"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚ ХАЛАТТЫЛАР БІЛІМДЕРІН ШЕТЕЛДЕРДЕ ЖЕТІЛДІРУДЕ

19.01.2018
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына орай, аймағымызда дәрігерлердің шетелдерде тәжірибе жинақтауы мен жоғары технологиялы медициналық қызметті енгізуді қамтамасыз ететін үш жылдық бағдарлама қолға алынған. Осы ретте бағдарламаның орындалу барысы мен «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда атқарылып жатқан жұмыстарға арналып 17 қаңтар күні Семей қаласының өңірлік онкологиялық     диспансерінде баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатына қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары Гүлнар Шарипова және медициналық мекемелердің директорлары мен шетелден тәжірибе жинақтап, біліктіліктерін арттырып келген ақ халаттылар қатысты.

Гүлнар Шарипова республикалық және облыстық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы Семей қаласы бойынша медициналық көрсеткіштердің жақсарғанын айтады.

— 2016 жылмен 2017 жылды салыстырғанда туберкулезге шалдығу 1,4 пайызға,  қан айналым жүйесі аурулары 10, туберкулезден болатын өлім – жітім 15 пайызға төмендеді. Сол сияқты қатерлі ісік ауруларынан өлім-жітім 10 мың адамға шаққанда 134-тен 130 адамға, яғни 3 пайызға, нәрестелердің көз жұмуы 60 пайызға дейін төмендеген. Яғни, нәтиже жаман емес,- деді Гүлнар Айтмұханқызы.

Десе де қатерлі ісікпен аурушаңдық деңгейі төмендемей отыр, 100 мың адамға шаққанда 287 адамнан 318 адамға артқан. Қатерлі ісіктің 60 пайызы 1-ші және 2-ші сатыда анықталып отыр. Бұл — скринингтік және профилактикалық жұмыстардың нәтижесі. Ауруды ерте кезеңде анықтау — скринингтік жұмыстардың басты мақсаты.

— Облыс әкімі жай ғана шетелде білім алу емес, ең мықты медициналық орталықтардан, білікті мамандардан әлемдік стандартқа сай білім алу қажеттігін мықтап тапсырды. Аталмыш бағдарлама, дәрігерлерді оқытумен қатар, заманауи техникамен қамтуды да көздейді,- деген Гүлнар Шарипова облыс әкімінің тапсырмасына орай дайындалған кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарға да тоқталды.

І деңгейлі оқытуда 9 цикл бойынша бастапқы медициналық — санитариялық көмек мекемелерінің 300-ден астам маманы біліктіліктерін арттырса, хирург, акушер-гинеколог, дерматолог, эндокринолог, онкологтар қатерлі ісіктің алдын алу және ерте анықтауға қатысты өз білімдерін жетілдірген.

ІІ деңгейлі оқытуда өткен жылы Семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансері базасында Жапон, Ресей ғалымдарының қатысуымен екі шеберлік сыныбы ұйымдастырылыпты. ІІІ деңгейлі оқыту бойынша онкологиялық диспансерден, Перинаталдық орталықтан, Жедел медициналық жәрдем ауруханасынан — жалпы 28 маман шетелде оқып келген.

Сонымен қатар аталған үш медициналық мекемеге шамамен құны 2 млрд. теңге болатын 400 бірлік заманауи құрал-жабдық, қондырғылар берілген.

Семей өңірлік онкологиялық диспансері директорының орынбасары Мұхтарғазы Тулеутаев бағдарлама аясында облыс әкімдігі арқылы диспансерге құны 588 млн. 400 мың теңге тұратын заманауи медициналық құрылғы келгенін атап өтті. Орталық бөлімдерінің барлығы дерлік онкологиялық науқастарды анықтау мен емдеуге арналған жаңа аппараттармен жабдықталған.

Оқыту бағдарламасы аясында диспансер қызметкерлері Варшавадағы «EURO CENTER MEDICA» клиникасында және Мария Кюри атындағы ұлттық онкологиялық орталықта іс-тәжірибеден өткен. Диспансердің инженер-физигі Дәурен Әділбаев пен радиолог Дәулет Берікбол тәжірибе жинақтау барысында меңгерген білімдерімен бөлісті.

— Қазақстанда радиойодтерапия жоқ, ол Варшавада бар. Біздің радиологиялық орталықта орнатылған қондырғылар теңдессіз, дәл сондай қондырғылар әлем бойынша Польшадан ғана кездесті. Варшавада диагностикалау мен емдеу орталығы бір жерде орналасқан. Бұл артықшылықтар тәжірибе нысанын таңдау барысында басшылыққа алынды,- деген Дәурен Әділбаев өздерінің радиофарм препараттары мен циклотрон өндірісі, радиологиялық медицина тақырыбы бойынша мол тәжірибе жинақтап, қондырғылар бойынша жұмыс істеу біліктіліктерін арттырғандарын айтты.

Перинаталдық орталықтың директоры Архат Дайрбековтің айтуынша, 9 маман (акушер-гинеколог, акушер, анестезиолог, бала дәрігері мен медбикесі) бригадалық әдіспен Лондон қаласында үш ай «Перинаталды ауруларды емдеу мен диагностикалауда жаңа технологияларды қолдану» тақырыбы бойынша оқыған. Англия — жаңа технологияларды енгізу бойынша әлемде көшбасшы мемлекет, әрі ана өлімі де төмен. Мамандар ағылшындардың ең ірі үш госпиталінде болып, біліктіліктерін жетілдірді.

Шетелде оқып, тәжірибе жинақтаған неонатолог дәрігер Валерия Соколова, акушер-гинеколог Салмас Мансурованың айтуынша, ол елдегі перинаталдық жүйе бізге ұқсас, айтарлықтай алшақ емес.

Мұнымен қоса қаламызда ана мен бала денсаулығын сақтау үшін берілген қондырғылар жайлы да мәлім болды.

— Перинаталдық орталыққа 2017 жылы облыс әкімдігі арқылы 1 млрд. 250 млн. теңгеге 358 құрал-жабдық, қондырғылар берілді. Ескі жабдықтар жаңартылып, жаңадан жоғары класты 3 УДЗ аппараттары орнатылды. Ол құрылғы ұрықты зерттеп, жетілуінде ақау болса, анықтап, ерте кезеңде жүктілікті тоқтатуға мүмкіндік береді,- деді Архат Құдайбердіұлы.

Семей қаласының жедел жәрдем ауруханасы директорының орынбасары Ғалия Алибаева бағдарлама аясында Лондон қаласында 9 дәрігердің командалық әдіспен (кардиолог, невропатолог, реабилитолог, анестезиолог, хирург)  8 клиникада оқығанын айтты. Қан айналым жүйесі бойынша өлім-жітім саны ең төмен мемлекеттердің бірі және ең ірі жүрек орталығы осы елде орналасқандықтан, тәжірибе нысаны ретінде Англия таңдалыпты.

— Ағылшындарда инсульт кезінде көмек көрсетудің қаншалықты дамығанына көз жеткіздік. Инсультпен ауыратын науқастарды оңалту жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Елге келген соң инсульт орталығында инсультпен ауыратын науқастар үшін екі үлкен оңалту залын аштық, — деді Ғалия Алибаева.

Ақ халаттылар шетелде жинақтаған тәжірибелерін іс жүзінде пайдалануға дайын екендерін айтып, денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қоса беретіндерін білдірді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС