"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІЗ – АСТАНА ҚҰРДАСТАРЫМЫЗ!

06.02.2018
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

1 ақпан күні қалалық Достық үйі ұжымының ұйымдастыруымен, елордамыздың 20 жылдық мерейтойына орай, «Біз – Астана құрдастарымыз!» атты патриоттық акция басталды. Акция аясында дөңгелек үстел өтіп, оның маңыздылығы түсіндірілді.

Оған ұйымдар мен мекемелердің басшылары, қала жастары, Астана құрдастары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» қатарына есімдері енген Асылбай  Абылайхан мен Олег Пименев қатысты.

Достық үйінің директоры Берік Көпбаев акцияның мақсатына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі:

— Бұл акцияның мақсаты — елордамыз Астана қаласының 20 жылда қол жеткізген жетістіктерін саралау, әлем көз тіккен әсем қаламыз бар екенін жас ұрпақтың санасына сіңіру және оларды патриоттық рухта тәрбиелей отырып, Астана қаласын көркейтуге әрі қарай да атсалыса беруге шақыру. Қымбатты Астананың құрдастары! Еліміздің патриоттары болатындарыңызға сенім білдіре отырып, сәттілік тілеймін!– деген Берік Көпбайұлы Еуразия кіндігінде орналасқан әсем қаланың қысқа мерзімде дүние жүзі көз тіккен ару қалаға айналғанын және бұл қала тікелей Елбасының төл туындысы екенін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында бас қала жайлы пайымды пікірлер айтылып, Астананың құрдастары өз өнерлерін көрсетті. Олардың айтуларынша, бас қаланың құрдасы болу үлкен қуаныш сыйлайды әрі жауапкершілік жүктейді.

— Бүгін елордамыздың мерейтойына орай арнайы акция ұйымдастырылып отыр. Бұл шараға мен де қолдау танытып, өнер көрсету арқылы өз үлесімді қоспақпын. Астана – еліміздің жүрегі, ол бар болғаны 20 жылдың ішінде ғажайып қалаға айналды. Бас қаланың құрдасы болу үлкен бақыт және жауапкершілігі де жоқ емес. Себебі күн санап көркейіп келе жатқан көркем қала сияқты біз де әрдайым бойымызға тәрбие, білім нәрін сіңіріп, заманауи техника мен технологияны меңгеріп, өнерімізді дамытып, бас қаланы гүлдендіруге үлес қосуымыз керек,- деді М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің 3-ші курс студенті Талант Қыдырмоллаев.

— Астананың құрдасы болғанымды мақтан етемін. Мен 1998 жылдың 16 желтоқсанында, Тәуелсіздік күні тудым. Еліміз үшін аса маңызды күні туғаным үшін де қуаныштымын. Сәт санап көркіне көрік қосып келе жатқан қаланы жақсы көремін, ол – армандар қаласы!- деді студент Ұлжан Таир.

Акция тарихи-өлкетану музейінде, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде жалғасын тапты. Достық үйі ұжымының айтуынша, акцияға белсене қатысқан Астана құрдастары бас қалаға барып, оны тамашалап қайтуға мүмкіндік алады. Қорытынды шара желтоқсан айында ұйымдастырылып, әрбір белсенді оқу орнына Кубоктар тапсырылмақ.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

04.11.2026
Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында су ресурстарының тапшылығын болдырмау және...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

04.11.2026
Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

Адам денсаулығы – қоғамның әл-ауқаты мен ел дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан медициналық көмекке қол жеткізу және денсаулықты қорғау мәселесі...

Толығырақ...Details

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

04.11.2026
Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптары, валюталық түсімді...

Толығырақ...Details

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

10 минут бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

33 минуты бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

45 минут бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

2 часа бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

23 часа бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

1 день бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

1 день бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

1 день бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

1 день бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС