"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ермак СӘЛІМОВ: ӨТКЕН ЖЫЛ ТАБЫСТЫ БОЛДЫ

02.02.2018
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі, 30 қаңтар күні Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімовтiң тұрғындар алдындағы 2017 жылды қорытындылаған есеп беру кездесулері басталды. Шульбинск кентінен бастау алған есеп беру кездесулері Новобаженово, Приречный, Озерки ауылдарында өтіп, 31 қаңтар күні өз жалғасын Шаған кенті, Жиенәлі, Достық, Ертіс ауылдық округтерінде тапты. Кездесуге ауыл тұрғындары, ұстаздар мен дәрігерлер және әкімшілік қызметкерлері қатысты.

Қала әкімі Ермак Бидахметұлы кездесулерде өткен жылы атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер жайында жан-жақты айта келіп, алда тұрған міндеттерге де тоқталды.

Шүлбі кенті

Шүлбі кентінде шаһар басшысы өткен жылдың табысты аяқталғанын айтып, алда атқарылар жұмыстар жайын тарқата сөз етті. Елбасының биылғы Жолдауында алға қойылған нақты міндеттер төңірегінде ой өрбітті. Жолдауға сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың жергілікті басқаруға берілуі Семейдегі 6 округті қамтып отырғанын, сондықтан кент пен ауыл әкімдері өз бюджеттерін орынды жұмсауы қажеттігін қадап айт-ты. Шүлбіліктер қойған түрлі әлеуметтік сипаттағы сауалдарға қалалық әкімшіліктің бөлім және арнайы мекемелердің басшылары тұшымды жауаптар берді.

Кент әкімі Кенжебай Ақанұлы Байғожинов тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар мен қолға алынатын шаруаларға қатысты мәселелерді кеңінен сөз етті.

Кент тұрғындары атынан шығып сөйлеушілер қала және кент әкімінің 2017 жылы атқарған жұмыстарына жоғары баға берді.

Қазір Шүлбі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қайыра түлеу үстінде десек, артық айтпаймыз. Бұл арада жергілікті қолөнерші, Шүлбі орта мектебінің мұғалімі Әсет Раулұлы Қуандықов ұлттық және заманалық қолөнер бұйымдарын жасауда үш бірдей үйірме жүргізіп, қолының ебі бар шәкірттерді баулуда. Әсеттің шәкірттері жасаған бұйымдар алыс-жақын шетелдерде сұранысқа да ие екен. Өңірде Лимара Тұрғымбаева жетекшілік ететін «Асыл мұра» театр үйірмесі жұмыс істейді. «Балдәурен» балалар ансамблі өз өнерімен жерлестерінің көзайымы болып жүргенін айта кеткеніміз орынды. Бұдан бөлек «Забавушка» орыс халық ансамблі мен жергілікті казак қауымдастығының «Вольница» тобы да танымалдыққа ие. Өзге этнос өкілдерінің өнер ұжымдарының республика аймағынан тыс жерлерде өнер көрсетуіне Н.Миникеева, В.Төлеубаева, Н.Кучерова, И.Ковальчук сынды жергілікті кәсіпкерлер демеушілік етуде, әрі аталған кенттік бизнес өкілдері Шүлбідегі барша іс-шараларға өз көмек қолдарын созуға дайын тұратындары көңіл қуантады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда ісі мен сөзі бір жерден шығып отырған Шүлбінің қазіргі таңда тек қана алға басып келе жатқанына көз жеткіздік.

 

Новобаженово ауылдық округі

 

Қала әкiмi Ермак Бидахметұлы ауылдық округ орталығындағы А.Ибраев атындағы орта мектептің мәжiлiс залында өткен есеп беру жиынының шымылдығын ашып, сөз кезегін     Новобаженово ауылдық округі әкімі Кенжетай Әбрешұлы Өміртайға берді. Ауыл әкімі бір жылда атқарылған істер туралы егжей-тегжейлі тоқталып, ауыл тұрғындарының әл-ауқаты жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын, ондағы жұмыссыздар санының азайып, әлеуметтік нысандар жаңарғанын, алда тағы да атқаратын жұмыс көп екенін айтты.

— Біздің елдің Тәуелсіздік алғанына 26 жыл ғана болды. Аз уақыт ішінде бірталай белестерді бағындырдық. Мұны ауыл тұрғындары да біліп отыр. Бірлік бар жерде, тірлік бар. Халықтың еңбексүйгіштігі, ынтымағы бәрімізді алға жетелейді. Біз ел үшін қызмет етеміз,– деп ауыл әкімі өз сөзін түйіндеді.

Өз кезегінде қала әкімі өңірдің экономикалық, рухани дамудың даңғыл жолына түскенін, бизнес жанданып, Семейдің серпінді дамып келе жатқанын айрықша атап өтті. Ермак Бидахметұлы қала бюджетінің кіріс бөлігінің 120%-ға артқанын, қаржыны игеру 100%-ға орындалғанын да атап өтті. Өйткені бұрындары игерілмеген қаржы кері қайтарылып келді. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің басшылығымен қабылданған 3 жылдық жоспар атқарылар жұмыстардың осылайша өрістеуіне негіз болды. Қаланы дамыту, құрылыс және жол жөндеу осы үш жылдық жоспар аясында жүзеге асады.

Приречный ауылдық округі

Қала әкімінің есепті кездесуі түстен кейін, алдын ала түзiлген кестеге сәйкес, Приречный ауылдық округі орталығындағы мектепте жалғасын тапты. Алдымен есеп беру жиыны Приречный ауылдық округінің әкімі Алғатай Байдомалақовтың баяндамасын тыңдаудан басталды. Ауыл әкімі 2017 жылды қорытындылай отырып, өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жақсарып, тұрақты өсім мен дамуға қол жеткізгендерін айтты. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Адият» ЖШС директоры Болатқан Нұританұлы Жарқын ауылына қаржылай көмек көрсетіп, биыл мешіт салып бермекші. Қайырымдылық айлығы кезінде ауылдық округтің ірі кәсіпорындары тарапынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған 51 жанға 359 мың теңгенің көмегі көрсетіліпті.

Ауылдық округте асыл тұқымды мал басын көбейту ісі қызу қолға алынып жатыр. Жергілікті ЖШС пен шаруа қожалықтары 341 бас ірі қара сатып алып, мал тұқымын асылдандыруды бастаған екен. Жалпы ауылдық округ бойынша алынған субсидия көлемі 265 млн. 942 мың 700 теңгені құраса, оның 166 млн. 688 мың 700 теңгесі егін және бақшалыққа тиесілі. «Жер емген жұтамайды» деген халық даналығын Ертістің бойында отырған ауылдықтар жақсы ұғынып отыр. Мұздыбай ауылындағы «Мұздыбай-1» шаруа қожалығы  екі пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап отыр. Бұл құрылыс шығыны 172, 608 мың теңгені құрайды.

Бұдан соң сөз алған шаһар басшысы Ермак Бидахметұлы өткен бір жыл ішіндегі Семей аймағында атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Ауылдық округ тұрғындары егінмен, мал өсірумен айналысатын шаруалардың саны көбейіп отырғанын жеткізген қала әкімі бұл салаға қолдау көрсету тоқтамайтынын да баса айтты.

Қала әкімі өз сөзінде соңғы үш жылда етті және сүтті мал шаруашылығын дамытуға Үкімет тарапынан 3 млрд. 200 млн. теңге бөлінгенін атап өтті. Десе де өткен жылы бұл бағыттағы қаржыландыру 24%-ға азайғанын да жеткізді. Ауыл шаруашылығының даму көрсеткіші 7,5%-ға өсіп, ет өндіру Абыралы, Знаменка, Ақбұлақ, Приречный ауылдық округтерінде артса, керісінше, Шаған, Достық және Жиенәліде едәуір кеміген екен.

— Жағдайдың бұлай болуы түсіндіру жұмыстарының аздығынан, сондықтан «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары өңір бойынша жөнді жұмыс істемейді. Мал басын азайтуымызға болмайды. Сүт өндіру жандана бас-тады. Былтыр 2 сүт фермасы, 2 сүт қабылдау пункті ашылып, ел игілігіне берілді,- деді бұл бағыттағы атқарылған жұмыстарды саралаған Ермак Бидахметұлы.

Осы ауылда өткен есеп беруден кейін тұрғындар тарапынан қойылған әлеуметтік  және экономикалық сипаттағы сауалдарға, қала әкімімен қатар, тиісті бөлім басшылары да өз жауаптарын берді.

Озерки ауылдық округі

Ермак Бидахметұлының бірінші күнгі есептік кездесуі Озерки ауылда түйінделді. Алдымен Озерки ауылдық округінің әкімі Бақытжан Нұғымановтың тұрғындар алдындағы есебі тыңдалды. Ауыл әкімі атап өткендей, округте 110 шаруа қожалығы бар. Олардың 49-ы егін шаруашылығымен айналысады. Ауылдық округте 4 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылыпты. Жергілікті диқандар жер жағдайы мен күн райына байланысты тамшылатып суару әдісін кеңінен пайдаланады. «Лань», «Кирилл», «Хан», «Қайырхан» шаруа қожалықтары осы әдіспен егін егіп, шаруасын дөңгелетіп отырған жайы бар. Талица ауылындағы «Арғын» шаруа қожалығы 2 млн. теңгеге көктемде көкөніс өсіретін жылыжай салып, өзгелерге үлгі бола білді. Құс етін өндіру бағытында да ауылдық округте нақты жұмыстар атқарылуда. Ел экономикасының басты драйвері саналатын ауыл шаруашылығы саласына жан – жақты тоқталған Ермак Бидахметұлы Семей өңірінде құрамына 826 адамды қамтыған 25 кооператив құрылып отырғанын атап өтті.

— Жұмыссыздық деңгейі де 5%-ға төмендеп отыр. Нәтижелі жұмыспен қамтуға 630 адам тартылды. Семей өңірі бойынша ветеринарлық қызметті жандандыруға байланысты барлық ауылдық округтерде мамандар бар. Ветеринарлық қауіпсіздік ұлт денсаулығының кепілі екенін  ұмытпауға тиіспіз. Қолда бар мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда ауылдық жерде 129 жұмыссыз адам бар. Жұмыссыздар санын азайту — ауыл әкімдері қолға алатын негізгі мәселе,- деді қала әкімі есептік кездесуде.

Осы күнгі төрт ауылдық округте өткен есеп беру кездесуінде Ермак Бидахметұлы, өткен жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен талдау жасаумен қатар, Елбасы Жолдауынан туындайтын мақсат – міндеттерге да баса назар аударды. Жалпы, Семей өңірі әлеуметтік — экономикалық даму көрсеткіштері бойынша Шығыс Қазақстан облысында алдыңғы орында. Ол, тұтастай алғанда, жұмыссыздықтың алдын алу, тұрғын үй, бюджеттік салықтар мен түсімдер көлемі, негізгі капиталға тартылған инвестиция, инновациялық бастамалар. Осының барлығы қала әкімінің есеп берулерінде толықтай көрініс тапты. Әр кездесуде Ермак Бидахметұлы ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырмалар да жүктегенін айта кеткен жөн.

Ал 31 қаңтар күні қала әкімінің есептік кездесуі Шаған кенті және Жиенәлі, Достық, Ертіс ауылдық округтерінде жалғасын тапты.

Шаған кенті

Шаған кентінде өткен есеп беру жиынында Ермак Бидахметұлы 2017 жылды қорытындылап, алда тұрған міндеттерге тоқталды. Өткен жылы бюджеттің кіріс бөлігі 120 пайызға орындалып, қаржыны игеру 100 %-ды құрағанын айтқан шаһар басшысы мұндай жағдайдың бұрын Семейде болмағанын атап өтті.

— Бұрын бөлінген ақша уақытында пайдаланылмай бюджетке қайтарылатын. Бұған жыл басында облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірлесе қабылданған үш жылдық жоспар пайдасын тигізді. Жоспарды ҚР Премьер-министрінің алдында қорғадым. Қазір Даниал Кенжетайұлының тұрақты бақылауында. Қаланы дамыту, жол жөндеу, құрылыс жүргізу – бәрі осы жоспар аясында жүреді. Қарағайлыда тұрғын үйлер, балабақша, спорт нысандары салынып жатыр. Барлық коммуникациялар тартылған. Жалпы, қалада 20 үй пайдалануға берілді. 608 отбасы баспаналы болды. «Нұрлы жер» бағдарламасымен Ақсай ауданында жеке үйлер сала бастаймыз. Арнайы тізім бойынша кез келген адам қатыса алады.

Кент әкімі Талғат Құмаров айтып кеткендей, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ресурстарының болмауынан, кентте шаруа қожалықтары жоқ. Қала экономикасына кенттің аграрлық секторы үлес қосуда. Мал шаруашылығы халықтың қосалқы шаруашылығы ретінде дамып отыр. Жалпы мал басының саны 2017 жылмен салыстырғанда 135 басқа азайған. Бірақ, осыған қарамастан, халықтың әл-ауқаты деңгейінің жақсаруы байқалады. Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында өткен жылы кенттің бір тұрғыны ірі қара мал басын көбейту үшін 3 млн. теңге шағын несие алған. 2016 жылы кентте жер асты суының қорын қамтамасыз ету мақсатында іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы рәсімдеу бойынша дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Әлеуметтік салада «Болашақ», «Жасыл ел», «Дипломмен — ауылға», «Жастар тәжірибесі» сынды мемлекеттік бағдарламалар бойынша жас-тар жұмысқа орналасып, кенттің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

Кезекті есеп берулерден соң тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарға құлақ түрген шаһар басшысына ауыл жұртшылығы ең алдымен мектеп жайын сөз етті. Бір қабатты ескі білім ошағының қазіргі стандартқа сай емес екенін алға тартқан тұрғындар әсіресе спорт залды жарақтандыруға көңіл бөлуді өтінді.

Бүгінде Шаған кентіндегі жалпы орта білім беретін №24 мектепте 61 бала білім алса, 9 бала мектепалды даярлық тобында оқып жүр. Мектептегі кабинет санының аздығынан, мұнда шағын орталық та, асхана да жұмыс істемейді екен. 2017 жылы сметалық құны 230 мың теңге тұратын жиһаз алынып, 500 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Мәселені назарына алған Ермак Бидахметұлы білім бөліміне бірқатар кабинеттерді қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартуға тапсырма берді.

Кездесуде коммуникациялық желілер мәселесі де сөз болып, шешу жолдары айтылды. Мәселен, тұрғындар ауа райының қолайсыз күндері, телемұнараның қозғалуы салдарынан, кабельді теледидардағы екі каналдың да апталап көрсетпей қалатынын сөз етті. Ермак Бидахметұлы бұл мәселенің де биылғы жылдан қалмай шешімін табатынын атап өтті.

Жиенәлі ауылдық округі

Шаған кентінен кейін Жиенәлі ауылдық округіне ат басын бұрған шаһар басшысын ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігімен округ әкімі Гүлжан Сыздыханова таныстырды.

Жиенәлі ауылдық округінің аумағына Бөкенші және Маралды ауылдары кіреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша округтің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсуін байқауға болады. Округтің негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы. 44 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 40 шаруа қожалығы, 4 жеке кәсіпкерлік бар.

Округ әкімі атап өткендей, Жиенәліде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жұмысы ұдайы жүргізіліп отырады. Өткен жылы «Зағитов», «Еркебұлан», «Қабанбай», «Қондыбай», «Жарқын» шаруа қожалықтары ірі қара малды асылдандыру, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс істеген. Ал 2018 жылы округте шағын және орта бизнесті дамыту, Бөкенші ауылында «Жеңіс» саябағын абаттандыру мен жарықтандыру, мал сою алаңын салу жоспарлануда.

— Былтыр мектептерді жөндеуден өткізуге 21 млн. теңге бөлінді. Биыл қосымша 9 мектеп жөнделеді. Атап айтқанда, Ыбыраев, Бегалин, Быхин, Исадилов атындағы мектептер және Шульбинск, Шақаман, Ақбұлақ, Озерки, Приречное ауылдарының мектептері. Ауылдардағы Мәдениет үйлері қысқарған жоқ. Биыл барлығына сахна киімі тігіледі. Музыкалық құрылғылары жаңартылады. Былтыр Қайнар Мәдениет үйінің төбесі жөнделді, биыл ішкі жұмыстарына 14 млн. теңге бөлініп отыр. Жастарды спортқа тарту үшін спорт мектебі жанынан ауылдарға 14 адамға штат бөлдік. Оның ішінде Жиенәлі ауылдық округі де бар. Олар ауыл жастарымен тұрақты жұмыс жүргізуі керек,- деген Ермак Бидахметұлына Бөкенші ауылының тұрғындары көшеге электр жарығын тартуға қатысты өтініш-тілектерін білдірді.

Достық ауылдық округі

Достық ауылдық округіндегі есептік кездеу Шақаман ауылында өтті.

— Былтырғы есептік кездесуде біраз мәселе айтылды. Ауыл тұрғындары су мен жол жайын айтып, емхана, мектеп, клуб сынды әлеуметтік мәселелерді де көтерген болатын. Биыл Қайнар мен Новобаженовода су мәселесі шешіледі. Абыралы, Мұқыр, Шақаманда су тартуға құжат әзірленіп жатыр. Жалпы бөлінген қаржы 1 млрд. теңгеге жуық. Мұндай қомақты қаражат ауылдағы су мәселесін шешуге ешқашан бөлінген емес. Семей — Қайнар тас жолының 12 шақырымы жөнделді. Жұмыс биыл жалғасады. Облыс әкімі бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп отыр. Денсаулық сақтау саласы да тұрақты бақылауда. Ауылдарда 1 аурухана, 1 фельдшерлік бекет, 10 амбулатория, 11 медициналық пункт жұмыс істейді. Қайнарға 47 млн. теңгеге рентген аппараты алынды. Ереже бойынша, бір дәрігерге 2200 адам бекітілуі керек. Біздегі жағдай 400-500 адамнан аспайды. Әсіресе Абыралы өңірінде. Бірақ сол елдің жағдайын біле тұра, қысқартуға жол берсек, дұрыс болмайды деп ойлаймын. Сондықтан барлық кадрлар өз орындарында қалады,- деді Ермак Сәлімов Достық ауылдық округі тұрғындары алдындағы есебінде.

Қала әкімі атап өткендей, Шақаман ауылы тұрғындарының қалған бөлігін орталықтандырылған су жүйесіне қосу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірлену үстінде.

Ертіс ауылдық округі

Қала әкімінің екінші күнгі есептік кездесуі Ертіс ауылдық округінде түйінделді. Кездесуде  Ертіс ауылдық округінің тұрғындары Мұқыр ауылындағы ауыз су мәселесі мен 3 шақырым болатын округ орталығына ұзақтықтағы кіреберіс жолды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, Мұрат ауылындағы кіреберіс жолды жөндеу сынды түйінді проблемаларды шаһар басшысы Ермак Сәлімовтің назарына ұсынды.

— Мұқыр өзеніндегі көпірдің жағдайы сын көтермейтін. Қаржы бөліп, күрделі жөндеуден өткіздік. Қазіргі уақытта аталған ауылға су тарту үшін тиісті құжаттар дайындалу үстінде.  Жасыратыны жоқ, жолдың жайы өте күрделі. Ауылды қойып, қаланың өзіне көп қаражат қажет. Былтыр Семейдің орталық көшелері жөнделді. Биыл да жалғастырамыз. Облыс әкімі қолдап отыр. Қаражыра, Қайнар, Семей — Талица, Омбы — Майқапшағай жолдары, Шүлбі, Знаменка, Новобаженово, Мұздыбай, Приречное, Мұқыр, Мұрат ауылдарына кіретін жолдар да биыл жөнделеді,- деді кездесу кезінде шаһар басшысы.

Ауылдағы ағайын көкейкесті мәселелерін көтере отырып, Семей өңірі үшін өткен жыл табысты болғанын айтып, қала әкімінің жұмысын жоғары бағалап, ақеділ тілектерін білдіріп жатты.

Айта кетейік, қала әкімінің есептік кездесулері 1 ақпан күні Знаменка, Айнабұлақ, Ақбұлақ ауылдарында, жұма, 2 ақпан күні Алғабас, Қараөлең, Абыралы ауылдық округтерінде өтті.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ,

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абайлық оқушылар AI олимпиадасында күміс жүлде алды

04.11.2025
Абайлық оқушылар AI олимпиадасында күміс жүлде алды

Semeytany.kz – Алматы қаласында өткен халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) байқауында Абай облысының Білім-инновация лицейінің командасы жалпыкомандалық есепте ІІ...

Толығырақ...Details

Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жөнінде кездесу өтті

04.11.2025
Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жөнінде кездесу өтті

Абай облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты...

Толығырақ...Details

2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енбек

04.11.2025
2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енбек

Елімізде келесі жылдан бастап салық жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласы...

Толығырақ...Details

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржарда 14 шақырым жол жөнделді

04.11.2025
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржарда 14 шақырым жол жөнделді

Үржар ауданында жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Ағымдағы жылы Жоғарғы Егінсу ауылына кіреберіс 3,5 шақырымдық жол...

Толығырақ...Details

Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

03.11.2025
Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы хабарлайды: 2025 жылғы 1 қарашадан бастап Семей қаласындағы №2 халыққа қызмет...

Толығырақ...Details

«Қатты ұяламын»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында жылап жіберді

03.11.2025
«Қатты ұяламын»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында жылап жіберді

Қарағандыда 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды деген айыппен қозғалған сот ісі аяқталуға жақын. Іс қысқартылған...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда алдағы уақытта еттің келісі 15-20 мың теңгеге дейін өседі – Сарапшы

14 часов бұрын

Абайлық оқушылар AI олимпиадасында күміс жүлде алды

14 часов бұрын

Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жөнінде кездесу өтті

17 часов бұрын

2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енбек

17 часов бұрын

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржарда 14 шақырым жол жөнделді

17 часов бұрын

Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

1 день бұрын

«Қатты ұяламын»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында жылап жіберді

2 дня бұрын

Оқу-ағарту министрі Абай облысындағы мектептер мен балабақшалардың жағдайын көрді

2 дня бұрын

Жұмысшы мамандықтарының беделі: Абай облысында жоспар межесі нақтыланды

2 дня бұрын

Жастарды қолдау мен бұқаралық спорт: Абай облысында нақты шаралар белгіленді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС