"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СҰЛТАНБЕКОВ СОҚПАҒЫ

02.02.2018
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аптаның алғашқы күні Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрында педагог, ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, халықаралық Аттила медалінің иегері Мұрат Рақымжанұлы Сұлтанбековтің 80 жасқа толған мерейтойына орай кеш өтті. Кешке қала басшылығы, зиялы қауым өкілдері, ақындар, жазушылар, педагогтер, зерттеуші ғалымдар – жалпы қазақ руханиятын қолдаған қауым қатысты.

 

Мұрат Сұлтанбековтің есімі елге етене таныс. Қос тілдің шебері Абай, Шәкәрім шығармаларын және қазақы иісі аңқыған тағы бірталай еңбектерді орыс тіліне тәржімалаған. Оның еңбектері, аудармалары қазақ әдебиетінің қорына қосылған мол мұра екені даусыз. Аудармашы ақынның өзі шығармашылығының шыңдалуына: «Орыс халқы Абайды білмейді, оқи алмай отыр. Ал біз Пушкинді, Дюманы, Бальзакты өз тілімізде оқи аламыз. Егер Абайды орысшаға аударсақ, қазақ халқының тарихы, әдебиеті мен мәдениеті, ұлттық құндылықтары жан-жаққа дәріптелер еді. Бұл сенің ұлтқа жасаған жақсылығың, сіңірген еңбегің болар еді»,- деген ұстазы Қайым Мұхамедхановтың ықпалы ерекше болғанын айтады.

Мерейлі мезетке жиылған ортада кеш иесінің әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі жайлы кеңінен айтылды.

— Ардақты ағайын, бүгін алдыңғы толқын ағаларға құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. Сол ағалардың бірі, Мұрат аға, Сіз боласыз! Адал еңбектің арқасында халықтың алғысын алған асыл азаматсыз. Біз Сізді мақтамаймыз, Сізбен мақтанамыз. Ғұмырлы болыңыз, ешқашан жамандық көрмеңіз,- деп тілегін жеткізген қала басшысы Ермак Сәлімов қазақы дәстүрмен Мұрат Сұлтанбековтің иығына шапан жауып, ақынның жарына ақ орамал мен камзол кигізді. Сонымен бірге қала басшысы Мұрат Рақымжанұлын ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапаттады.

— Мұрат Рақымжанұлы өзінің еліне, Отанына, халқына адал қызмет етті. Оның шығармашылығы — ақындық, аудармашылық еңбектері, ғылыми жұмыстары бізге үлгі-өнеге,- деген Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры Арап Еспенбетов аталмыш университет ректоры Мейір Ескендіровтің ыстық сәлемін жеткізіп, кеш иесіне Шәкәрім медалін табыс етті.

Республикалық «Абай» журналының редакторы Мұратбек Оспанов: «Абай, Шәкәрім шығармаларын орыс тілінде сөйлету үлкен еңбек деп білемін»,- дей келе, тәржімаларында қазақы болмыстың бояуын жоғалтпай, реңді етіп беруі аудармашының ерекшелігі екенін  баса айтты.

Салтанатты рәсімге кеш иесінің шығармашылық һәм достық байланыстағы ресейлік әріптестері де арнайы келіп қатысты.

— Ресей Жазушылар одағы Мәскеу қалалық ұйымының басқарма төрағасы Мұрат Сұлтанбековті 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Деніңізге саулық, отбасыңызға бақыт, шығармашылығыңызға шабыт тілейді. Шекараны білмейтін әдебиет жолында қажырлы еңбек ете беріңіз!– деп, Ресей Жазушылар одағы Мәскеу қалалық ұйымының басқарма төрағасы Владимир Бояриннің ыстық ықыласын жеткізген ресейлік жазушы Александр Кузнецов өзінің тілегін де білдірді.

— Құрметті Мұрат Рақымжанұлы, Сіз екеуіміз ұзақ жылдардан бері таныс-біліспіз. Сіз әрдайым адал ақ көңіліңізбен, туа біткен талантыңызбен, жоғары таным көкжиегіңізбен, зияткерлігіңізбен дараланатын дегдар жансыз. Біз оқырман ретінде әлі де тың туындылар күтеміз. Шығармашылығыңызға шабыт тілеймін!

Кеште Мұрат Рақымжанұлының тұлғалық бейнесі тағы бір мәрте айқындала түскендей болды. Әсем ән мен тәтті күйге кезек беріліп, өлең де оқылды.

Бұл — Сұлтанбеков соқпағы…

 

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

23 часа бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

23 часа бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

23 часа бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС