"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТӘУЕЛСІЗДІК – БАҒА ЖЕТПЕС ҚҰНДЫЛЫҚ

22.12.2017
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай театрында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтіп, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Семей қаласының Құрметті азаматы атағына ие болған азаматтарды марапаттады.

— Ардақты ағайын, қымбатты жерлестер! Егемендікке қол жеткізіп, ту тіккен тұғырлы Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Біз үшін азаттықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Бұл — бабалар арманы орындалған ұлы күн. Сол күн – бүгінгі тарих. Жасампаз елдің жаңа тарихы Елбасымен бірге жазылып келеді. Ынтымақ пен бірліктің арқасында Қазақстанды әлем таныды. Сөз жоқ, бұл — қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесі, егемендік пен ерліктің, елдіктің арқасы, татулық пен тұрақтылықтың, теңдіктің табысы. Қазақстанда әрбір азамат жарқын болашағының негізін қалай алады. Елмен бірге Семей де көркейіп келеді. Шаһарымызда 80-нен астам ұлт пен ұлыс өкілі тату-тәтті өмір сүруде. Қоғамдық келісім кеңесі, Достық үйі, 21 этномәдени орталық халыққа қызмет көрсетеді. Қаланың бюджеті артып, жаңа тұрғын үйлер бой көтерді. 1800 орынға арналған екі мектеп пайдалануға берілді. Қала жолдары жаңартылды. Орталық алаң мен саябақтарды абаттандыру жұмыстары әлі жалғасуда. Ертіс жағалауы қайта жөндеуден өтіп, каскадты субұрқақ іске қосылды. Заманауи үлгіде Қарағайлы ықшам ауданы салынуда. Осы уақытқа дейін аз жұмыс жасалған жоқ. Құрметті жерлестер, мұның бәрі Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі. Тағдыр бізге Тәуелсіздікке қол жеткізу бақытын сыйлады. Тарихи міндетті абыроймен атқару – бізге жүктелген қасиетті парыз. Осы жолда Сіздерге толайым табыстар, ынтымақ пен береке тілеймін. Мемлекет тұғыры берік, ел рухы биік, ғұмыры    баянды болсын. Егемен ел мерекесі құтты болсын!- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Қала тұрғындарын мерекемен құттықтаған ша-һар басшысы Семей қалалық мәслихатының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы шешімімен ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының    докторы, профессор Арап Сіләмұлы Еспенбетовке, философия ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есімге және медицина ғылымының     докторы, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, еңбек ардагері, Семей қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қайноллан Мусинге «Семей қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісін табыстады.

— Тәуелсіздік халықтың ғасырлар бойғы аңсары еді. Қаншама жыл бодандықта болса да, қаншама жыл қиян-кескі соғысты көрсе де, қазақ дейтін рухы биік халық өзінің елдігін сақтап қалды. Жігері жасыған жоқ, алдыға қойған мақсаты биіктей берді. Бірақ тәуелсіздікке бастар жол алыс болатын. ХХ ғасырдың басында дәл біздің Семей қаласында «Алаш» партиясы құрылды. Алаш үкіметі де алдына үлкен мақсат қойды. Ол елдің өз алдына жеке мемлекет болуы, ел болуы еді. Бірақ Алашорда үкіметі мен «Алаш» партиясы өз мақсаттарына жете алған жоқ. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі жетістігі – Елбасының жанқиярлық еңбегінің нәтижесі. Тәуелсіздік – әдемі сөз ғана емес, әрқайсымыз түсінуге, ұғынуға, жүрегімізбен сезінуге тиісті қасиетті ұғым. Тәуелсіздікті қастерлеу, ел бірлігіне іріткі салмау – әр азаматтың, әрбір қазақстандықтың басты міндеті. Соңғы екі-үш жылды алып қарасақ, Семейде жаңа өзгерістер орын алды. Көшеміз жарқырады, жолға асфальттар төселді. Бір айдың ішінде екі мектептің іске қосылуы жас ұрпаққа  жасалып отырған қамқорлықтың нәтижесі деп ойлаймын. Алайда біз осымен тоқтап қалмауымыз керек. Осы кеште ең алдымен өз ұжымыма, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіне және оны қолдаған қала әкімі Ермак Бидахметұлына, қалалық мәслихаттың депутаттарына зор алғысымды білдіремін. Табыстан табысқа жете берейік,- деді Семей қаласының Құрметті азаматы Арап Еспенбетов.

Марапаттау кеші мерекелік концертке ұласты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

31.10.2026
Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

Білім – қоғамның дамуы мен елдің болашағын айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың білім алу құқығына кепілдік...

Толығырақ...Details

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

5 часов бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

5 часов бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

6 часов бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

1 день бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

1 день бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

1 день бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

1 день бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

1 день бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

1 день бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС