау мерзімдерін, сондай-ақ кемшіліктерді жою мерзімдерін бұзғаны үшін, егер шартта өзгеше көрсетілмесе, орындаушы әрбір кешіктірілген күн үшін жұмыс (қызмет) құнының 1 пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге тиіс екені жазылған.

Мерзімдердің сақталмауына байланысты тапсырыс беруші «E-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді.

Өтінішті қарау барысында Департамент қызметкері пәтердегі аяқталмаған жөндеу жұмыстарын растайтын қосымша фото және бейнематериалдарды сұратқан. Тапсырыс беруші ұсынған шарт пен дәлелдемелерді зерделегеннен кейін Орындаушыға қатысты жоспардан тыс тексеру тіркелді.

Тексеру нәтижесінде Орындаушының Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 34-бабы 1-тармағы талаптарын бұзғаны анықталды. Осыған байланысты ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Сонымен қатар Орындаушыға анықталған бұзушылықтарды жою және жөндеу жұмыстарын нұсқамада көрсетілген мерзімде толық аяқтау жөнінде ұйғарым берілді.

Департамент өкілдері, егер бұл талап орындалмаса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-тармағы бойынша жауапкершілік қарастырылатынын еске салады. Аталған нормаға сәйкес, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының заңды талаптарын немесе нұсқамаларын орындамау шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

«Біз азаматтарға жөндеу немесе қызмет көрсету туралы шарт жасасар алдында оның барлық талаптарын мұқият оқып шығуды, жұмыс мерзімін және құнын нақты көрсетуді ұсынамыз. Орындаушы өз міндеттемелерін бұзған жағдайда, тұтынушы біздің департаментке «E-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы немесе Семей қаласы, Абай көшесі, 99 мекенжайы бойынша жүгінуіне болады», – деп атап өтті Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілі.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС